Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Елжашева Айымгуль Бекболатовна №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



бет1/5
Дата24.01.2024
өлшемі43.85 Kb.
#489605
түріСабақ
  1   2   3   4   5
1-сабақ М.Дулатов Бақытсыз Жамал романы Елжашева


ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Елжашева Айымгуль Бекболатовна №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 8 - сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3 - тоқсан, 1- апта, № 1- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

М.Дулатов – алғаш роман жазған қаламгер.

Оқу мақсаттары:

Т/Ж 1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологті анықтау.

Сабақ мақсаты:

  • Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологін анықтайды.

Бағалау критериі:

  • Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының сюжеттік желілерін, эпилог пен прологін анықтау.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «М.Дулатов – алғаш роман жазған қаламгер»
Бүгінгі сабақта:
Сенің меңгеретінің:

  • Романның эпилог пен прологін табасыз.







Видео, кесте, презентация т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ

Балалар,«Бақытсыз Жамал» романының қысқаша аудио мазмұнын тындап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді?

  • Романда қай тарихи кезең суреттелген?

  • Не себепті автор романды «Бақытсыз Жамал» деп атаған?




М.Дулатов «Бақытыз Жамал» https://kitap.kz/audiobooks/baqytsyz_zhamal

5-15 минут



Сабақ ортасы

1-тапсырма.Үзіндідегі сюжет желісі бойынша тақырыптарды сәйкестендір

Шығармадан үзінді

Сюжет тақырыбы

Сәрсенбай бағзы уақытта ѳзі де һәм жаны ашитын жақындарының сѳзімен де бала үшін бір тоқал алуды ойласа да, Қалампырдан аса алмай, әне-міне деп жүруші еді.

Қалампырдың келісімі



Бір күні бір мәжілісте отырған уақытта бір құрдасының қымыз ішіп қызып отырып, әзілмен болсада, шынымен болса да сѳз арасында: «Әй, қубас! Сонша малды айдап жүріп, дұрыстап зекет бермейсің, қажыға бармайсың, кім үшін жинап жүрсің? Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың», - деген сѳзін естіп, ол күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сѳйлеспестен жатып қалып еді.

Тоқал алуда Қалампырдан аса алмады.



He қылсаңдар ықтияр. Әуелінде де мен тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?!-деп түсі бұзылып, үйден шығып кетті.



Сарсенбайдың Шолпанды айттыруы

Мұнан кейін кѳп уақыт ѳткізбей, Сәрсенбай бір қыз айттырды. Сәрсенбайдың айттырғаны осы молланың қызы Шолпан еді. Шолпанның жасы он тѳртке жетіп тұрған соң, Сәрсенбай малын түгел беріп, келер жылында алып та қойды



Сарсенбайдың Шолпанды айттыруы

Қалампыр әр уақыт Шолпанды күндестікпен сѳзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.



Жамалдың дүниеге келуі

Шолпан он жеті жасқа келгенде, манағы Сәрсенбайдан топ ішінде сүйінші сұраған қыз бала тауып, Сәрсенбай қырық беске келгенде ғұмырында кѳрген 5 баласы осы еді.

Күндестік

Дескриптор:



  • Оқушылар оқулықтағы «Бақытсыз Жамал» романын оқып танысады.

  • Сюжеттік желісіне талдау жасайды.

  • Шығармадағы үзіндіні сюжеттік тақырыппен сәйкестендіреді.

Өзіңді тексер. Ықтимал жауап

Сәрсенбай бағзы уақытта ѳзі де һәм жаны ашитын жақындарының сѳзімен де бала үшін бір тоқал алуды ойласа да, Қалампырдан аса алмай, әне-міне деп жүруші еді.

Тоқал алуда Қалампырдан аса алмады.

Бір күні бір мәжілісте отырған уақытта бір құрдасының қымыз ішіп қызып отырып, әзілмен болсада, шынымен болса да сѳз арасында: «Әй, қубас! Сонша малды айдап жүріп, дұрыстап зекет бермейсің, қажыға бармайсың, кім үшін жинап жүрсің? Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың», - деген сѳзін естіп, ол күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сѳйлеспестен жатып қалып еді.

Сарсенбайды тоқал алуына түрткі болған оқиға

He қылсаңдар ықтияр. Әуелінде де мен тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?!-деп түсі бұзылып, үйден шығып кетті.

He қылсаңдар ықтияр. Әуелінде де мен тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?!-деп түсі бұзылып, үйден шығып кетті.

Мұнан кейін кѳп уақыт ѳткізбей, Сәрсенбай бір қыз айттырды. Сәрсенбайдың айттырғаны осы молланың қызы Шолпан еді. Шолпанның жасы он тѳртке жетіп тұрған соң, Сәрсенбай малын түгел беріп, келер жылында алып та қойды

Сарсенбайдың Шолпанды айттыруы

Қалампыр әр уақыт Шолпанды күндестікпен сѳзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.

Жамалдың дүниеге келуі

Шолпан он жеті жасқа келгенде, манағы Сәрсенбайдан топ ішінде сүйінші сұраған қыз бала тауып, Сәрсенбай қырық беске келгенде ғұмырында кѳрген 5 баласы осы еді.

Күндестік














Эпилог пен прологтің анықтамасын есімізге түсірсек.
Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.
Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма  идеясын  дұрыс түсіндіру. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет