ТҮсіндірме жазба р/с



Дата29.02.2016
өлшемі45.84 Kb.
#31369


«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына



ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с



Түсіндірме жазбада
көрсетілуге тиіс
мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші
мемлекеттік
органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші
мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

2.

Жобаны қабылдау
қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 қаулысы;

«Мемлекет меншігіндегі мұрағаттық құжаттарды тапсыру туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығы;


«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына мұрағаттық құжаттарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы №204/377 бірлескен бұйрығы

3.

Жоба қабылданған
жағдайда болжанатын
әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық
салдар

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар

Қаржылық шығындарды қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 қаулысыны сәйкес келтіру


6.

Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттің және/немесе
Үкіметтің бұрын
қабылданған актілері
және олардың іске
асырылу нәтижелері
туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысы;

«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



7.

Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік кұрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-қорында орналастыру туралы ақпарат (веб-сайтта, интернет-порталда немесе өзге ақпараттық жүйеде)

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің www.knb.kz ресми интернет-қорында орналастырылған


12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына пресс-релиздің мемлекеттік орган интернет-қорында (веб-сайтында) орналастырылуы туралы ақпарат (пресс-релиз атауы, күні)

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-қорында орналастырылған


Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н. Әбіқаев

2015 жылғы «___» ____________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет