Түркістан облысының адами әлеуетті



Дата17.01.2022
өлшемі64.75 Kb.
#454635
тест Е-19-1 Е-20у-1


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ

ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

КЕНТАУ КОЛЛЕДЖІ


«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

ЦӘК төрайымы: _____Билялова Г.А Директордың оқу ісі жөніндегі

«_______»_________2021ж орынбасары_____Омар. Ж.Н

«_______»_________2021ж



Мамандығы: 03101000 «Емдеу ісі», 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер», 0302043- «Жалпы тәжірибелі мейіргер»

«Терапиядағы және неврологиядағы мейіргер ісі»
1 Бронх түтікшелерінің жайылмалы қабынуы:

а) бронхит

б) бронхылық демікпе

в) пневмосклероз

г) пневмония

е) өкпе эмфиземасы

2 Жіті бронхитпен ауыратын науқасты тыңдағанда анықталатын дыбыс:

а) везикулярлы дем

б) майда дымқыл сырылдар

в) амфорлы дыбыс

г) қатты бронхылық дем

е) плевраның үйкеліс шуы

3 Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастарда анықталатын негізгі клиникалық белгі:

а) кеуде қуысының ауырсынуы, бір бөлігінің дем алуға қатыспауы б) ұстамалы жөтелу, тұншығу

в) тамағы жыбырлап, қатты жөтелу

г) жөтелмен бірге әртүрлі қақырық тастау

е) қалтырап дірілдеуі, дене қызуының 39-40С0- қа дейін көтерілуі

4 Созылмалы бронхитте аускультацияда естіледі:

а) әртүрлі ысқырықты сырылдар

б) везикулярлы дыбыс

в) плевраның үйкеліс шуы

г) қатаң бронхиалды дем, әртүрлі сырылдар

е) майда дымқыл сырылдар

5 Созылмалы бронхитте қолданылатын дәрілер тобы:

а) диуретиктер

б) спазмолитиктер

в) антибиотиктер

г) кальций антагонистері

е ) антацидтер

6 Обструкциялық бронхиттің клиникалық белгілері:



а) жөтелу, экспираторлы ентігу

б) жүрек соғысының кенеттен жиілеуі, инспираторлы ентігу

в) эпигастр аймағының ауырсынуы, лоқсу

г) кіндік аймағының толғақ тәрізді ауырсынуы, іш өту

е) жөтелу, тот басқандай қақырық тастау

7 Бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы:

а) бронхит

б) өкпе эмфиземасы

в)бронх демікпесі

г) пневмосклероз

е)өкпе абсцессі

8 Бронх демікпесінің негізгі клиникалық белгілері:

а) инспираторлы ентігу, құрғақ жөтелу

б) тұншығу, жөтелу шыңында созылмалы мөлдір қақырық тастау

в)жөтелмен бірге іріңді қақырық тастау

г) жөтелмен бірге тот басқандай қақырық тастау

е) тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел

9 Бронх демікпесіндегі қақырық түрі:

а) қызыл, көбікті

б) көкшіл, көбікті

в) мөлдір, созылмалы

г) іріңді,иісті

е) тот басқандай

10 Бронх демікпесінің асқынуы:

а) жүрек жетіспеушілігі

б) плеврит

в) астмалық статус

г) өкпеден қан кету

е) гипертониялық криз

11 Бронх демікпесінде аускультацияда естіледі:

а) ірі көпіршікті ылғалды сырылдар

б) амфорлы дыбыс



в) әртүрлі ысқырықты құрғақ сырылдар

г) майда көпіршікті ылғалды сырылдар

е) плевраның үйкеліс шуы

12 Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында қолданатын дәрі-дәрмек:

а) 2% - 2,0 мл лидокаин

б) 2,4% - 10,0 мл эуфиллин

в) 50% - 2,0 мл анальгин

г) 5000 бірлік гепарин

е) ампициллин 1,0

13 Бронх демікпесіндегі ентігудің сипаты:

а) инспираторлы

б) экспираторлы

в) аралас

г) жиі, беткейлі дем алу

е) терең, шулы

14 Бронх демікпесінде эуфиллин ерітіндісін енгізу мақсаты:

а) интоксикацияны жою

б) бронх түтікшелерінің тарылуын кеңейту

в) қан қысымын төмендету

г) қақырықты түсіру

е) қан қысымын көтеру

15 Бронх демікпесінің себебіне жатады:

а) өсімдік шаң тозаңдары

б) иммунитеттің төмендеуі

в) жиі майлы тағамдарды қолдану

г) ауыр физикалық жүктеме

е) спирт ішімдіктерін жиі қолдану

16 Өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын , бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процессі:

а) өкпе абсцессі



б) пневмония

в) плеврит

г) пневмосклероз

е) бронхоэктазиялық ауру

17 Ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастың қақырығының сипаттамасы:

а) аз мөлшерде созылымды, мөлдір қақырық

б) көкшіл, көбікті , иісті қақырық

в) тот басқандай қақырық

г) аз мөлшерде іріңді қақырық

е) алқызыл көбікті

18 Өкпеде шектеулі іріңді ошақтардың пайда болуы:

а) пневмония

б) бронхит

в) өкпе абсцесі

г) бронхоэктазиялық ауру

е) бронхылық демікпе

19 Өкпенің іріңді ауруларындағы бөлінетін қақырық түрлері:

а) мөлдір, созылмалы

б) тот басқандай

в) көбікті, іріңді

г) іріңді, жағымсыз иісті

е) алқызыл көбікті

20 Бронхоэктазиялық ауруымен ауыратын науқастан бөлінетін қақырық:

а) «тот басқандай»

б) «көбікті, алқызыл»

в) аузын толтырып, сасық иісті іріңді

г) созылмалы мөлдір, шырышты

е) іріңді аз мөлшерде

21 Өкпе қатерлі ісігінде қан кетудің белгілері:

а) алқызыл, көбікті қақырық

б) қақырық аз мөлшерде, мөлдір созылмалы

в) сарғыш, қоймалжың иісті қақырық

г) көбікті, ақ түсті, созылымды қақырық

е) тот басқандай

22 Плеврит:

а) өкпе тіндерінің инфекциялық қабынуы

б) бронх түтікшелерінің деформациясы



в) плевра қабының инфекциялық қабынуы

г) өкпеде іріңді ошақтың пайда болуы

е)өкпе дәнекер тіндерінен атиптік жасушалардың үдемелі өсуі

23 Құрғақ плевтитпен ауырған науқас кеуде қуысының ауырсынуын басу үшін:

а) төсекте шалқасынан жатады

в) төсекте құрсақ қалпында жатады

б) төсекте жартылай жатады

г) төсекте сау бүйіріне қарай қисайып жатады

е) төсекте қабынған бүйіріне қарай қисайып жатады

24 Өкпе туберкулезінің қоздырғышы:

а) пневмококк

б) стафилококк

в) Кох микобацилласы

г) гемолизді стрептококк

е)энтерококк

25 Өкпе туберкулезіндегі жөтелу мінездемесі:

а) тұрақты, әлсіз, баяу жөтелу

б) қатты, үріп жөтелу

в) таңертең жөтелу

г) секектеп жөтелу

е) түнгі жөтел

26 Өкпе туберкулезінің арнайы алдын-алу шарасы:

а) жағымсыз қылықтардан аулақ болу

б) флюрографияға түсіру

в) жеке басының гигиенасы сақтау

г) вакцинация жасау

е) диета сақтау

27 Өкпе туберкулезінің алғашқы белгілері:

а) дене қызуының көтерілуі, әлсіздік

б) жөтелу, іріңді қақырық бөлу

в) түнгі тершеңдік, әлсіздік, жөтелмен қақырық тастау

г) кеуде қуысының бөшкеленуі, жөтелу

е) ентігу, бас ауру

28 Ревматизмдегі жүйелердің зақымдалуы:

a) жүрек, буын, орталық нерв жүйесі

б) эндокрин жүйесі

в) қан жасау жүйесі

г) сүйек – бұлшық ет жүйесі

е) асқорыту жүйесі

29 Ревматизмнің алғашқы шабылуы басталады:

a) бронхиттен кейін

б) баспадан кейін

в) пневмониядан кейін

г) артериалды гипертензиядан кейін

е) ревматоидты артриттен кейін

30 Ревматизмнің біріншілік алдын алу шаралары:

a) созылмалы инфекциялық ошақтарды емдеу

б) тиімді тамақтану

в) салауатты өмір салтын қалыптастыру

г) «дипансерлік» тізімге алу

е) зиянды әдеттерден алшақ болу

31 Ревматизмнің асқынуы:

a) өкпе жетіспеушілігі

б) бауыр жетіспеушілігі

в) бүйрек жетіспеушілігі

г) жүрек ақаулары

е) бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі

32 Перикардиттің қабыну процесіне байланысты жіктелуі:

a) құрғақ, экссудатты

б) дилятациялық, гипертрофиялық

в) рестрикциялық, дилятациялық

г) атрофиялық, дилятациялық

е) аллергиялық, инфекциялық

33 Эндокардиттің этиологиясы:

a) жасылдаушы стрептококк, алтын сары стафилококк, энтерококк

б) хеликобактер пилори

в) а-типтік клеткалар

г) микобацилла

е) гемофильді таяқшалар

34 Инфекциялық, аллергиялық немесе токсикалық әсерлерден дамитын миокардтың қабынуы:

a) перикардит

б) эпикардит

в) эндокардит

г) миокардит

е) плеврит

35 Миокардит басталады:

а) инфекциялық аурудан кейін 2-3 аптадан

б) миокард инфарктының 4-ші аптасынан

в) вирусты гепатиттің 9 – шы айынан

г) жіті коронарлық синдромының 1 – шы аптасында

е) миокард инфарктының басталуынан 18-24 сағаттан кейін

36 Экссудатты перикардитте диагностикалық және емдік мақсатта жүргізілетін тексеру әдісі:

a) ультрадыбыспен тексеру

б) рентгендік тексеру

в) перикардқа пункция жасау

г) биопсия жасау

е) магниттік резонанстық томография

37 Мезгіл-мезгіл қан қысымының көтерілуі, жүйелермен ағзалардың қызметінің бұзылуы қандай патологияға тән белгілер:

a) артериалды гипертензия

б) симтоматикалық гипертензия

в) гипертониялық криз

г) дисциркуляторлық дистония

е) атеросклороз

38 Артериалды гипертензияның этиологиясы:

a) иммундық жүйенің әлсіреуі

б) инфекциялық ошақтар

в) нервтік-стрестік жағдайлар

г) темекіні шамадан тыс қолдану

е) радиацияның әсері

39 Артериалды гипертензияның жиі асқынуы:

a) аритмия

б) бүйрек жетіспеушілігі

в) гипертониялық криз

г) жүрек жетіспеушілігі

е) бүрек үсті безінің жетіспеушілігі

40 Артериалды гипертензияның асқынуы:

a) инсульт, миокард инфаркты

б) кардиомиопатиялар

в) пневмосклероз

г) пневмония

е) жүрек ақауы

41 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) және Гипертония бойынша халықаралық қоғам (ГХҚ) сарапшыларының шешімінің жіктемесі бойынша артериалды гипертензияның І дәрежесіне тән қан қысымы:

a) 140-159/90-99 мм сын б.б.

б) 160-179/100-109 мм сын б.б.

в) 180/110 мм сын б.б.

г) 120/80 мм сын б.б.

е) 110/70 мм сын б.б.

42 Артериалды гипертензияда жиі зақымдалынатын нысаналы мүшелер:

a) жүрек, ми, бүйрек

б) бауыр, асқазан, бүйрек

в) бауыр, өкпе, көкбауыр

г) өкпе, көз, құлақ

е) қуық, 12 елі ішек, бауыр

43 Артериалды гипертензияны емдеудегі алғашқы мақсат:

a) қан қысымын оптимальді деңгейде ұстау

б) нысана ағзаларының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне жол бермеу

в) нысана ағзалары жағынан асқынуларға жол бермеу

г) ас тұзының 10 -15 гр., сұйықтық деңгейін 1,5 - 2 л. жеткізу

е) зат алмасу процессінің бұзылуына жол бермеу

44 Эластикалық және эластикалық-бұлшық еттік типті артериалар интимасында липидтердің, мукополисахаридтердің ошақты жиналуы:

a) атеросклероз

б) тромбоэмболия

в) миокард инфарктысы

г) веналардың варикоздық кеңеюі

е) стенокардия

45 Атеросклерозда ең жиі зақымдалатын тамыр :

a) бүйрек қан тамыры

б) мезентериалды қан тамыры

в) шеткі қан тамыры

г) коронарлық қан тамыры

е) ми қан тамырлары

46 Шеткі артериялар атеросклерозына тән белгілер:

а) бас ауру, ұйқысының бұзылуы

б) аяқ- қолдың үнемі мұздап, жаурап жүруі, пульстің баяулауы

в) еске сақтау қабілетінің төмендеуі, пульстің жиілеуі

г) толғақ тәрізді ішек бойымен ауырсынуы, іш өту

е) эпигастрий аймағының аш қарынға ауруы, іш қату

47 Стенокардияның негізгі клиникалық симптомдары:

а) әлсіздік, тез шаршау

б) ентігу, жөтелу

в) жүрек соғуының жиілеуі, дененің төменгі бөлігінің ісінуі

г) төс сүйегі артындағы ұстамалы ауырсынуы , терінің бозаруы

е) әлсіздік, дене қызуының көтерілуі

48 Стенокардияның дамуына ықпал ететін этилогиялық факторлардың бірі:

а) коронар артериясының атеросклерозы, нервтік- стрестік жағдай, ағзаға физикалық күш түсіру

б) жануар майын көп қолдану

в) ішімдікті көп қолдану және темекі шегу

г) ас тұзын және сұйықтықты көп қолдану

е) тәтті тағамды және өсімдік тектес майларды көп қолдану

49 Стенокардиядағы «ауырсыну» симптомы беріледі:

а) оң иыққа

б) оң қабырға астына

в) сол қолға

г) оң жауырын астына

е) оң шатына

50 Стенокардиядағы «ауырсыну» симптомын басу үшін қолданады:

а) нитроглицерин 0,0005 мг

б) гепарин 5000 Әсерлі бірлік

в) анаприлин 10 мг

г) трентал 5,0 мл

е) изоптин 40 мг

51Жіті коронар қанағымының бұзылуынан жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроздануы:

а) жүрек ақауы

б) миокард инфаркты

в) коронар артериясының атеросклерозы

г) экссудатты перикардит

е) кардиомиопатия

52 Миокард инфарктының негізгі клиникалық симптомы:

а) дем алысының жиілеуі

б) асқазан тұсының ауырсынуы

в) оң қабырға тұсының аурсынуы

г) жүрек тұсының ауырсынуы

е) сол қабырға тұсының ауырсынуы

53 Миокард инфарктының ұстамасында жедел жәрдем көрсету тактикасы:

а) тіл астына нитроглицерин беру, наркотикалық анальгетиктерді енгізу

б) қолдан дем беру

в) таңғыш салу, жүрекке сырттай жассаж жүргізу

г) мұзды мұйық қою

е) науқасты тыныштандыру, тіл астына нифедипин беру

54 Миокард инфарктымен стенокардияның айырмашылығы:

а) ауырсыну ұзақтығы, нитроглицериннің әсері, қан қысымының төмендеуі, электрокардиограммадағы өзгерістер

б) дене қызуының өзгеруі

в) жүрек ұшы соққысының күшінің өзгеруі

г) тыныс алуының өзгеруі

е) зәр бөлінуінің өзгеруі

55 Аритмия:

а) жүректің ырғақты соғысының бұзылыстары

б) жүрек бұлшық етінің қабынуы

в) жүрек қан айналымының өзгеруі

г) жүректің ритмдік соғуы

е) жүрек тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерді тиісті қан мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы

56 Синустық брадикардияда жүректің ритмдік соғуы:

а) 60- тан төмен

б) 80 рет жоғары

в)120 рет мин

г) 220 рет мин

е) 320 рет мин

57 Өкпеге жасанды тыныс берудің дұрыстығын қалай тексеруге болады:

а)дем беру кезінде кеуде қуысы көтеріледі,ал дем шығарғанда кеуде қуысы төмен түседі

б) дем бергенде кеуде қуысы қозғалмайды

в) дем берген кезде эпигастрий аймағы көтеріледі

г) көз қарашығы кеңеюі

е)көз қарашығының тарылуы

58 Созылмалы гастриттің этиологиясы:

а) жалпы ағзаға суық тигізу

б) ұзақ уақыт тамақтанбау режимін бұзу

в) авитаминоз

г) адинамия

е) жануар майын жиі қолдану

59 Асқазанның қатерлі ісігінің дамуына ықпал ететін себепші жағдай:

а) салауатты өмір салтын сақтау

б) жиі ыстық тағам қабылдау

в) организмге суық тигізу

г) жиі респираторлы аурулармен ауру

е) витаминнің тапшығылығы

60 Асқазанның қатерлі ісігінде «рак алды» ауруы:

а) колит

б) энтерит

в) жайылмалы атрофиялық гастрит

г) панкреатит

е) асқанан- өңеш рефлюксі

61 Асқазанның қатерлі ісігінде құсықтың «кофенің қоюы» түрінің белгісі:

а) қан кетудің

б) ісіктің дән себуді

в) ісіктің басқа мүшені зақымдауын

г) ойық жараның тесілуін

е) қалтқының тарылуын

62 Ойық жараның асқазаның кардиалді бөлігіне тән ауырсыну симптомы:

а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы

б) асқазан тұсының, төстің артының тамақ ішкенен кейін 1-1,5сағаттан кейін ауырсынуы

в) асқазан тұсының тамақ ішкенен 4- 4,5 сағ кейін ауырсынуы

г) кіндік тұсы толғақ тәрізді, тесіп бұрғылап ауырады

е) «ашқарынға» түн мезгілінде, тамақ ішсе басылады

63 Асқазанның, ұлтабардың ойық жараларын анықтайтын аспаптық тексеру әдісі:

а) ирригоскопия

б) холецистоскопия

в) фиброгастродуоденоскопия

г) колоноскопия

е) ректеромоноскопия

64 Асқазанның ойық жарасы тесілуіндегі «ауырсыну» симптомының сипаттамасы:

а) бүріп, шаншып

б) пышақ сұққандай

в) ұйып, сыздап

г) толғақ тәрізді, қысып

е) күйдіріп, қыжылдап

65 Асқазанның ойық жарасын туындататын бактерия:

а) стрептококк

б) стафилококк

в) хеликобактер пилори

г) микобактерия

е) жасылдаушы стрептококк

66 Аш ішектің кілегейлі қабығының қабынуынан дистрофиялық, атрофиялық өзгерістері және ас қорытылуының сіңірілуінің бұзылуы:

а) бейспецификалық жаралы колит

б) созылмалы энтерит

в) созылмалы атрофиялық гастрит

г) созылмалы панкреатит

е) Крон ауруы

67 Энтериттің дамуына ықпал ететін факторлар:

а) басқа жүйенің созылмалы аурулары

б) ішек инфекциялар

в) хеликобактер пилори

г) аш ішектердің түйілуі

е) ішек тамырларының атеросклерозы

68 Энтериттегі нәжісті копрологиялық тексеруде анықталатын өзгеріс:

а) қорытылмаған органикалық майлар, қышқылдар

б) эритроциттер түйіршіктері

в) стеркобилин

г) ішек жұмыр құрттары

е) көп мөлшерде лейкоциттер
69 Энтеритті анықтайнын диагностикалық аспаптармен тексеру әдісі:

а) флюрография

б) фиброгастроскопия

в) ректоромоноскопия

г) колоноскопия

е) ультрадыбыспен тексеру

70 Іштің түнде немесе таңға жуық 20- 30 рет өтуі, әр түрлі көлемді қан кету. Нәжіс сасық иісті, өте көп ірің. Бұл көрініс қандай патологияға тән:

а) панкреатитке

б) гепатитке

в) холециститке

г) төменгі қышқылды гастритке

е) бейспецификалық колитке

71 «Белдік тәріздес» ауырсыну қандай ауруға тән:

а) панкреатитке

б) гепатитке

в) холециститке

г) гастритке

е) колитке

72 Панкреатитте кездесетін синдромдардың бірі:

а) диспепсиялық

б) дизуриялық

в) некроздық

г) астеновегетативтік

е) интоксикациялық

73 Панкреатитпен ауыратын науқастың тері жамылғысы, көз склерасы сары, эпигастрия аймағының ауырсынуы сақталған. Ультрадыбыспен тексергенде ұйқыбезіндегі псевдо кисталар анықталған. Бұндай жағдайда жүргізілетін емдеу тактикасын таңдаңыз:

а) асқазан ойық жарасына

б) диетотерапия

в) хирургиялық ем

г) физиотерапиялық ем

е) санаторлық- курорттық ем

74 Өт қалтасының бейспецификалық қабынуы:

a) холецестит

б) холестаз

в) өт жолдарының деформациясы

г) өт жолдарында тас пайда болуы

е) өт жолдарының дискинезиясы

75 Холециститпен ауырған науқасты жалпы қарағанда анықталатын өзгерістер:

a) тамырлардың білеуленуі

б) геморрагиялық бөртпелер

в) терінің және көз склерасының сарғаюы

г) терінің көгеруі

е) тамыр жұлдызшасы

76 Өт тас ауруындағы негізгі клиникалық симптом:

а) асқазан тұсының ауырсынуы

б) оң қабырға тұсының толғақ тәріздес аурусынуы

в) оң қабырға тұсының ұйып ауырсынуы

г) ішек бойымен ауырсыну

е) сол қабырға тұсының ауырсынуы

77 Бауыр жасушаларының созылмалы полиэтиологиялық қабынуы:

а) холецистит

б) гепатит

в) дуоденит

г) дискинезия

е) холангит

78 Созылмалы гепатитпен ауыратын науқасты жалпы қарағанда терісіндегі өзгеріс:

а) сарғаю

б) гиперемия

в) цианоз

г) геморрагиялық бөртпелер

е) бозару

79 Бауырдың ұлғаюы аталады:

а) спленомегалия

б) гепатомегалия

в) гипертрофия

г) гипоксия

е) гиперсекреция

80 Бауыр циррозының этиологиясы:

a) токсикалық заттар

б) жалпы организмге суық тигізу

в) инфекция

г) жарақаттар

е) жоғарғы қышқылды гастрит

81 Бауыр циррозына тән клиникалық симптом:

a) метеоризм

б) анерексия

в) дисфагия

г) асцит

е) анасарк

82 Бауыр циррозымен ауыратын науқастардың терісіндегі өзгерісі:

a) гематомалар

б) акроцианоз

в) геморрагиялық бөртпелер

г) тамыр жұлдызшалары

е) герпистік бөртпелер

83 Созылмалы гломерулонефритті алдын алу шаралары:

a) инфекциялық ошақтарды емдеу

б) диетаны сақтау

в) вакцинация

г) жағымсыз қылықтарды жою

е) иммунитетті көтеру

84 Созылмалы гломерулонефрит ауруында ісінудің бүкіл денеге жайылуы:

a) эмпиема

б) асцит

в) анасарк

г) экзема

е) экссудат

85 Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқасқа тағайындалатын диеталық столдың ерекшелігі:

a) құрамында ақуыз көп тағамдарды шектеу

б) тәулігіне 800 мл сұйықтық ішу

в) тәулігіне 3 гр аз тұзын қолдану

г) жануар майын қолдануды шектеу

е) каллорияға бай диета

86 Созылмалы гломерулонефритің гематуриялық түріне тән өзгеріс:

a) зәрдің көлемнің көбеюі

б) зәрдегі белоктың көбеюі

в) зәрдегі эритроциттің пайда болуы

г) зәрдегі лейкоциттердің көбеюі

е) зәрдегі ураттардың көбеюі

87 Гломерулонефриттке тән триада симптом:

а) кешке қарай тобықта ісіну пайда болады, ентігу, жүрек қағысының жиелеуі

б) ісіну, гемотурия, қан қысымының жоғарлауы

в) іш қуысына сұйықтық жиналу, кіндіктің сыртқа шығуы, емшек безінің ұлғаюы

г) полиурия, бактериурия, пиурия

е) лейкоцитурия, гипостенурия, полиурия

88 Бүйрек түбекшелері, тостағаншасының бейспецификалық инфекциялық қабынуы:

a) гломерулонефрит

б) пиелонефрит:

в) бүйрек жетіспеушілігі

в) нефрит

г) цистит

е) уретрит

89 Пиелонефриттің дамуында қоздырғыштарының бүйрекке түсу жолдары :

a) қарым- қатынас

б) бронхогенді, лимфогенді,

в) урогенді , лимфогенді, гематогенді

г) алиментарлы, гематогенді

е) ауа- тамшысы

90 Пиелонефриттің дамуында негізгі рөл атқаратын қоздырғыштар:

a) алтын сары стафилококктар, көк іріңді таяқшалар

б) Эпштейн Барр вирусы

в) аденовирусы

г) β- гемолизді стрептококк

е) микобацила кох таяқшасы

91 Пиелонефриттің негізгі симптомы:

a) асқазан тұсының шаншуы

б) бел тұсының шаншуы

в) жүрек тұсының шаншуы

г) оң қабырға тұсының шаншуы

е) мезогастрия аймағының шаншуы

92 Қант диабетінің этиологиясы:

а) тамақтану режимін жиі бұзу

б) тәтті тағамдарды көп жеу

в) аллергендер

г) иммунитеттің төмендеуі

е) жиі етеккірдің келуі

93 Инсулинге тәуелді қант диабетінің негізгі симптомдары:

а) жөтелу, қақырық тастау

б) қақырық тастау, ентігу

в) жүрек тұсының шаншуы,ентігу

г) шөлдеу, көп су ішу, көп зәр бөлу

е) тез шершау, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі

94 Қант құрамының жоғарылауы:

a) гипербилирубинемия

б) азотемия

в) гипергликемия

г) диспротеинемия

е) глюкозурия

95 Қант диабетінің асқынуы:

a) уремиялық кома

б) диабеттік кома

в) бауыр комасы

г) анафилактикалық шок

е) кардиогенді шок

96 Гипергликемиялық кома:

a) қандағы азот қалдықтарының көбеюі

б) қандағы билирубин көрсеткішінің көбеюі

в) қандағы қант көрсеткішінің күрт көбеюі

г) қандағы қант көрсеткішінің күрт төмендеуі

е) қандағы калийдің көбеюі

97 Глюкозурия:

a) зәр құрамында қант түйіршіктерінің пайда болуы

б) зәр құрамында ақуыздың анықталуы

в) зәр құрамында эритроцит түйіршіктерінің анықталуы

г) зәр құрамында лейкоциттердің анықталуы

е) зәр құрамында эпительдердің анықталуы

98 Теріасты қабатына және басқа ағза тіндеріне майдың шамадан тыс жиналуы:

а) май дистрофиясы

б) семіздік

в) гипертрофия

г) гипотрофия

е) нейропатия

99 Семіздіктің сатысын анықтайтын клиникалық белгі: а) антропометриялық көрсеткіштердің сай келмеуі

б) жұтынудың қиындауы , басын бұруы қиындайды в) мойны жуандайды

г) саусақ буындарының қимылының шектелуі

е) тері жамылғысы қою көкшіл қызыл

100 Қан құрамындағы эритроцит, гемоглобиннің азаюымен сипатталатын патология:

а) геморрагиялық диатездер

б) анемия

в) лейкоз

г) эритемалар

е) гемофилия


101 Теміртапшылықты анемияның жүктілікке әсері:

а) планцетаның ерте ажырауы

б) толғақтың әлсіздігі

в) босанғаннан кейін қан кету

г) кеш босану

е) эклампсияның дамуы

102 Теміртапшылық анемиямен ауратын науқастардың басты шағымдары:

а) әлсіздік, сарғаю, қызу көтерілуі, зәр түсінің қоңырлығы

б) тырнақтар түрі өзгеруі, шаш түсуінің күшеюі, тәбеттің бұрмалануы

в) әлсіздік, бас айналуы, жүрек соғуы, ентігу

г) әлсіздік, тіл ұшының күйдіріп ауырсынуы, көздің сарғыш тартуы

е) терінің петехиялық қанталаулыр, тістің қызыл иегінің қан талауы, ауыз қуысының некроздық жаралары

103 Сүйек миының қантүзу жасушаларынан дамыған ісіктер:

а) геморрагиялық диатездер

б) гемофилия

в) лейкоздар

г) эритремия

е) анемиялар

104 Лейкоздың дамуына ықпал ететін этиологиялық факторлардың бірі:

а) витамин жетіспеушілігі

б) йондаушы радиация

в) диетаны бұзу

г) нервтік- стресстер

е) иммунитеттің әлсіреуі

105 Ісіктік жасушалардың түріне байланысты лейкоздардың жіктелуі:

а) гемолитикалық

б) геморрагиялық

в) миелолейкоз

г) тромбоцитопения

е) аплазиялық

106 Буындардың симметриялы эрозиялық- деструкциялық өзгерістері анықталынады :

а) ревматоидтық артритте

б) мешелде

в) спазмофилияда

г) рематизімді артритте

е) подаграда

107 Ревматоидтық полиартрит диагнозын қоюдағы негізгі клиникалық белгі : а) температурасы жоғарлап, буын үсті терісінің қызаруы

б) буынның ұшпалы ауырсынуы, қалтырап дірілдеу

в) саусақ ұштарының жәндік шаққандай қараюы, бұлшық еттерінің атрофиясы

г) бас бақайдың таңертеңгі қатты ауырсынуы, шынтақ буынында тофустың пайда болуы

е) таңертеңгі буындардың сіресуі,буын қозғалысының шектелуі

108 Ревматоидтық полиартритте буынның патологиялық өзгерістердің дәрежесі анықтайтын тексеру әдісі:

а) спирография

б) рентгеноскопия

в) рентгенография

г) флюрография

е) бронхоскопия

109 Қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен дамитын ауру:

а) семіздік

б) сусамыр

в) подагра

г) бүйрек жетіспеушілігі

е) семіздік

110 Подаграда биохимиялық қан талдауындағы өзгерістер:

а) холестеринемия

б) диспротейнемия

в) зәр қышқыл көбейеді

г) қант көбейеді

е) азот қалдықтары

111 Подаградағы бүйрек зақымдалуының белгісі:

а) құлақ қалқанында, шынтақта түйіннің пайда болуы

б) аяқтың бірінші башпайының ауруы, қызаруы, ісінуі

в) эпигастрий аймағының ауырсынуы, іш қату

г) бел тұсының ауырсынуы, зәр бөлінуінің қиындауы

е) жүрек ритмінің бұзылуы, дененің төменгі бөлігінің ісінуі

112 Подаграда зақымдалынатын буын:

а) аяқтың бірінші бапайы

б) қолдың ортаңғы буындар

в) бел омыртқа

г) саусақ фалангтары

е) шынтақ буыны

113 Жүйелі қызыл жегінің тері түріндегі симптомы:

а) «дабыл таяқшасы»

б) «сағат әйнегі»

в) «көбелек»

г) «күздік тал»

е) «тамыр жұлдызшасы»

114 Мандай, иек, мұрын қырының терісіндегі «көбелек» тәрізді эритемалық бөртпелер пайда болған. Науқасты жөтел, ентігу мазалайды. Аускультацияда өкпе тұсынан плевраның үйкелісі естіледі. Бұл көрініс қандау аурудың белгісі болып табылады.

а) Дерматомиозиттің

б) Қызыл жүйелі жегінің

в) Склеродермияның

г) Геморрагиялық васкулитке

е) Ревматоидты артриттің

115 Склеродермияның дамуына және асқынуына ықпал ететің қауіпті факторлар:

а) жиі майлы тағамдарды қабылдау

б) темекі шегу, ішімдікке салыну

в) жасылдаушы ішек таяқшалары

г) жиі тамақтану режимін бұзу

е) суықтау, жарақат, вибрациялар

116 Склеродермияда аяқ- қолдарының аурсынуы, гиперестезиясы, сіңір рефлекстерің төмендеуі. Қандай жүйесінің зақымдалуы болып табылады:

а) шеткі нерв

б) орталық нерв

в) бүйрек- зәр түзу

г) эндокрин –зат алмасу

е) бұлшық- ет

117 Алкогольдық уланудағы амбулаторияда көрсететін жедел көмек:

а) бүйректік тюбаж жасау

б) асқазанзы зонд арқылы жуу

в) бронх түтікшелеріне интубация жасау

г) оксигенотерапия жүргізу

е) тазалау клизмасын жасау

118 Алкогольдық уланудың асқынуы :

а) гипергликемиялық кома

б) алкогольді кома

в) гипогликемиялық кома

г) жүрек астмасы

е) экстросистолы

119 Науқаста жүректің айнуы, құсу, эпигастрия аймағының ауруы, үстінен жығымсыз иістің шығуы байқалады. Бұл белгілер қандай жағдайға байқалады:

а) алкогольдық улануда

б) ацетилсалицил қышқылымен уланғанда

в) фосфорорганикалық заттармен уланғануда

г) улы саңырау құлақтармен уланғанда

е) наркотиктармен уланғанда

120 Алкогольдық уланудың клиникалық белгілері :

а) жүректің айнуы, құсу, эпигастрия аймағының ауруы

б) дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ентігу

в) сана сезімнің жоғалуы, гемипарез

г) тері жамылғысының мрамор түстес, секектеп жөтелу

е) бұлшық еттерінің тырысуы, тоникалық тырысқақ

121 Квинке ісігінің клиникалық ерекшілігі:

а) полиморфты бөртпелермен

б) өте жылдам ісінумен, тез ізсіз қайтуымен

в) терідегі геморрагиялық бөртпелермен

г) терінің гиперемиясымен

е) терінің цианозымен

122 Қантамырлардың қабырғаларының өткізгіштігінің бұзылуымен және ісінумен сипатталынатын клиникалық белгі қандай патологиялық процеске тән:

а) Квинке ісігіне

б) есекжемге

в) анафилактикалық шокқа

г) травмалық шокқа

е) кардиогенді шокқа

123 Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету тактикасы:

а) тері астына адреналин енгізу

б) тері астына димедрол енгізу

в) қан тамырға кальций хлорид енгізу

г) қан тамырға глюкоза енгізу

е) тері астына витаминдер енгізу

124 Клиникалық өлім кезінде жәрдем көрсетудің мақсаты:

а) дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту

б) дымқылданған оттегі беру

в) жүрекке сырттан тыс массаж жасау

г) спирография жасау

е) электрокардиограмма түсіру

125 Есек жемнің клиникалық белгісі:

а) геморрагиялық бөртпелер

б) диффузды цианоз

в) терінің қышуы, майда бөртпелер

г) қан қысымының төмендеуі

е) терінің сарғаюы

126 Квинке ісігінің этиологиясы:

а) жабайы жәндіктердің, жабайы араның шағуы

б) дәрілік заттар

в) инфекция

г) жарақаттар

е) психоэмоционалдық стрестер

127 Ревматизм тууының қатер тобына ... . науқастар жатады.

| стрептококты инфекция тасымалдаушы+

| пневмониямен ауырып жазылған

| ревматоидты полиартритпен ауыратын

|деформациялаушы остеоартрозбен ауыратын

| поллинозбен ауыратын

128 Әйел 37 жаста, көп реттік ашық түсті қан аралас құсуына шағымданады. Себебін, көп мөлшерде алкоголь ішкенімен байланыстырады. Анамнезінде: созылмалы алкоголизммен сырқаттанады.

Болжам диагноз:

| Бауыр циррозы+

| Меллори – Вейс синдромы

| Жіті панкреатит

| Асқазанның ойық жара ауруы

| Крон ауруы

129 1.Созылмалы бронхитке тән белгі.

a) + Кемінде 2 жыл 3 ай қақырықты жөтел.

b) 1 Апталық құрғақ жөтел.

c) 1Айда үш күн жөтел.

d) 2 аптаға жетпейтін құрғақ жөтел.

e) 10 Күн құрғақ сырылмен жөтел.

130 Созылмалы бронхитке тән экзогенді этиологиялық фактор:



+Көп мөлшерде темекі тарту.

Тәтті тағамдарды көп қолдану.

Ұйқы аздығы.

Адинамия.

Дәрілерді көп қолдану.

131 Созылмалы бронхиттің өршуіне әкелетін ең жиі себеп.



+Вирустар, микробтар.

Ауа райы.

Зат алмасу өзгерісі.

Ұйқышылдық.

Адинамия.

132 .Созылмалы проксималды бронхитте зақымданады.



+Ірі бронхтар.

Ұсақ бронх.

Бронхиола.

Көмей.


Кеңірдек.

133 .Созылмалы бронхиттің ең ерте белгісі.



+Таңертеңгі жөтел.

Сырылдар.

Түнгі жөтел.

Ұстамалы жөтел.

Тыныш қалыпта жөтел.

134 Пневмония қоздырғышы.

a) +Пневмококктар

b) Вирусты гепетит

c) Коксаки А вирус.

d) Менингококк

e) Шигелла

135Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқастың қан талдауындағы гипохромды анемия белгісі қандай патологияны білдіреді:

а) ойық жарасыннан ішке қан кетуді

б) ойық жараның тесілуін

в) ұйқы безінің қабынуын

г) тамақпен улануын

е) аш ішектің түйілуін

136 Асқазанның ойық жарасының дамуына ықпал ететін факторларға жатпайды:

а) жалпы организмге суық тиюі б)жүйке-психикалық күйзелістер

в) ыстық және ашты тағамдар жиі қабылдау г) хелиокобактер пилори инфекциясы

е) зиянды әдеттер

137 « түнгі мегзілде, ашқарында ауырсыну сезімі» қандай патологияға тән белгі:

а) асқазан қатерлі ісігіне

б) 12 елі ішектің ойық жарасына

в) асқазан ойық жарасына

г) гастритке

е) колитке

138 Энтериттің «ауырсыну» симптомының сипаттамасы:

а) аш қарынға асқазан тұсының ауырсынуы, құсу

б) ішек бойымен, тамақ ішкеннен 3-4 сағ өткенен кейін бүріп, толғақ тәріздес ауырады

в) эпигастрия аймағының тамақ ішкеннен кейін 15-20 мин өткен соң ашып ауырады

г) асқазан тұсының тамақ ішкенен кейін 25-35 мин өткенен кейін ауырады

е) оң қабырғаның астының тұрақты түрде сыздап ауырсынуы

139 Гельментоздар диагностикасы:

а) жалпы қан талдауы

б) тік ішектен және анустың айналасынан жағынды алу

в) биохимиялық қан талдауы

г) асқазан жуындысын тексеру

е) нәжісті жасырын қанға тексеру

140 Копрологиялық тексергенде нәжістен стеаторея, креаторея

анықталуы қандай патологияға тән белгі:

а) колитке

б) гастритке

в) гепатитке

г) холециститке

е) панкреатитке

141 Панкреатиттің алдын алу шараларына жатпайды:

а) тамақтану режимін сақтау

б) ішімдікті ішумен күресу

в) жануар майын қолдануды шектеу

г) өт жолдары ауруларын уақтылы емдеу

е) ұзақ уақыт диуреттиктерді қабылдау

142 Науқасты сұрастырғанда асқазан тұсының белдік тәрізді ауырсынуына, құсуға шағымданды. Анамнезіннен науқас панкреатитпен ауыратындығы анықталды. Диагноз? :

а) Созылмалы гепатиттің асқынуы

б) Созылмалы колиттің асқынуы

в) Созылмалы гастриттің асқынуы

г) Созылмалы панкератиттің асқынуы

е) Созылмалы холециститтің асқынуы

143Холецистит ауруына тән негізгі клиникалық симптомдары:

a) метеоризм, іш өту

б) азқазан тұсының ауырсынуы, құсу

в) іш өту, жүдеу

г) көп құсу, қышқылмен кекіру

е) іш қату, іш кебу

144 Өт қуатын дәрі:

a) атропин сульфаты 0,1% - 1 мл

б) алмагель 170 мл

в) аллохол 0,2

г) анальгин 50 % - 2 мл

е) эссенциале 5 мл

145 Өт тас ауруын анықтайтын негізгі диагностикалық тексеру:

а) рентгеноскопия

б) фиброгастродуоденоскопия

в) ультрадыбыспен зерттеу

г) ирригоскопия

е) колоноскопия

146 Өт тас ауруының «ауырсыну ұстамасы» кезінде қолданылатын дәрілер тобы:

а) гепатопротекторлар

б) витаминдер

в) спазмолитиктер

г) антибиотиктер

е) кортикостеройдты гармондар

147 Өт жолы дискинезиясын қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізу қажет:

а) бауыр циррозымен

б) гепатитпен

в) холециститпен

г) панкреатитпен

е) төменгі қышқылды гастритпен

148 Созылмалы гепатиттің асқынуы:

а) бүйрек жетіспеушілігі

б) бауыр жетіспеушілігі

в) өкпе жетіспеушілігі

г) жүрек жетіспеушілігі

е) қан- тамыр жетіспеушілігі

149 Созылмалы гепатитте қанның биохимиялық талдауындағы көрсеткіштің өзгеруі:

а) холестеринемия

б) гипербилирубинемия

в) гипергликемия

г) азотемия

е) диспротеинемия

150 Астено- вегатативтік, диспепсикалық, гепатомегалия, сараю синдромдары қандай ауруға тән:

а) созылмалы холециститке

б) созылмалы панкреатитке

в) созылмалы энтроколитке

г) созылмалы гепатитке

е) жедел гепатитке

151 Бауыр циррозымен ауыратын науқастың жалпы қан талдауында өзгереді:

a) лейкоцитоз

б) тромбоцитопения

в) эритроцитоз

г) эритропения

е) лейкопения

152 Созылмалы гломерулонефриттің дамуына ықпал ететін микроорганизм:

a) стафилококк



б) β гемолизді стрептококк А тобы

в) пневмококк

г) жасылдаушы стафилококк

е) ішек таяқшалары

153 Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастарды диагностикалық аспаптық тексеру әдісі:

a) рентгендік тексеру

б) ультрадыбыспен зерттеу

в) цитоскопия, биопсия

г) урография

е) холецистография

154 Созылмалы гломерулонефриттің асқынуы:

a) қан айналымның жетіспеушілігі

б) өкпе жетіспеушілігі

в) бүйрек жетіспеушілігі

г) жүрек жетіспеушілігі

е) гидронефроз

155 Созылмалы гломерулонефриттің өрістеуіне ықпал ететін фактор:

a) артериальді гипертензия

б) подагра

в) қант диабеті

г) геморрагиялық васкулит

е) жүйелі қызыл жегі

156 Науқастың зәр талдауында эритроцит 30- 45-50 түйіршіктері, жалпы қан талдауында Er 2,5 * 1012/л, Hb-80г/л анықталды. Бұл лабораториялық көрініс созылмалы гломерулонефриттің қандай түріне тән белгілер:

a) гипертониялық

б) жасырын

в) гематуриялық

г) нефротикалық

е) жедел


157 Науқас тәулігіне 350 мл ден аз зәр бөлді. Бұл? :

а) анурия

б) полиурия

в) гематурия

г) лейкоцитурия

е) олигоурия

158 Науқас 1 апта бұрын баспамен ауырған. Дене қызуы қайталап көтеріліп, зәрі ет жуындысындай түске өзгерді. Осы клиникалық көрініс қандай ауруға тән?

a) гипертониялық криз

б) ревматизм

в) пилонефрит

г) гломерулонефрит

е) асқазан ойық жарасы

159 Созылмалы пиелонефрит ауруындағы ең негізгі диагностикалық лабораториялық тексеру:

a) қанды жалпы талдау

б) қанды биохимиялық тексеру

в) зәрді жалпы тексеру

г) зәрді бактериоскопиялық тексеру

е) зәрді тазалыққа тексеру

160 Созылмалы пиелонефриттегі науқастың жалпы зәр талдауындағы өзгеріс :

a) лейкоцитурия

б) протенурия

в) микрогематурия

г) гиперстенурия

е) никтурия

161 Созылмалы пиелонефриттің дамуына ықпал ететін этиологиялық фактор :

a) тонзилит, тіс кариесі

б) иммуниттеттің төмендеуі

в) нервтік стрестер

г) алиментарлы

е) қоршаған ортаның ластануы

162 Созылмалы пиелонефрит ауруында анықталатын диагностикалық симптомы:

а) Кера

б) Ортнера

в) Грефе


г) Захарин- Геда

е) Пастернацкий

163 Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы:

а) анафилактикалық шок

б) бауыр комасы

в) уремиялық кома

г) геморрагиялық шок

е) кардиогенді шок

164 Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне әкелетін қауіпті фактор:

a) созылмалы гломерулонефрит

б) созылмалы ишемиялық аурулар

в) созылмалы асқорыту жүйесінің аурулары

г) созылмалы бауыр аурулары

е) созылмалы тыныс жүйесінің аурулары

165 Қалыпты жағдайдағы қант көрсеткіші:

a) 3,3  5,5 мкмоль /л

б) 18,5  20,0 мкмоль/л

в) 55,5  68,0 мкмоль/л

г) 78,5  82,0 мкмоль/л

е) 4,5  6,2 мкмоль/л

166 Гипогликемиялық кома:

a) қандағы кальцийдің жетіспеушілігі

б) қандағы билирубин көрсеткішінің көбеюі

в) қандағы қант көрсеткішінің күрт көбеюі

г) қандағы қант көрсеткіші күрт төмендеуі

е) қандағы азот қалдықтарының көбеюі

167 Гипоглекемиялық команың дамуына ықпал ететін факторлар:

a) инфекцияның организмге түсуі

б) инсулин дозасын аз енгізу

в) инсулин дозасын көп енгізу

г) ас тұзын көп қолдану

е) стрестік жағдайлар

168 Гипергликемиялық команың симптомы:

a) тоникалық тырысқақ

б) ацетон иісінің шығу

в) бас ауруы

г) метеоризм

е) тершеңдік

169 Гипогликемиялық комада көрсетілетін жедел жәрдем:

a) анальгин 50 %  10 мл ертіндісін енгізу

б) инсулин 40 бірлігін  10 мл ертіндісін енгізу

в) глюкоза енгізу 40 %  10 мл ертіндісін енгізу

г) строфантин –К 005 %  1 мл ертіндісін енгізу

е) дроперидол 0, 25%- 5 мл ертіндісін енгізу

170 Глюкозурия:

a) зәр құрамында қант түйіршіктерінің пайда болуы

б) зәр құрамында ақуыздың анықталуы

в) зәр құрамында эритроцит түйіршіктерінің анықталуы

г) зәр құрамында лейкоциттердің анықталуы

е) зәр құрамында эпительдердің анықталуы

171 Инсулинге тәуелсіз қант диабеттінің алғашқы белгілері:

а) жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек ритмінің өзгеруі, ентігу

б) көп зәр бөлу, терінің қышуы, бүкіл денесінің ісіну

в) буынның ауырсынуы, қозғалысының шектелуі

г) терінің қышуы, ырнақ іздерінің қалуы, көз склерасының сарғаюы

е) терінің қышуы, жүргенде аяқтың ауырсынуы, көрудің нашарлауы, жүрек тұсының ауырсынуы

172 Семіздіктің алдын алу іс-шаралары: а) аз қимылдау

б) жеке басының гигиенасын сақтау

в) ішімдікке салынбау

г) шомылу, жалпы массаж, спортпен шұғылдану

е) таза ауада жиі серуендеу

173 Ас қабылдау мен энергия шығыны арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы әкеледі:

а) анемияға

б) семіздікке

в) атеросклерозға

г) қант диабетке

е) эндемиялық зобқа

174 Анемияның Л. И. Дворецкий, П.А. Воробьев 1994 жылғы бойынша жіктелуі:

а) ишемиялық

б) некрозды

в) дессиминациялық

г) теміртапшылықты

е) кавернозды

175 Анемияның қайсы түрінде науқасқа жүйелі түрде витамин В 12 енгізеді:

а) геморрагиялық

б) теміртапшылықты

в) гемолизді

г) Фолий қышқылы тапшылықты

е) В12 тапшылықты

176Созылмалы миелолейкоздың интоксикациялық симптомының бірі:

а) ауызынан ацетон иісінің шығуы

б) себепсіз тістің қызыл иегінің қанауы

в) тершеңдік

г) жүрек шаншуы

е) экспираторлы ентігу

177 Ісіктік жасушалардың түріне байланысты лейкоздың жіктелуі :

а) геморрагиялық

б) терминальді

в) аплазиялық

г) жедел, созылмалы

е) теміртапшылық

178 Жедел лейкоздағы интоксикациялық, анемиялық синдромдармен бірге тағы қандай синдром болуы мүмкін:

а) уремиялық

б) геморрагиялық

в) неврологиялық

г) тромбоцитопениялық

е) гемолиздік

179 Тромбоцитопениялық пурпураның даму механизмі:

а) қанның ұю процесінде қан ұюту факторларының жетіспеушілігі

в) протромбиннің көбеюі

б) тромбоциттердің шамадан тыс ыдырауы

г) қан тамырларының зақымдалуы

е) қанның фибринолиздік жүйесінің төмендеуі

180 Тромбоцитопениялық пурпурамен ауырған науқастардың терісіндегі өзгеріс :

а) лимон түсті сарғаю

б) мрамор түсті көгеру

в) әр түрлі-түсті « көк, сары жасыл» геморрагиялық бөртпелер

г) гемотомалар

е) тамыр жұлдызшалары

181 Геморрагиялық васкулиттің дамуына ықпал етуші факторлар:

а) ангина, грипп, туберкулез

б) иммунитеттің төмендеуі

г) қан ұю процесінде VIII-IX-XI факторлардың жетіспеушілігі

в) тромбоциттердің көбеюі

е) Эпштейн -Барр вирусы

182 Геморрагиялық васкулиттің клиникалық белгісінің ерекшелігі:

a) геморрагиялық бөртпелер теріде, ауыз қуысында, асқазанда, ішектерде шығады

б) терінің лимон түсті сарғаюы

в) терінің диффузды көгеруі

г) әртүрлі гемморрагиялық дақтар

е) қызыл сақина тәрізді эритемалар

183 Майда- ұсақ буындардың симметриялық өзгерісі, таңертенгі құрысып- тырысуы, ісінуі. Бұл белгілер қандай ауруға тән патологиялық процестер :

а) Ревматизмді артритке

б) Рейтер ауруына

в) Подаграга

г) Остеоартрозға

е) Ревматоидты артритке

184 Зәрдің құрамынан белоктың, эритроциттің анықталуы жүйелі қызыл жегінің қандай түріне тән:

а) өкпелік

б) терілік

в) бүйректік

г) жүректік

е) буындық

185 Мандай, иек, мұрын қырының терісіндегі «көбелек» тәрізді эритемалық бөртпелер пайда болған. Науқасты жөтел, ентігу мазалайды. Аускультацияда өкпе тұсынан плевраның үйкелісі естіледі. Бұл көрініс қандау аурудың белгісі болып табылады.

а) Дерматомиозиттің

б) Қызыл жүйелі жегінің

в) Склеродермияның

г) Геморрагиялық васкулитке

е) Ревматоидты артриттің

186 Анафилактикалық шоктағы қан қысымының өзгеруі:

а) қан қысымы қалыпты

б) систолдық көрсеткіші жоғарылайды

в) систолдық қысым күрт төмендейді

г) өзгермейді

е) веноздық қысым жоғарлайды

187 Квинке ісігінің жұтқыншақтың ісінуінде жедел жәрдем көрсету тактикасы:

а) қан тамырға кальций хлорид енгізу

б) тері астына димедрол енгізу

в) спирография жүргізу

г) трахеостомия жасау

е) магнези сульфатын қан тамырға енгізу

188 Науқас бір дегенде 45 mg ацетилсалицил қышқылы ішке қабылдап қойды. Бұл неге әкеліп соқтыруы мүмкін:

а) психомоторлық қозуға

б) өлімге

в) клонико- тоникалық тырысуға

г) брадикардияға

е) тахикардияға

189 Жүрек қақпақшаларының морфологиялық өзгерісі және оның жекелеген функционалдық бөліктерінің деформациясы– бұл:

a) тәж артериясының атеросклерозы

б) жүрек ақауы

в) инфекциялық эндокардит

г) кардиомиопатия

е) миокард инфарктысы

190 Жүрек ақауының алдын алу шаралары:

a) стенокардияны емдеу

б) ревматизмді емдеу

в)артериалды гипертензияны емдеу

г) миокардитті емдеу

е) кардиомиопатияны емдеу

191 Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде аускультацияда естіледі:

a) қолтық астынан диастолдық сырыл

б) оң ІІ қабырғаарасы тұсынан систолдық сырыл

в) жүрек ұшынан систолдық сырыл

г) қолтық астынан үрленген систолдық сырыл

е) жүрек ұшындағы сартылды І тон

192 Миокардиттің асқынуы:

a) анафилактикалық шок

б) миокард инфаркты

в) гипертониялық криз

г) аритмиялық өзгерістер

е) өкпе ісінуі

193 Қалыпты ( оптимальді) артериалдық қан қысымының көрсеткіші:

a) 140/90 мм.с.б.б

б) 180/100 мм.с.б.б

в) 90/60 мм.с.б.б

г) 120/80 мм.с.б.б

е) 160/90 мм.с.б.б

194 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) және Гипертония бойынша халықаралық қоғам (ГХҚ) сарапшыларының шешімінің жіктемесі бойынша артериалды гипертензияның

ІІІ дәрежесіне тән қан қысымы:

a) 130/80 мм.с.б. б

б) 100/60 мм.с.б б

в) 150/90 мм.с.б. б

г) 180/110 мм.с.б.б

е) 140/90 мм.с.б.б

195 Артериалды гипертензияда электрокардиограммада анықталатын өзгеріс:

a) жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы

б) жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы

в) Гис будасы оң аяқшасының блокадасы

г) жүрек бұлшық еттерінің некроздану белгілері

е) атриовентрикулярлық блокадасы

196 Гипертониялық криздің дамуына ықпал ететін себепші жағдайлардың бірі:

a) психоэмоционалдық стрестер

б) инфекциялық ошақтар

в) тәтті тағамдарды көп қолдану

г ) 8-9 сағаттан көп ұйықтау

е) еңбек пен демалыс режімін сақтау

197 Бас ауру, көз көруінің нашарлауы, жүрек тұсының шаншуы тән:

a) артериалды гипертензияға

б) стенокардияға

в) ревматизмге

г) жүрек ақауына

е) перикардитке

198 Артериалды гипертензияны емдеудегі алғашқы мақсат:

a) қан қысымын оптимальді деңгейде ұстау

б) нысана ағзаларының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне жол бермеу

в) нысана ағзалары жағынан асқынуларға жол бермеу

г) ас тұзының 10 -15 гр., сұйықтық деңгейін 1,5 - 2 л. жеткізу

е) зат алмасу процессінің бұзылуына жол бермеу

199 Артериалды гипертензияда дәрмексіз ем шаралар:

a) алькоголді 50мг/тәулігіне қолдану

б) тәулігіне 2 000 м шақырым жүгіру

в) тағам рационынан жануар майларын, белоктарды шектеу

г) ас тұзын,сұйықтықты шектеу

е) тағамға бояғыш заттарды, эмульгаторларды қоспау

200 Атеросклероздың этиологиясы:

a) тұзды тамақты жиі қолдану

б) жануар майын көп қолдану

в) сұйықтықты көп қолдану

г) ішімдікті көп қолдану

е) тәтті тағамды көп қолдану



Құрастырған оқытушы: Эркинова. Ю



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет