Турарғазинова Арай Бақытқазықызы Мекен-жай: Семей қ. 408 квартал, 21 үй, 87 пәтер



Дата09.11.2023
өлшемі16.21 Kb.
#482741
эссе ШТБ 21-09 Т.Арай-1


Турарғазинова Арай Бақытқазықызы
Мекен-жай: Семей қ. 408 квартал, 21 үй, 87 пәтер
Байланыс телефоны: +7 700 736 3261
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК
ШТБ 21-09 топ
«Менің өмірімді өзгерткен кітап»
Мұхтар Әуезов – қазақ халқының санасында мәңгі сақталған, тамырын терең жайған, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасын жете меңгеріп, әлемдік әдебиеттің озық үлгілерін көркем шығармаларында шебер кестелеген қазақ халқының ұлы жазушысы, ақыл-ой алыбы десек артық емес. Шынымен де қазақ ұлтының заңғар жазушысының қаламынан талай көркем шығармалар, әңгімелер, повест, романдар жарық көріп, қанаттарын кең жайған болатын. Осынау туындыларының бірі, менің жадымда ерекше орын алған – «Абай жолы» атты керемет, әсерлі роман-эпопеясы еді.
«Абай жолы» – күллі әлемді таңдандырып, оқыған жанның таңдайларын қақтырған Мұхтар атамыздың шоқтығы биік шедеврі дейікші. Мұндай кең ауқымды, маңынасы терең шығарма менің өмірімде алғашқы кітабым болды. Оқырманды бірінші беттен-ақ баурап алып кететіндігі сонша, мендей кітапқа онша қатты қызуғышылығым жоқ адамды шытырманға толы, қызықты ағысына қалай ілесіп кеткендігін сезбей де қалады екенсін. Әуезов халықтың рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер - Абайдың шынайы бейнесін толықтай аша білді дегім келеді. Дәл осы шығарма арқылы мен Абайдай тұлғаны жақынырақ тани алдым, яғни әрине, романның оқиғасымен бірге өрбіп отырған, қуанышта да, қиыншылық пен ауыртпашылықта да бар ішкі сезіміммен алаңдаған Абай – менің сүйікті кейіпкеріме айналды.
Абай – тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға. Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленді. Ол үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел ретінде көрсете аламын. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі бейнесін менің жаныма жақын бейнеледі. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр. Мұхтар Әуезов: «Абайға ендiгi зор тәрбиеші, ұстаз қазақтың қалың бұқара халқы бола бастайды» деп көрсеткен. Бозбала Абай қыр өміріне қатты араласқан, өзі үшін көп нәр алған. Үлкендерге, әкесі Құнанбайға ере жүріп, ел басқару өнерінің қыр сырына қаныққан.

«Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,


Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
Қалайша бас имессің оған, сірә.» -
демекші Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы – тек көркем шығарма емес, ұлтымыздың болмысы мен дәстүрлі тұрмысын көркем оймен кестелеген, дала тарихы мен философиясы тұнған дала дастаны. Шығарманың характері мен тіл тәрізді портрет жасаудағы жазушының өресін, қабілетін танимыз. Оның заңдылығы – шеберлікке, әдебиеттің өркен жаюына мықты басқыш. Эпопеяға басты кейіпкер етіп тарихи тұлғаны ала отырып, тұтас бір халықтың болмысын тереңнен қопара бейнелеу – әлем әдебиетіне қосылған ерекше көркемдік әдіс болды. М.Әуезовтің портрет жасау шеберлігінің үлгісі бүгінгі әдебиетке әсерін тигізді.
Мұхтардай дара ғұламаны дәріптеу ұрпақтың міндеті және парызы!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет