Түсінік хат Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді



бет1/2
Дата24.09.2023
өлшемі38.08 Kb.
#478427
  1   2
Тіл дамыту факультативінің жұмыс жоспары


Түсінік хат
Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді.
«Қазақ тілі» – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.
4. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
«Тіл дамыту» бағдарламасы оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілге деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған.
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат, жыл бойы 34 сағат.
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға арналған
«Тіл дамыту» атты факультативінің жұмыс жоспары
Құрастырған:
Бұл факультатив курсы 4 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінің алған білімдерін, жалпы бастауыш курсы бойынша меңгергенін ары қарай жалғастыруға, қосымша мәлімет алуға бағытталған

Бағдарламаның мазмұны


Кіріспе – сағат
Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу
Баланың тілін дамытуда тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Сөйлеудің екі құралының бірі – ым-мимиканы түсіндіру, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеуге жатады. Мимика дегеніміз жан сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау, қолмен, ауызбен белгі беру) т.б. мұны кейбір дыбыстарды таныстыру барысында пайдалануға болады. Қазақ алфавитіндегі барлық дыбыстарды таныстыруда дауыс ырғағын, екпінін дұрыс келтіріп, дыбыстарды анық айтуға үйретіледі. Қатаң, ұяң, дауысты дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, оларды айтуда дыбыс аппараты мен артикуляцияны дұрыс қойып, мәнерлеп айтуға жаттықтырылады. Дыбыстардың дауысты, дауысыз, қатаң, ұяң, үнді-үнсіз болып бөлінетіні меңгертіледі. Жазылуы басқа, айтылуы ұқсас с-з, с-ц, ж-ш, ч-щ, ч-ш, ж-з; ал айтылуында да жазылуында ұқсастық жоқ ч-ц, с-ш,л-р, дыбыстарды дауыс ырғағы мен тіл жылдамдығын реттеп, мәнерлі айтуға үйретіледі. Тілдің дыбысталуы мәдениетіне тәрбиелеуге дидактикалық ойындарды тақырып мақсатына сай: «Көркем жазуға үйренейік» - 2 сағат, «Дыбыс және әріп» - 4 сағат, « Мәтінді көшіріп жазу» - 2 сағат оқытылады.
Сөздік грамматикалық формасын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын бала өте ерте меңгере бастайды. Ересек балалардың тіліне тән қасиет әртүрлі типтегі мәтіндерді құрауды белсенді меңгеру. Балалар монологты меңгереді, грамматикалық құрылым байланыстырып сөйлеу арқылы жетіледі.
Балаларды сөз құраудың амалдарымен таныстыру тілдің грамматикалық құрылымын дамыту да маңызды рөл атқарды. Білім дидактикалық ойындармен жаттығуларда бекиді. Бастауыш сынып балалардың адамдардың кәсібімен таныстыру барлық сөз таптарын жұрнақтардың көмегімен жалғау пайдалануға мүмкіншілік береді. Сөз құрау арнайы тілдік ойындармен жаттығулар арқылы іске асады. Соған байланысты «Сөз таптарын оқыту» бөліміне – 4 сағат уақыт бөлінеді.
Сөздік қорын байыту дамыту - 4 сағат
Ауыз әдебиеті үлгілері: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш,ертегілерді, сюжетті суреттерді ойын, жаттығуларды балаларға арналған мультфильм, кинофильмдерді пайдаланып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауап беру әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сөз туындату, сөйлем құрау, шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқылы баланың тілі дамытылады.
Әңгімелеуге үйретуде төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  • Сюжеттік суреттер бойынша әңгіме;

  • Үлгі (схема) бойынша әңгіме;

  • Құрылған жоспар бойынша әңгіме;

  • Рөлдер бойынша әңгіме (шығарманы сахналау).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет