ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ
|
WT/ACC/KAZ/93
2015 жылғы 23 маусым
|
(15-3271)
|
Бет. 1/919
|
Қазақстан Республикасының
ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі жұмыс тобы
|
Түпнұсқа: ағылшын тілінде
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА
ҚОСЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ
БАЯНДАМАСЫ
I. КІРІСПЕ 7
ҰСЫНЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР 7
КІРІСПЕ МӘЛІМДЕМЕЛЕР 8
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ 9
- Ақша-кредит және салық-бюджет саясаты 9
- Шетел валютасы және төлемдер 17
- Инвестициялық режим 27
- Мемлекеттік меншік, мемлекеттік сауда ұйымдары және жекешелендіру 39
(а) Жекешелендіру 39
(b) Мемлекетке тиесілі және мемлекет басқаратын кәсіпорындар, арнайы және айрықша артықшылықтары бар кәсіпорындар Error: Reference source not found
- Баға белгілеу саясаты 62
- Бәсекелестік саласындағы саясат 74
III. САЯСАТТЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ 86
- Биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтарының құзыреттері 86
- Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық негізі 91
(а) Еуразиялық экономикалық одақ құрудың құқықтық негізі 91
(b) Еуразиялық экономикалық одақтың құрылымы және сауда саласындағы құзырет 92
(c) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 93
(d) Еуразиялық Үкіметаралық кеңес 93
(e) Еуразиялық экономикалық комиссия 94
(f) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 94
(g) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 95
(h) ЕАЭО органдарының шешімдер қабылдауы 99
(i) Еуразиялық экономикалық одақтың соты 100
(j) Транспаренттілік 103
(k) ЕАЭО құқықтық режимі шеңберінде ДСҰ міндеттемелерін орындау 103
- Сыртқы сауда саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар; Апелляция беру құқығы 106
IV. ТАУАРЛАР САУДАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ 109
- Импорт және экспорт бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін тіркеу талаптары Error: Reference source not found
- (a) Этил спирті және алкоголь өнімі Error: Reference source not found
- (b) Дәрілік заттар Error: Reference source not found
- (c) Шифрлау құралдарын және арнайы техникалық құралдарды қамтитын тауарларды қоса алғанда криптографиялық қасиеті бар өнімдер Error: Reference source not found
- (d) Қорытынды Error: Reference source not found
А. ИМПОРТТЫҚ РЕТТЕУ Error: Reference source not found
- Қарапайым кедендік баждар Error: Reference source not found
- Өзге баждар және алымдар Error: Reference source not found
- Тарифтік жеңілдіктер Error: Reference source not found
- Тарифтік квоталар Error: Reference source not found
- Көрсетілген қызметтерге алымдар мен төлемдер Error: Reference source not found
- Импортқа қатысты ішкі салықтарды қолдану Error: Reference source not found
- Тыйым салуды, квотаны және лицензиялау жүйесін қоса алғанда импортқа арналған санды шектеулер 159
- (а) Квотаны және тыйымдарды қоса алғанда, импортқа арналған сандық шектеулер 161
- (b) Импорттық лицензиялау Error: Reference source not found
- Кедендік құн Error: Reference source not found
- Тауарлардың шыққан елін айқындау қағидалары Error: Reference source not found
- Басқа кедендік формальдылықтар Error: Reference source not found
- Жөнелту алдындағы инспекция Error: Reference source not found
- Демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шаралары Error: Reference source not found
- (а) Өтпелі режим Error: Reference source not found
- (b) ЕАЭО туралы шартқа сәйкес белгіленген режим Error: Reference source not found
В. ЭКСПОРТТЫ РЕТТЕУ Error: Reference source not found
- Ұсынылатын қызметтер үшін алынатын кедендік баждар, алымдар және экспортта ішкі салықтарды қолдану Error: Reference source not found
- Тыйымдар мен квоталарды қоса алғанда экспортқа сандық шектеулер Error: Reference source not found
- Экспорттық лицензиялау Error: Reference source not found
C. СЫРТҚЫ САУДАҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ІШКІ САЯСАТ Error: Reference source not found
- Субсидияларды қоса алғандағы өнеркәсіптік саясат Error: Reference source not found
- Саудадағы техникалық кедергілер, стандарттар мен сертификаттау Error: Reference source not found
(а) Заңнамалық база Error: Reference source not found
(b) Ұйымдар Error: Reference source not found
(c) Техникалық регламенттер, халықаралық және ұлттық стандарттар және сәйкестікті бағалау рәсімдері Error: Reference source not found
- (i) Техникалық регламенттер Error: Reference source not found
- (ii) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңмен көзделген техникалық талаптар Error: Reference source not found
- (iii) Ерікті ұлттық және халықаралық стандарттар Error: Reference source not found
- (iv) Қазақстанның міндетті ұлттық стандарттарының күшін жою Error: Reference source not found
- (v) Сәйкестікті бағалау бойынша органдарды аккредиттеуді қоса алғанда, сәйкестікті бағалау рәсімдері Error: Reference source not found
(d) Транспаренттілік Error: Reference source not found
- Санитариялық және фитосанитариялық шаралар 285
(а) Заңнамалық База 285
(b) Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын реттеуге жауапты уәкілетті органдар 290
- ЕАЭО құзыретті органдары және олардың өкілеттіктері 290
- (ii) Ұлттық құзыретті органдар 293
(c) Техникалық регламенттерді әзірлеу/ СФС-ке міндетті талаптар 294
(d) Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар саудасы 306
- i) Ветеринариялық сертификаттар 308
- (ii) Кәсіпорынды мақұлдау, тіркеу және тексеру 316
- (iii) Импортқа рұқсат беру 339
- (iv) Транзитке рұқсат беру 346
(e) Фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды сату 348
(f) Адам денсаулығын қорғау 356
(g) СФС режимінің СФС бойынша ДСҰ келісімінің жекелеген ережелерімен сәйкестігі 361
- (i) Халықаралық стандарттармен және нормалармен үйлесімділік 361
- (ii) Тәуекелдерді бағалау 366
- (iii) Аймақтандыру 371
- (iv) Баламалылық 371
- (v) Кемсітпеушілік 374
(h) Ақпараттық орталықтың ашықтығы, хабарламалары және өкілеттіктері 375
(i) Мөлшерлестік, қажеттілік және ақылға қонымдылық 380
(j) Қорытынды 381
- Саудаға қатысты инвестициялық шаралар 382
Еркін аймақтар, Арнайы экономикалық аймақтар 392
- (а) Кеден одағындағы АЭА-ны реттеу 393
- (б) АЭА жөніндегі ұлттық заңнама 396
- (в) Қазақстан Республикасының кедендік және салықтық заңнамасы 400
- (г) «Еркін қойма» кедендік режимі 402
- Мемлекеттік сатып алулар 405
- Транзит 412
- Қарсы сауда және айырбас мәмілелері 417
- Ауыл шаруашылығы саласындағы саясат 417
(а) Импорт 418
(b) Экспорт 418
(c) Ішкі саясат 418
- Азаматтық авиатехника саудасы 425
V. САУДАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК РЕЖИМІ 426
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 426
- Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау 426
- Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы саясат үшін жауапты органдар 429
- Зияткерлік меншік туралы халықаралық конвенцияларға қатысу 432
- Шетел азаматтарына қатысты ұлттық режимді және барынша қолайлылық режимін қолдану 434
- Салықтар мен алымдар 435
- ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ РӘСІМДЕРІН ҚОСА АЛЛЛҒАНДА, ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚОРҒАУ СТАНДАРТТАРЫ 436
- Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар 439
- Қызмет көрсету белгілерін қоса алғанда тауар таңбалары 439
- Шығарған мемлекеттің атауын қоса алғанда, географиялық атаулар 442
- Өнеркәсіптік үлгілер 448
- Патенттер 449
- Өсімдік сұрыптарын қорғау 454
- Интегралдық микросхемалар топологиясы 455
- Коммерциялық құпия мен сынақ деректерін қоса алғанда, жабық ақпарат бойынша талаптар 455
- ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ 459
- Соттық азаматтық-құқықтық рәсімдер мен шешімдер 459
- Уақытша шаралар 461
- Әкімшілік рәсімдер мен құралдар 462
- Арнайы шекаралық шаралар 464
- Қылмыстық рәсімдер 466
VI. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САУДАСЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН САЯСАТ 471
VII.ТРАНСПАРЕНТТІЛІК 481
- Саудаға қатысты ақпаратты жариялау 481
- Хабарламалар 486
VIII.САУДА КЕЛІСІМДЕРІ 486
ҚОРЫТЫНДЫ 497
1-ҚОСЫМША
2-ҚОСЫМША
3(A) ҚОСЫМША
3(B) ҚОСЫМША
3(C) ҚОСЫМША
3(D) ҚОСЫМША
3(E) ҚОСЫМША
3(F) ҚОСЫМША
3(G) ҚОСЫМША
3(H) ҚОСЫМША
4-ҚОСЫМША
5(А) ҚОСЫМША
5(B) ҚОСЫМША
6-ҚОСЫМША
7-ҚОСЫМША
8-ҚОСЫМША
9-ҚОСЫМША
10-ҚОСЫМША
11-ҚОСЫМША
12-ҚОСЫМША
13-ҚОСЫМША
14(А) ҚОСЫМША
14(B) ҚОСЫМША
15(А) ҚОСЫМША
15(B) ҚОСЫМША
15(C) ҚОСЫМША
15(D) ҚОСЫМША
16-ҚОСЫМША
17(А) ҚОСЫМША
17(B) ҚОСЫМША
18-ҚОСЫМША
19-ҚОСЫМША
20-ҚОСЫМША
21-ҚОСЫМША
22(A) ҚОСЫМША
22(B) ҚОСЫМША
22(C) ҚОСЫМША
23-ҚОСЫМША
24-ҚОСЫМША
ҚОСЫМША
I. КІРІСПЕ
-
1996 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Қазақстан деп аталады) Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін өтінім берді. 1996 жылғы 6 ақпанда Бас кеңес отырысында Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің ХІІ бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің ДСҰ-ға кіру туралы өтінішін қарастыру үшін Жұмыс тобы құрылды (WT/GC/M/10 құжаты). Жұмыс тобының құзырет саласы мен құрамы WT/ACC/KAZ/2/Rev.40 құжатында көрсетілген.
-
Жұмыс тобының отырыстары 1997 жылғы 19-20 наурызда және
1997 жылғы 9 қазанда Мәртебелі Елші Б. Экблом (Финляндия) мырзаның жетекшілігімен; 1998 жылғы 9 қазанда, 2001 жылғы 12-13 шілдеде және
2002 жылғы 13 желтоқсанда Мәртебелі Елші П. Хухтаниеми мырзаның (Финляндия) жетекшілігімен; 2004 жылғы 4 наурызда, 2004 жылғы
3 қарашада, 2005 жылғы 7 маусымда, 2006 жылғы 1 қарашада және
2008 жылғы 17 шілдеде Мәртебелі Елші В. Химанен мырзаның (Финляндия) жетекшілігімен; және 2010 жылғы 18 сәуірде Мәртебелі Елші Х. Химанен мырзаның (Финляндия) жетекшілігімен; 2012 жылғы 24 шілдеде,
2012 жылғы 5 қазанда, 2012 жылғы 10 желтоқсанда, 2013 жылғы
20 наурызда, 2013 жылғы 6 маусымда, 2013 жылғы 23 шілдеде, 2013 жылғы 11 қазанда, 2014 жылғы 23 шілдеде және 2015 жылғы 10 мен 22 маусымда Мәртебелі Елші В. Химанен мырзаның (Финляндия) жетекшілігімен өткізілді.
ҰСЫНЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР
-
Жұмыс тобы талқылау үшін 1-Қосымшада көрсетілген заңнамалық актілер мәтіндерін және басқа да құжаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда режимі жөніндегі меморандумға (WT/ACC/KAZ/3, WT/ACC/KAZ/3/Add.1), Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда режиміне шолу (WT/ACC/KAZ/40), Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда режимі бойынша Жұмыс тобының мүшелеріне берілген сұрақ-жауаптарға (WT/ACC/KAZ/6, WT/ACC/KAZ/6/Add.1, WT/ACC/KAZ/6/Add.2, WT/ACC/KAZ/10, WT/ACC/KAZ/11, WT/ACC/KAZ/14, WT/ACC/KAZ/22, WT/ACC/KAZ/37, WT/ACC/KAZ/37/Add.1, WT/ACC/KAZ/37/Add.2, WT/ACC/KAZ/37/Add.3, WT/ACC/KAZ/37/Add.3/Corr.1, WT/ACC/KAZ/50, WT/ACC/KAZ/50/Corr.1, WT/ACC/KAZ/57, WT/ACC/KAZ/63, WT/ACC/KAZ/66, WT/ACC/KAZ/67, WT/ACC/KAZ/70, WT/ACC/KAZ/71, WT/ACC/KAZ/72, WT/ACC/KAZ/75, WT/ACC/KAZ/77, WT/ACC/KAZ/78, WT/ACC/KAZ/83, WT/ACC/KAZ/87) және Қазақстан Республикасы ұсынған басқа ақпаратқа (WT/ACC/KAZ/8, WT/ACC/KAZ/12, WT/ACC/KAZ/17, WT/ACC/KAZ/19, WT/ACC/KAZ/24, WT/ACC/KAZ/25, WT/ACC/KAZ/26, WT/ACC/KAZ/27/Rev.1, WT/ACC/KAZ/28, WT/ACC/KAZ/29, WT/ACC/KAZ/30, WT/ACC/KAZ/31, WT/ACC/KAZ/32/Rev/2, WT/ACC/KAZ/34/Rev.3, WT/ACC/KAZ/35, WT/ACC/KAZ/41, WT/ACC/KAZ/43/Rev.1, WT/ACC/KAZ/44, WT/ACC/KAZ/45, WT/ACC/KAZ/46, WT/ACC/KAZ/47, WT/ACC/KAZ/48, WT/ACC/KAZ/51, WT/ACC/KAZ/52, WT/ACC/KAZ/53, WT/ACC/KAZ/54, WT/ACC/KAZ/55, WT/ACC/KAZ/58/Rev.3, WT/ACC/KAZ/59, WT/ACC/KAZ/60/2-Rev.2, WT/ACC/KAZ/61/1-Rev.1, WT/ACC/KAZ/64, WT/ACC/KAZ/65, WT/ACC/KAZ/73/9-Rev.9, WT/ACC/KAZ/74 және WT/ACC/KAZ/88) сүйенді.
КІРІСПЕ МӘЛІМДЕМЕЛЕР
-
Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өзінің тәуелсіздігін жариялағаны туралы айтты. Содан бері Қазақстан нарықтық экономикаға көшуді және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық реформалар бағдарламасын жүзеге асырды. Сауда және бағаны ырықтандыру, жекешелендіру, бәсекелестік және салық-бюджеттік және ақша-кредиттік реформалар сияқты маңызды салаларда едәуір прогреске қол жеткізілді.
-
Қазақстанның реформалар бағдарламасының негізі сауда мен инвестицияға қолайлы және халықаралық мойындалған стандарттарға негізделген нормативтік-құқықтық режимнен тұрады. Атап айтқанда, Қазақстан өзінің сауда режимін тауарлардың шектеулі көлеміне импорт пен экспортты лицензиялау талаптарын азайту; мемлекеттік сауда монополиялары мен импорттық және экспорттық квоталар сияқты сауда үшін тарифтік емес кедергілерді болдырмау арқылы өзінің сауда режимін ырықтандырды. Қызметтер нарығына қол жеткізу саласында Қазақстан нарыққа кіруге кедергілерді жоятын және адал бәсекелестікке кепіл болатын нормативтік-құқықтық базаны құрды.
-
Негізгі сауда-инвестициялық заңнама өнімдер мен қызметтердің шығу тегіне қарамастан кемсітпеушілік режимін және шетелдік инвесторларға қатысты ұлттық режимді қолдана отырып, ДСҰ қағидаттарын ұстанады. Кедендік кодекс ДСҰ және ДКҰ нормаларына негізделіп, осылайша, кедендік рәсімдердің ашықтығын және тауарлардың уақтылы өңделуін қамтамасыз етті. Қазақстан Үкіметі ең алдымен, техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, импортты лицензиялау салаларында және т.б өз заңнамаларын ДСҰ нормаларына сәйкес келтіру бойынша маңызды қадамдар жасауда.
-
Қазақстан ДСҰ мүшесі болуға және көпжақты сауда жүйесіне тұтастай бірігуге дайын. Бұл дайындық Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1996 жылдың 29 қаңтарында ДСҰ-ға кіру үшін ресми өтініш берген кезде көрініс тапты.
-
Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру туралы өтінішін құптап және ДСҰ-ға кіру процесін өздері толықтай қолдайтынын білдірді. Комитет мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі нарықтық экономиканы құру мақсатында жасаған реформалар мен қадамдар ауқымын және оның көпжақты сауда жүйесіне бірігуге берік ұстанымдарын мойындады. Олар, сондай-ақ, Қазақстан Еуразиялық континенттің сауда ағымындағы маңызды рөл атқаратынын және осыған сәйкес оның мүшелігі Ұйым мен әлемдік экономиканы нығайтатынын атап көрсетті.
-
Жұмыс тобы Қазақстанның экономикалық саясатын және сыртқы сауда режимін және Қосылу туралы хаттама жобасының мүмкін жағдайларын қарастырды. Жұмыс тобының мүшелері білдірген пікірлер және Қазақстанның сыртқы сауда режимінің әртүрлі қырлары, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жағдайлары төменде 10 және 1174-тармақтарында келтірілген.
ІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
– Ақша-кредит және салық-бюджет саясаты
-
Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүзеге асыратын және айқындайтын жалғыз орган екенін атап өтті. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар, ҚРҰБ жоғары (бірінші) деңгейлі болса, қалған банктер төмен (екінші) деңгейлі банктер болып табылады. Өзінің құзыреті шеңберінде ҚРҰБ басқа мемлекеттердің орталық банктерімен және басқа елдер банктерімен; халықаралық банктермен және өзге де ақша-кредиттік ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді. ҚРҰБ өз міндеттерін орындау барысында кіріс табу мақсатын басшылыққа алмайды. ҚРҰБ заңнамалық актілермен берілген өзінің құзыреті шегінде тәуелсіз болып табылады. Өкілдік және атқарушы органдар ҚРҰБ-ның, оның филалдары, өкілдіктері және ұйымдарының қызметіне араласуға құқығы жоқ.
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы № 2155 (2012 жылғы 5 шілдедегі түзетулермен) Заңына сәйкес ҚРҰБ ақша саясатының негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Оның орындалуы үшін ҚРҰБ-ға келесі міндеттер жүктелген: (i) мемлекеттің ақша-кредиттік саясатын әзірлеу және жүзеге асыру; (ii) төлем жүйесі қолдау; (iii) валюталық реттеу және валюталық бақылау; (iv) қаржы жүйесінің тұрақтылығына көмек көрсету;
(v) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау, реттеу және қадағалау; (vi) қаржы қызметі тұтынушыларының мүддесі мен құқығын қорғау;
(vii) ақша-кредит саласындағы және сыртқы сектордағы статистикалық қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстанның басқа да заңдарына және Президент актілеріне сәйкес міндеттерді орындау. Сондай-ақ ҚРҰБ соңғы кредит беруші инстанциясының функциясын атқарады және Қазақстанның заңнамасына сәйкес ҚРҰБ Басқармасының шешімдеріне сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар. 1998 жылдан бастап, ҚРҰБ мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырған емес.
-
ҚРҰБ ақша-кредит саясатын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктерді несиелермен қамтамасыз етеді; ұлттық және шетел валютасында депозиттерді қабылдайды; валюта нарығында интервенцияларды жүзеге асырады; қысқа мерзімді ноталар шығарады; ашық нарықта құнды қағаздармен операциялар жүргізеді; коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүзеге асырады. ҚРҰБ ақша-кредит саясатын жүргізу қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін, негізгі операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлерін және ең аз резервтік талаптарды орнату арқылы орындалады.
-
2011 жылы Қазақстанда инфляция 7,4% құрады. 2012 жылы ҚРҰБ өз қызметінің басым бағыты макроэкономикалық жағдайларға сәйкес бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруына бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыру деп белгіледі.
-
ҚРҰБ депозиттер мен банктер қарызының сыйақы көлемдері мен мөлшерлемелерін реттеу мақсатында ең аз резервтік талаптар нормативтерін қолданады. Ерекше жағдайларда, жанама ақша-кредиттік реттеудің әдістері арқылы инфляциялық процестерді тоқтату мүмкін болмағанда, ҚРҰБ жекелеген операция түрлеріне тікелей сандық шектеулер қою құқығы бар. ҚРҰБ 1993 жылы ұлттық валюта, теңге (KZT), енгеннен бастап, ең жоғары мөлшерлеме және 1995 жылдан бастап кредиттік шектеулер қойған жоқ.
-
Қаржы нарығындағы сыйақы мөлшерлемесін реттеу және банктердің артық өтімділігін стерилизациялаудың негізгі құралдары ҚРҰБ-дағы қысқа мерзімді ноталар және екінші деңгейлі банктердің депозиттері болып қалады. Қысқа мерзімді ноталар ҚРҰБ-мен шығарылған мемлекеттік құнды қағаздар болып табылады. Қысқа мерзімді ноталардың эмиссиясы 1 жыл мерзімге дейінгі қаржылық құралдар бойынша табыстық ауытқымасын құруға бағытталған. 2011 жылы ақша нарығындағы өтімділік жағдай түбегейлі өзгермейді. Қысқа мерзімді ноталардың айналым мерзімі осы деңгейлерде – 3, 6 және 9 ай сақталады
-
Валюталық режим туралы сұрақтарға Қазақстан өкілі 2007 жылғы
1 қаңтарда валюталық операциялары бойынша алдыңғы рұқсат беру рәсімдері толығымен жойылған деп жауап берді. Валютаны реттеудің қолданыстағы режимі (тіркеу және хабарлау) валюталық операцияны өткізуді шектемейді және валюталық операцияның статистикалық мониторингін мақсат етіп қояды. Валюталық режимді және валютаны бақылауды бұдан әрі жетілдіру үшін басым бағыт шетел активтерімен операцияларды қоса алғанда, резиденттер жүргізетін валюталық операциялар үшін талаптарды жеңілдету болып табылады. Валюталық операцияларға байланысты тәуекелдерді бақылау үшін Қазақстан банктерде, зейнетақы жинақтау қорларында және сақтандыру компанияларында пруденциялық реттеу және тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыру шараларын қолданатын болады.
-
Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстан өкілінен тіркеу және хабарлау режимі үшін «резидент» терминін айқындауды сұрады, оған жауап ретінде Қазақстан өкілі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы №57-ІІІ Заңның 1-бабына сәйкес мыналар: (i) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген, шетелде тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шетелде уақытша болатын немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіндегі азаматтар; (ii) Қазақстанда тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; (iii) Қазақстанның заңнамасына сәйкес Қазақстанның аумағында құрылған заңды тұлғалар, сол сияқты Қазақстан аумағында немесе шетелде орналасқан олардың филиалдары және өкілдіктері; және (iv) Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық, сауда және басқа да ресми өкілдіктері болып табылады. Тиісінше резиденттерге жатқызылмаған барлық жеке тұлғалар және заңды тұлағалар, олардың филиалдары және өкілдіктері бейрезиденттер болып табылады. Ол лицензиялау және тіркеу талаптары мәмілеге қатысатын резиденттерге ғана қолданылатынын айтты (және бейрезиденттерге қолданылмайды).
-
Мемлекеттік бюджетке түсетін негізгі түсімдер және негізгі шығыстар көздері бойынша ақпарат туралы сұрау салуға Қазақстан өкілі 2011 жылы мемлекеттік бюджет түсімдері 2011 жылы ЖІӨ 19,9% құрады деп жауап берді. Негізгі салықтық түсімдер болатын салықтық кірістер
74,1%, корпоративтік табыс салығы 19,5%-ды, ҚҚС 16%-ды, жеке табыс салығы 7%-ды, әлеуметтік салық 5,5%-ды құрайды. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар салықтарының үлес салмағы жалпы салықтық түсімнің
20,4 %-ын құрады.
-
Бұдан әрі ол 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлауға көшуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бюджет кодексі мемлекеттік мекемелер функцияларын қайта бөлуге, жай қаржы бөлуден мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындау жолымен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Қазақстан Республикасында мынадай бюджеттер бекітіледі және орындалады: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті. Бюджетке түсетін кірістер: бюджеттік кредитті өтеу сомасы, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар болып табылады. Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер түсімі бюджет кірісіне жатады. Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде бекітілген салықтық түсімдер және бюджетке міндетті төлемдер болып табылады. Бюджет кодексіне сәйкес мыналар бюджетке міндетті төлемдер болып саналады: мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда корпоративтік табыс салығы (КТС); шығарылған өнімдерге, жұмыстар мен қызметтерге және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы (ҚҚС); импортталған тауарларға акциздер, шикі мұнай, газ конденсаты, Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарларға, және басқа да бюджеттік төлемдер жатады. Салықтық емес түсімдерге міндетті бюджетке қайтарымсыз негізгі капиталды сатудан түскен, грантқа байланысты, сол сияқты бюджетке ерікті берілген қаржы, трансферттерден басқа түсімдер: (i) республикалық меншік кірістері: республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімі; ҚР ҰБ таза кірісінің бөлігінің түсімі; республика меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер; республика меншігінде болып саналатын заңды тұлғалар қатысуымен кірістер бөлігі; республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін түсімдер; ҚРҰБ-да үкіметтік депозиттер мен екінші деңгейлі банктердің ішкі қарызы есебінен мемлекеттік сыйақы мөлшерлемелерінен; республикалық бюджет есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы; әскери техниканы сатудан түскен кіріс; республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер; (ii) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатуынан түскен түсім; (iii) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастырған мемлекеттік сатып алуларды өткізгеннен түскен ақша түсімі; (iv) мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдерді есептемегенде, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар; және (v) мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдерді есептемегендегі басқа да салықтық емес түсімдердің республикалық бюджетке түсуі.
-
Салықтық режим туралы жалпы сипаттама беру туралы сұрау салуға Қазақстан өкілі салық жүйесі әділеттілік, транспаренттілік, салық жүйесінің тұтастығы қағидаттарында құрылатынын айтты. Ол 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі):
(i) шикізаттық емес экономика секторларының салықтық ауыртпалығын төмендетуге; (ii) әкімшілік кедергілерді төмендетуге; (іii) салық органдарынынң тиімділігін арттыруға бағытталған деп қосты.
-
Салық қызметі органдары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен және салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық мемлекеттік кіріс комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кіріс комитеттері кіреді. Арнайы экономикалық аумақтар құрған жағдайда, осы аймақ аумақтарында салық органдары құрылуы мүмкін. Салық органдары жоғары тұрған тиісті салық қызметі органына тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Қаржы министрлігі салық органдарына жетекшілік етеді. Кеден органдары Салық кодексіне, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес ЕАЭО кедендік шекарасынан тауар өткізуге байланысты төлеуге жататын салықтарды алуды жүзеге асырады.
-
Салық кодексінде бірқатар салық мөлшерлемесінің төмендетілуі көзделген. Корпоративтік табыс салығы 30 %-дан 20 %-ға дейін төмендетілген. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС 13%-дан 12%-ға дейін төмендеді. Нәтижелер көрсеткендей әлем бойынша Қазақстан ҚҚС мөлшерлемесі ең төмен мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар ҚҚС төлеушілер болып табылады: (i) жеке кәсіпкерлер, (ii) мемлекеттік мекемелерден басқа заңды тұлғалар, (iii) қызметін Қазақстан Республикасында филиалдары немесе өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер. Салық кодексіне сәйкес ҚҚС-ты төлеу үшін тіркелуге міндетті емес: i) мемлекеттік мекемелер; ii) Қазақстанның заңды тұлғаларының құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері); iii) ойын бизнесіне салынатын салық белгіленген, бірыңғай жер салығын төлейтін тұлғалар; iv) жылдық табысы 30000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)1 аз жеке кәсіпкерлер, Қазақстанның заңды тұлғалары және бейрезиденттер, филиалдар және өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратындар. 2014 жылы 30000 АЕК 305274 АҚШ долларына (2014 жылы
1 АЕК 1852 теңгеге немесе шамамен 10,2 АҚШ долларына тең) тең.
-
Қазақстан өкілі Президенттің 2000 жылғы 23 тамыздағы
№402 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғанын айтып өтті, ол ұлттық экономиканың мұнай секторына тәуелділігін төмендету есебінен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және сыртқы қолайсыз факторлардан қорғау мақсатында құрылды. Бюджет кодексінің 21-бабына сәйкес, Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметін атқарады. Ұлттық қор ҚРҰБ-да Үкімет қорында жинақталған материалдық емес2 активтерді қоспағанда, қаржы активтері және мүлік түріндегі мемлекет активтерін білдіреді. Бюджет кодексінің 22-бабына сәйкес, Ұлттық қорға түсім мыналардан тұрады:
-
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджетке аударылған салықтан басқа), оған жататындар: корпоративтік табыс салығы, үстеме табыс салығы; пайдалы қазбалар өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу үлесі; экспортқа рента салығы; өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемі;
-
мұнай секторы ұйымдарының жүргізген басқа операциялары бойынша түсімдері (жергілікті орын бюджетіне түскеннен басқа), оның ішінде мұнай келісімшартын бұзған жағдайдағы түсімдер;
-
республикалық меншіктегі және кен өндіру және өңдеу салаларындағы мемлекеттік мүлікті жекешелендіргендегі түсімдер;
-
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер.
-
Сонымен бірге ол Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
і) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген түрінде;
іі) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалатынын атап өтті.
Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық қор қаржы құралдарына салынған Ұлттық қордың қаржылық активтерінен түсетін инвестициялардан түседі.
-
Жүргізілген әлеуметтік салық реформасы шеңберінде Салық кодексі регрессиялық әлеуметтік салықты 13%-дан 5%-ға дейін жай салыққа көлденең схема бойынша 11% өзгертті. Жұмыс беруші төлейтін, жұмыскер табысына салынатын әлеуметтік салық бюджеттің халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.
-
Салық кодексінде арнайы экономикалық аймақта қызмет ететін компаниялар үшін мынадай преференциялар көзделеді: корпоративтік табыс салығын 100% азайту; 100% азайту корпоративтік табыс салығына аванстық төлемдерге қолданылады; жер салығына нөлдік коэффициент, сондай-ақжер салығына шаққандағы байланысты мөлшемелерге қолданылатын нөлдік коэффициент; және мүлік салығын есептеу кезінде салық сау объектілерінің орташа жылдық құнына нөлдік мөлшерлеме.
-
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдаланушылардың екі түрлі салық режимі қолданылды: (i) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт; және (ii) өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК). 2009 жылғы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда Салық кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылармен өнімді бөлісу тәжірибесі жөніндегі келісім жасасу практикасы қолданылмайды. Бұл ӨБК бойынша қайтарылатын шығындарды есептеу дұрыстығын бақылау күрделі болуына байланысты. Осыған байланысты Салық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін і Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен және қол қойған (2009 жылдың
1 қаңтарына дейін) өнімді бөлу туралы келісімдерде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі сақталады.
-
Салық кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар барлық салықтар мен міндетті төлемдерді бюджетке осы Кодекске сәйкес төлейді, оның ішінде (i) жер қойнауын пайдаланушыларға арнайы төлем, жазылу бонусын, коммерциялық тауып алу бонусы мен тарихи шығынды өтеу төлемін қоса алғанда; (ii) пайдалы қазбалар өндіру салығы (ПҚӨС);
(iii) үстеме табыс салығы.
-
Жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық салу режимін жетілдіру мақсатында роялти төлемі, ПКӨС алмастырылды. Роялти кенді қолданудың әрбір жеке бекітілген келісімшартының қағидаларына сәйкес есептелгендіктен, салықтық ауыртпалықты тең бөлу басты мақсат болып табылады.
-
Салық кодексінің 331-бабына сәйкес ПҚӨС жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке жасалған келісімшарт шеңберінде пайдалы қазбаларды техногендік минералдардық түзбелерден алуды қоса алғанда, мұнай, минералдық шикізат, жерасты суларын және емдік балшық өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылады.
-
Төмендету тәсілі салық салынбайтын таза кірісті 20%-дан 25%-ға дейін ұлғайту есебінен үстеме пайда салығын есептеу үшін қолданылады. Жаңа Салық кодексінің қағидаларына сәйкес үстеме табыс салығы үшін салықтық база жер қойнауын пайдаланушының тиісті салық кезеңі ішіндегі шығыстар сомасының 25%-ынан асатын жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі болып табылады. Бұдан басқа жер қойнауын пайдаланушыларға үстеме пайда салығын салу базасын айқындау кезінде тіркелген активтерді сатып алу бойынша іс жүзінде жасалған шығыстарды және геологиялық барлау бойынша шығыстарды толық көлемде шегеруге жатқызу құқығы берілген.
-
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы 0%-дан 32%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша. Экспортқа іс жүзінде сатылатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құнына әлемдік бағаны ескере отырып салық салынады.
-
ЖТ мүшесі Қазақстан өкілінен қаржы-кредит және салық-бюджет саясаты саласындағы өңірлік бастамалар туралы ақпарат беруін өтінді. Қазақстан өкілі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) «Валюта саясаты» атты XIV бөлімі және
15-қосымшасы «Келісілген валюта саясатын жүргізуге бағытталған шаралар туралы хаттама ЕАЭО валюта саясаты саласындағы құқықтық базаны белгіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО туралы шарттың
XIV бөлімінің 64-бабына сәйкес экономикалық интеграцияны тереңдету, валюта-қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, мүше мемлекеттер аумақтарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің сыртқы сауда және инвестициялық операциялардағы ұлттық валютаның рөлін арттыру, сондай-ақ аталған валюталардың өзара айырбасталуын қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер ЕАЭО шеңберінде келісілген валюта саясатын әзірлейді және жүргізеді. Бұдан әрі, 64-бапқа сәйкес бағам саясатын үйлестіру құрамына мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің жетекшілері кіретін жекелеген орган жүзеге асырады. Бұл органның қызмет ету тәртібі болашақта ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шартта белгіленетін болады. Ол сол сияқты қаржы-кредит және салық-бюджет саясаты саласында шешім қабылдау өкілеттігі мүше мемлекеттердің ұлттық құзыретінде қалатынын атап өтті.
|