Түсіндірме жазба
-
Желінің атауы мен түрі.
2. Желінің қызмет етуін қамтамасыз ететін әкімшілік-ұйымдастыру қағидаттары (меншік нысаны, иесі, пайдаланылатын кәсіпорындар, кәсіпорын – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастары).
3. Өтінім беру кезіндегі желінің пайдалануға дайындығы (немесе пайдалануды бастау мерзімі).
4. Желі құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:
1) құрылымы, оның ішінде қалааралық (халықаралық, аймақішілік) желілермен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын элементтер;
2) қалааралық (халықаралық) желілермен түйісуді техникалық қамтамасыз ету (желіаралық түйісу хаттамалары, тікелей түйісу, байланыс арналарының түрлері және оларды ұйымдастыру тәсілдері).
5. Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін, IP-телефония қызметтеріне (Интернет-телефония) және байланыстың интеллектуалдық желілер қызметтеріне ұсыну үшін ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердің түйіндесу желілерінің операторларымен, отандық желілермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттік тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келісімдердің болуы, техникалық құралдардың болуы және функционалдық дайындығы).
6. Желінің жұмыс істеу ауқымы:
1) желі топологиясы (Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, басқа да шет елдердің желі қамтитын қалалары мен аймақтарының тізбесі);
2) пайдаланушылардың, оның ішінде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтеріменпайдаланылатындардың саны;
3) тікелей түйіндесу жүргізілетін шетел желілері мен транзиттік тораптарының тізбесі;
4) пайдаланушыларға, тапсырыс берілген желімен тікелей түйіндесуі жоқ шетел желілерінің абоненттеріне шығуды ұсыну мүмкіндігі;
5) қалааралық (халықаралық) трафик (кіріс, шығыс);
6) қызметтердің құрамы.
7. Желінің нөмірлеу жоспарын құру қағидаттары.
8. Қызметтердің сипаты.
Ескертпе:
1) 4, 5-тармақтар бойынша мәліметтер өтініш беру кезіндегі жағдай бойынша жазылады және желіні дамыту жоспары бойынша деректер келтіріледі;
2) 5-тармақ нөмірлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEFХ1» және «DEF Х1Х2» кодтарын, қызметтерге қолжетімділік кодтарындағы «Х1Х2Х3(Х4)» байланыс операторларының (қызметтер провайдерлерінің) кодтарын сұрататын операторлар үшін ғана; оператордың таңдау префиксін сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшін ғана қолданылады;
3) 6-тармақтың 3)-5) тармақшалары нөмірлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEF Х1» және «DEF Х1 Х2» кодтарын сұрататын операторлар үшін ғана жарамды;
4) егер бұрын лицензия алуға ұсынылған түсіндірме жазба өзгертілсе, 7-тармақ бойынша жаңа нөмірлеу жоспары қосымша беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |