Құттықтау сөз: Қымбатты әжелер, аналар, балабақша апайлары Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге



Дата16.06.2016
өлшемі86 Kb.
#138440
«Айналайын ақ мамам»


Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға әдемі киімдерін киген балалар музыка ырғағымен бірінің артынан бірі кіреді. Екі жаққа бөлініп тұрады.
Құттықтау сөз:

Қымбатты әжелер, аналар, балабақша апайлары Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге «Күншуақ» тобының апайлары және бүлдіршіндері атынан мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.

Өздеріңізге арналған «Күншуақ» тобының «Айналайын ақ мамам» ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
2-тәрбиеші:

Қадірлі аналар көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Бақытқа толып өмірі –

Шаттыққа шаттық ұлассын.
1-тәрбиеші:

Шын жүрек ақ көңілмен,

Алғашқы көктемі күлімдеген

Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі

Халықаралық әйелдер күнімен.
2-тәрбиеші:

Сізге арналады бүгінгі әніміз,

Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,

Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Хор: «Айналайын ақ мамам».

Әлижан: Қымбатты біздің аналар

Мейірімді аналар

Ертеңгілік, жарқын көңілді

Сіздерге арнап басталар.

Сегізінші наурыз келді

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймыз сіздерді.
Әсемай: Мен апайларымды, мамаларымды 8-наурыз күнімен құттықтаймын. Денсаулық және бақыт тілеймін.

Наурыз айы келгенде,

Сұлу көктем енгенде

Аналардың мейрамын

Тойлайды екен жер жерде.

Алдияр:

Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі,

Мейірімғой керемет.

Ақжүніс: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз, мейраммен,

Құрметті аналар мен апайлар!

Нұршат: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым

Салем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ғани: Анашым деп ән саламыз.

Анашым деп жар саламыз

Қымбатты біздің анамыз

Сені сүйіп сағынамыз.

Қ. Іңкар Ботам деуден талмаған,

Айналайын ақ анам

Ұзақ өмір сүргейсің,

Тілерім сол Алладан.

Расул: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Назерке: Мен гүлдірді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын.

Жүргізуші: Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.
Хор: «Құттықтаймын мама қуанышыңмен!»


Жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,

Ортаға келеді әне толқып тасып

Аруларды сыйлаған апаларым.

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Би: «Гүлдер» Әсемай, Ақжүніс, Қарақат, Іңкар Қ.

Енді кезекті тағы да тақпақтарға берейік. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дегендей армызда әжелерімізде отыр екен, осы әжелерімізге арнап тақпақтар айтайық.
Мадияр: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге

Өлең айтып береді,

Керек болса бәріңе.
Рамазан: Әже деген- берекесі әр үйдің,

Әже деген- қамқоршысы сәбидің.

Әже деген- алыптардың анасы

Әже деген- қонағы ғой пәнидің.
Т.Іңкар Мен ауылға барамын,

Әжем тілін алмаған

Қонаққа ол кеткенде

Үйді бағып қаламын.
Қ.Іңкар: Әжелерді сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.
Қарақат: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен, кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.
Исатай: Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.
Мақсат: Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі.
Сержан: Аналармен, әжелерді

Мерекемен құттықтаймыз.

Оларға арнап ән салып

Көңілді биді билейміз.
Хор: Ән «Әже»

Жүргізуші:

Сізге арналады бүгінгі әніміз,

Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген

Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Тағы да тақпақтарды аналарымызға арнаймыз.

Данияр: Мерекеде балалар,

Тақпақты да оқиды

Көңілді әнмен би билеп,

Ойын ойнап көреді.
Әділжан: Ерте тұрып мамам

Мектебіне кетеді

Балаларды оқытып

Кешке шаршап жетеді.
Мереке: Аялаға, анамыз,

Саялаған панамыз

Шынары боп өсеміз,

Шырағы боп жанамыз.
Сәкен: Жылағанда жұбатқан,

Барын берген балаға

Мұңайғанда қуантқан,

Жан жете ме анаға.
Бексұлтан: Мейірімді аналар,

Балалар келіп бата алар

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.
Аяулым: Менің мамам мұғалім,

Айтқан сөзді ұғамын

Тыңдап жүрсем ақылын,

Азамат боп шығамын.
Мейрамбек: Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам

Қасыңда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.
Замира: Ана біздің гүліміз,

Ананың біз гүліміз

Балаңды ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән «Анашым». Орындаушылар:Қарақат, Іңкар Қ.
Ата-аналарға арналған әзіл-жұмбақтар:

  1. Тәтті бірақ жей алмайсың?

  2. Суды сүзгімен тасуға бола ма?

  3. Теңізден қандай тасты таба алмайсың?

  4. Қатты жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашта қонады?

  5. Ең жіңішке мықты жіп қандай жіп?

  6. Қандай жолмен адам ешқашан жүрмейді?

  7. Көзіңмен көресің, қолыңмен ұстай алмайсың?


Ата-аналардан өлең, би, тақпақ сұрау. Осы біздің «Күншуақ» тобының балаларын және аналарын құттықтауға Астанадан 1-топ қыздарымыз келіп тұр.

Олар көктемгі сән үлгісімен біздерді қуанқалы тұр.

Ару қыздар-Ай көріп, қылығы- Күн,

Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін

Сезбейсіңдер- керемет, қыз тағдырдың сұлулығын.
Күн шекті ұлығылым.

Бүгін сендер құлпұрған құндыз бәрің

Серпіп алға жалғайтын тік тағдырдың

Ескеріңдер ертеңгі ел тағдыры

Сендердің қолдарыңда жер тағдыры деп аруларымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында.

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.

Гүл бітсін бәріміздің қадамыңызға. –

деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тағы да мейрамдарың құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет