Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы) Біз салыстырып тексергелі отырған Қазақстан мен Орта Азия тілдері түркі тілдерінің әр түрлі группасына жатады. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері — қыпшақ; өзбек, ұйғыр тілдері — қарлұқ; түрікмен тілі — оғұз группасына кіреді. Біз осы тілдерді салыстырып зерттеу арқылы қалған түркі тілдердің генетикалық байланысын да анықтауымыз киын емес. Өйткені бұл тілдер қалған түркі тілдерімен де тығыз байланыста болды. Түркі тілдері біршама толық қамтылған классификациялар қатарына 1882 жылы жасалған В.В.Радловтың жіктеуі жатады. Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі: - Түркі тілдері біршама толық қамтылған классификациялар қатарына 1882 жылы жасалған В.В.Радловтың жіктеуі жатады. Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі:
- 1)Шығыс группа (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т. б. тілдер);
- 2)Батыс группа (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері);
- 3)Орта Азия группасы (ұйғыр, өзбек тілдері);
- 4)Оңтүстік группа (түрікмен, азербайжан, түрік т. б. тілдері).
- Бұған қосымша В. В. Радлов бұл тілдердің фонетикалық өзгешелігіне тоқтаған, ал этникалық жағын есепке алмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |