Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі
Ұлтымыздың қалыптасуы, ұлттық сананың бастаулары арғы түркі заманына, терең тарих қойнауына жетелейді. Сол себептен, осы түркі тілдес халықтардың туыстығы мен бірлігін айшықтайтын тарихи-мәдени ортақ жазба мұраларды бүгінгі күні бір арнада зерттеп-зерделеуге назар аударылды
Қазіргі тарихымыз орта түркі дәуірінен кейін түркі тілдес халықтардың қалыптасу дәуірінде өз алдына жеке отау тігіп, жеке ұлт ретінде тарих сахнасына шыққаны белгілі. Сол себептен түркі халықтарына ортақ ауыз әдебиеті үлгілері мен тарихи жазба мұралар қазақ ұлтына да тиесілі болып саналады.
Түркілік мұраны зерттеудің маңызы туралы аз айтылып-жазылып жатқан жоқ. Өйткені оны зерттеп-зерделеу арқылы халық тарихын, жады мен ой-санасын, таным-түсінігін, этникалық ұқсас қауымдастықтардың белгілі бір тарихи-мәдени кеңістіктегі тұрмыс-тіршілігін, өркениетін анықтауға болады. Осылардың тағлымдық жағы да назар аударуды қажет етеді. Бұл бағыттағы ізденістер, әлі де болсын, ортақ арнасы мен шешімін күтуде.
Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар екенін пайымдаймыз.
Жалпы түркілік ауыз әдебиеті – ықылым заманнан бері атадан балаға ауысып келе жатқан көненің көзі, сол сияқты ежелгі және орта ғасыр (VII – XVI) жазба ескерткіштері де түркі халықтары тілі қалыптасу дәуіріне дейін жазылған әдеби-рухани ортақ мұралар.
Оларға Орхон-Енисей, Талас жазбаларын, ұйғыр жазуының нұсқаларын, «Дивани лұғат ат-түрік», «Құдатқу білік», «Хұсрау мен Шырын», «Мұхабат-наме», «Гүлстан бит-түрки», «Нахадж әл Фаради», «Қисса сул-Әнбиә» сияқты т.б. оғыз-қыпшақ тілінде жазылған мұраларды жатқызып жүрміз. Осы жазба ескерткіштер әрі әдеби-тілдік дерек, әрі тарихи-танымдық дерек, әрі рухани әдеби-мәдени құндылық ретінде XVIII ғасырдан бастап зерттеліп келеді. Әсіресе, тарихи-тілдік материал, көне әдебиет нұсқасы ретінде біршама кең ауқымда зерттеліп-зерделенді. Бұл бағытта түркітанушылар: В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.М.Иль-минский, Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, С.Е.Малов, А.Н.Кононов, Ф.Г.Исхаков, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев сияқты т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Түркітанудың кең өріс алып дамуына қазақ ғалымдары да ай-тарлықтай ат салысты. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Ш.Сәтпаева, Ә.Құрыш-жанов, М.Томанов, Ә.Ибатов, Ә.Қайдаров, А.Аманжолов, Н.Келім-бетов, С.Қасқабасов, Қ.Өмірәлиев, А.Егеубаев, А.Қыраубаева, Ш.Ыбырай сияқты т.б. қазақ ғалымдары көне түркі жазба ескерткіштерінің жанры, әдеби-көркемдік ерекшеліктері, дүние-танымдық сыр-сипаты, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, әдеби тіл тарихы, этнолингвистика мәселелеріне қатысты іргелі еңбектер жазып, түркітануға сүбелі үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |