Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы



бет2/14
Дата13.02.2023
өлшемі273.5 Kb.
#469474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы лекциялар

2 дәріс. Т мен Т негізгі ұғымдары. Туристік саяхат қаүіпсіздігі – маршрут жолын, тактикалық схемалар мен кедергілерден өтудің техникалық әдістерін таңдаудағы негізгі критериі.
Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрут немесе оның кесіндісінде кездесетін кедергілерінен өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу. Туризм түріне байланысты, әртүрлі кедергілерден өту үшін:
- кедергілердің ерекшеліктерін білу;
- осылардан өту әдістерін жете білу;
- осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды дұрыс таңдап қолдана білу қажет.
Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын ұақытын мүмкіндікше аз мөлшерде жұмсап және қаүіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өөту үшін қажетті құралдар мен әрекеттер жиынтығы. Тактикаға кіретіндер: жорықтың график-жоспарын жасап оны орындау, яғни жол мен жол кесінділерінен қолдағы құралдар мен жағдайларда қаүіпсіз түрде өту.
Тактика екі кезеңнен тұрады: а) жорық алдындағы(жорыққа дайындық); б) жорық тактикасы(жорық кезіндегі).
Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау, 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру, 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау, 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін таңдап алу.
Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерін өту графигін өту графигі үнемі реттеп, түзетіп отыру, 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу, 3) әрбір кесіндіден өтуде топ қимылын ретін нақты жоспарлау мен іске асыру, 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.
Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, өлім, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адамадардың күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.
Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әралуан факторлары болады: ауа райының шұғыл өзгеруі, табиғи апаттар, басқа туристік топқа жәрдем беру қажеті, жарақаттар немесе сырқаттар, топтың нашар хал-күйі және т.с.с.
Жорық мақсаты жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Мақсаттар: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу(экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.
Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.
Рекреациялық жорықтар(демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.
Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.
Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.
Күш-қабілет - өтуге жоспарланған жорық қиыншылықтарынан туристік топтың қабілеті. Жорыққа дайындық деңгейін анықтау үшін жорық қатысушылары мен жетекшісінің физикалық, техникалық психологиялық ресурстарын тексеру қажет. Туристік топтың күшін бағалау параметрлері:
- қажетті білімдер мен дағдыларды игеру деңгейі;
- техникалық, физикалық психологиялық ресурстары, бірге жұмыс істеу қабілеті, жеке тәжірибелілік пен шеберлігі;
- мамандандырылуы, бірін бірі ауыстыру мен сыйысушылығы;
- жетекшінің даралығы мен лидер бола алатын адамдар.
Ол үшін әралуан әдістер болады: тест. Сұрау, жарыстар, нормативтер, физикалық, техникалық көрсеткіштер.
Тактика құралдарына туристік шараның(жорықтың) ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жабдықталуы жатады: қаржы, құрал-жабдықтар, тамақтандыру, көлік, байланыс, медициналық қамтамасыздану.
Уақыт – календарлық және күнегі қозғалыс графиктері, жұмыс күнінің ұзақтығы, маршруттың бөлек кесінділерінен өту уақыты. Туризмде көп жағдайларда қашықтық оны өту уақытымен анықталады.
Негізгі маршрут – жоспарланған маршрут.
Қосымша маршрут - жағдайлар өзгеріп кетсе, негізгі маршруттан өту мүмкіншілігі жоқ болып кесе іске асырылатын маршрут, бірақ негізгі маршруттың соңғы пунктіне туристердің жетуімен сипатталады, маршрут өтілді деп есептеледі.
Апаттық вариант төтенше жағдайда ең жақын елді мекенге өте аз уақытта жедел жету үшін, жолдың кез келген нүктесінен жету үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет