Кіріспе
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ТУЫНДЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРМА ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1 Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың трансформациялық үлгісі
1.2 Жаңа туындылардың ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы өзекті проблемалары
1.3 Тікелей аударма тарихы
2. А. КРИСТИ ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНДАҒЫ РОМАНЫНЫН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 А. Кристи шығармаларының аударылуы ерекшеліктер
2.2 Жазушының алғашқы әңгімелерін тақырыптық жағынан аударма жасау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Антропонимдер адамдардың қарым-қатынасы мен өзара түсіністігі үшін өте маңызды. Жалпы зат есімдерге қарағанда, олар қолданыста әмбебап болып келеді. Тіпті кез-келген тілде адамның есімі бірдей естіледі, сәйкесінше тілдік кедергілер туралы айтпасақ та болады. Сондықтан есімдер мен атауларды шет тілінен аударғанда ерекше тәсілді қажет етпейді деп саналады, дегенмен бұл қате түсінік. Антропонимдер өздерінің бастапқы тілдік ортасында күрделі мағыналық құрылымға, форма мен этимологияға тән айрықша ерекшеліктеріне, сөздерді түрлендіруге және сөзжасам қабілеттеріне, тілдің басқа бірліктерімен және категорияларымен көптеген байланыстарға ие. Ал, жалқы есімдерді басқа тілге аударғанда, бұл қасиеттердің көп бөлігі жоғалады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жаңа туындыларды зерттеуде А. Кристи еңбегі ерекше қызығушылық тудырады. Оның «Скиттаферд қүпиясы» туралы қиял-ғажайып романы айтарлықтай айқын семантикалық жүктемені көтеретін, өзіндік дыбыстық бейнесі бар көптеген антропонимдерге толы. Автордың жалқы есімдері романда ерекше рөл атқарады, олар жағдайдың сипатын, интригасын, соқтығысуын, комизмін күшейту үшін қолданылады, сонымен қатар, адамның қасиеттерін, оның іс-әрекетін, әлеуметтік жағдайын сипаттай алады.
Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің есімдері жасырын ақпараттың едәуір көлемін анықтайтын ең мәнерлі және нормативті құрал болып табылады.
Қазіргі уақытта Скиттаферд қүпиясы романдарының көптеген аудармалары бар, бұл аудармашылардың оқырманға түпнұсқаның жаңа интерпретациясын ұсынуға деген ұмтылысымен байланысты. Бұл қиял-ғажайып роман әлемнің 80 тіліне аударылған, соның ішінде қазақша, орысша, латын, албан, әзірбайжан, өзбек, тіпті ежелгі грек тіліне де аударылған.
Кристидің жұмысы көбінесе жалқы есімдермен қаныққан. Дегенмен, аудармашылардың оларды қалай аудару керектігі туралы пікірлері әртүрлі: мәтіндегі жалқы есімдердің аударылу жолдары нақты белгіленбей, аударудың көптеген аспектілері әлі де толық зерттелмеген. Сондықтан, жалқы есімдерді аударғанда байқалатын айқын сәйкессіздік және айырмашылықтар аудармалардың сапасына әсер ететіні сөзсіз.
Жалқы есімдерді аудару мәселесін көптеген ғалымдар (О.И.Фонякова, А.В.Федоров, С.И.Зинин, Қ. Жұбанов, І.К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдаp, Т. Жанұзақов, Ә. Абдpахманов, Е. Жанпейсов, Қ. Pысбеpгенова, Г.Б. Мадиева, А. Жаpтыбаев т.б.) қарастырғанымен, көркем шығармалардағы кісі есімдері мен реалийлерді әртүрлі тілдерге көшіру мәселесі әлі де болса зерттеліп біткен жоқ. Бұл осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Бұл жұмыстың зерттеу нысаны Агата Кристидің «Скиттаферд қүпиясы» детектив жанрындағы романын аудару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |