Түсінік хат
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні
Жаңартылған мазмұны бойынша үлгілік оқу жоспары бойынша 20 тамыз 2021ж. №415 1- қосымша және
«ҚР
БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5
мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі
өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
бұйрығына сәйкес
жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 334 бұйрығына
(4-қосымша) өзгерістер енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік
ойлау қабілетін ойын программалау
ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі
компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1)
«Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;
2)
«Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған
ақпараттың сенімділігі мен
пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3)
«Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты
алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын
алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4)
«Робототехника»: білім беру
роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны
жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ
бұрылыстарының белгіленген
саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180
градус).