Түсініктеме-анықтама. (бұдан әрі – Жоба)



Дата23.02.2016
өлшемі31.72 Kb.
#7060
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі ақпараттандыру саласы бойынша сұрақтары мемлекеттік қызмет» қаулы жобасына

түсініктеме-анықтама.

(бұдан әрі – Жоба)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі ақпараттандыру саласы бойынша сұрақтары мемлекеттік қызмет» қаулы жобасында (бұдан әрі – Қаулы жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келесі қаулыларының күшін жоюды тану қарастырылуда:

1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

2. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1403 Қаулысы;

3. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмге енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және 3 және 4 тармақтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 Қаулысы;

5. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1026 Қаулысы;

6. Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 Қаулысы;

7. 2 тармақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 348 Қаулысы;

8. 22 тармақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамыр № 507 Қаулысы;

9. 8 тармақ өзгерістер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізіледі Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысы;

Көрсетілген қаулылар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 34-бабын және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарын жүзеге асыруға қабылданды;

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы осы нормалар Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінен, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңынан алынып тасталды;

«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актіден жекеленген құқық нормалары алынып тасталған болса, олардың жүзеге асырылуына қабылдаған, төменгі деңгейдегі күші жойылған құқықтық актілерді тану тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қаулы жобасында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының күшін жоюды тану көзделеді.



Қазақстан Республикасының

көлік және коммуникация

Министрі А. Жұмағалиев


«___» _________ 2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет