ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ХИМИЯ ПӘНІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРЫП, ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ӨРІСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дуйсембиев М.Ж., Ахметжан А. Астана қ., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ m.duisembiev@mail.ru
Уақыт талабына сай жан-жақты білімді азаматтар тәрбиелеп шығару ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет екені кімге де болсын аян. Сондықтан біздер бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бүгінгі егеменді елімізде жастар тәрбиесі өз нәтижесін көрсете алады. Ұстаздар еңбегінде оқыту шеберлігі, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу талабы күшеюге тиіс. Ұстаз әрбір сабақта теориялық және қолданбалы білімдер мен әдістерді тиімді пайдаланып, озық тәжірибелерді тез игеріп, шығармашылықпен жұмыс жүргізсе, сабақтың саналығы да үнемі артып отырған болар еді. Қысқарта айтқанда, оқыту барысында озат тәжірибелер, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ өткізудің ең жаңа түрлерінің бірі – есептерді шығару арқылы оқыту әдісі жайлы баяндап, оны қолданудағы істәжірибемді ортаға салып, таратуды жөн көрдік. Соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде қолдан тапқан, дегенмен әлі де болса ұстаздардың тәжірибесіне кеңінен ене қоймаған тиімді оқытудың негізгі бір саласы — білім алушылардың ұжымдық білім тану еңбегін ұйымдастыру. Олимпиадалық есептерді шығартып оқыту арқылы білім алушылардың жоғары танымдық қабілетін қалыптастыруға болады. Қазіргі ғылыми педагогикада да оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделуде, яғни оқытудағы басымдылық жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуге беріледі. Бұл әдістің артықшылығы – оқытушы мен білім алушылардың арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Ұжымдық оқыту әдісін ұйымдастыруда 4 түрлі тәсілді пайдалануды ұсынады:Мұнда жеке адамның басымдылығы жоқ, әркім өзінше мұғалім. өзі екінші біреуді оқытушы және білім алушыны озат ретінде сынау, қабілетіне қарай еңбек етуіне жағдай туғызу мақсаты қойылған. Бұл үлкен жауапкершілікті керек етеді [2: 21]. 10 Мұндағы ерекшелік – білім алушылардың білімді саналы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, дәлелдеу, т.б. дағдыларды қалыптастырады. Осы сабақта қалыптасуға және тексеругс тиісті біліктер мен дағдыларды мен үш топқа біріктірер едім. Химия жалпы пәндерді оқытуда оны мына сызбанұсқада көрсетуге болады. Қазіргі уақыт талабы — оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашу. Осындай мүмкіндік жасау үшін мұғалім әр түрлі оқыту әдістерін қолдануы қажет. Сабақты күнделікті өмірмен байланыстырып әртүрлі деңгейдегі есептерді шығару сабағы түрінде өткізу білім алушылардың көңіл-күйін көтеріп, пәнге деген қызығуын, сабаққа деген белсенділігін арттыра түседі. «Элементтердің валенттілігін қосылыстарының формулалары бойынша анықтау. Валенттілік бойынша химиялық формулалар құру» тақырыбы бойынша қызықты есептерді шығарып өткізуге болады.. Төменде сол сабақтың жоспары ұсынылады.«Химия қақпасы - химия ғылымның нақ басы», - демекші, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушының тіл байлығын, ой ұшқырлығын, шығармашылық қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру бағыты көзделді.Топтық, жекелей, жалпы тексеру, блокпен жұмыс жүргізіледі.Тірек-сызбанұсқалармен берілген блок тапсырмалар, магниттік тақта үлестірме қағаздар, периодтық кесте, компьютер, видеопроектор, экран электрондық оқулық, т.б. көрнекіліктер пайдаланылады.Химияны оқуды жеңілдетіп, оқушы білімін тиянақты түрде бір жүйеге келтіру үшін, есте сақтайтын білім жүйесі «Химия қақпасы». Отыздан астам кестелер жүйеленіп, қақпа бейнесі түрінде біріктірілген. Элементтер туралы мағлұматтарды жүйелеу барысында оқушы білімін нақтылау, дамыту үшін сыныптағы оқушылар әрбір топқа бөлінеді. Оқушыларға терең білім беруде, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық ізденісін дамытуда, берілетін білім негіздерінің нақтылығы арттыруда олимпиадалық есептерді шығартып оқытудың маңызы зор. Химия пәні жұмбағы көп, құбылысы әр алуан, түсініктері салалы, қызығы мен сыры мол пән. Химия пәні ғылымның даму тарихында есептер шығару көрнекті рөл атқарады. Оның негізгі заңдары мен теориялары тек фактілерге сүйенеді. Химия ғылымының негіздерін түсіндіруде қызықты есептер шығару шешуші орын алады. Оқыту үрдісіндегі химиялық эксперимент оқушыларды заттардың қасиеттерімен көрнекі түрде танысып, олардың жіктелінуін және жеке топтары арасындағы генетикалық байланысты ашып береді [3]. Олимпиадалық есептерді шығарту үстінде оқушы білімін толықтырып тиянақтайды, тексере алады, белгілі бір гипотезаларды жасауға, оны тексеріп көруге дағдыланады, өз бетімен жұмыс жүргізіп қорытынды жасай білуге, іскерлікке негізгі мәселелерге көңіл бөліп қарастыруға, еске сақтау қабілетін арттыруға үйренеді. Есептерді шығару әдістері, оқытудағы зейінді арттыру жолдары, сабақтың қарқыны мен барысы оқылатын материалдарды толық игеруге себеп болатындай етіліп жасалуы қажет. Тәжірибелі оқытушылардың әрбір сабағы әрқашанда нақты кезеңдерге бөлініп, олардың мақсаттары анықталып қойылады (оқушы зейінін жаңа материалдарды тыңдап, есептерді шығарып 11 дайындауға, өткенді тексеру, үйге берілген жұмыстарын дайындау және т.б.). Соның нәтижесінде сабақтың барлық кезеңдері бағдарлама талаптарын орындап шығуға бағындырылады. Оқыту үрдістерін оптимальды түрде ұйымдастыру дегеніміз-ең алдымен оқушыға сабақ үстіндегі жоспардағы және оқулықтағы көрсетілген материалдардың толық мазмұнын жете түсіндіре білу, оқушы білімін, олимпиадалық есептерді шығарту арқылыіскерлік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Даму – дау жүрмейтін шындық, дамыған озық тәжірибелер мен оқыту технологияларын қолдану заманның негізгі талабы. Ал, жақсы ұстаз үлгілі әдіс амалдар мен өз ісіне пайдасын тигізер, шакіртін биікке жетелер озық әрекеттерге белсене баратыны ақиқат. Ал, оқытудағы бақылау жүйесі мен оқушыларды бағалау жүйсі өте маңызды басқыш. Бұл екі басқыштың жаңаша формасын бірлестіре отырып, ғылым техникасы озық елдердің оқыту тәжірибесінен ала отырып сіздерге пайдасы тисін деген ниетпен кешенді бақылау жүргізу және пайыздық бағалауды қолдану туралы ұсыныс тастар едім. [3: 24] Себебі, бұл жүйе оқушыларды шабыттандырып, еңбекке баули отырып, оқушылардың арасындағы әділетті бәсекелестікті қалыптастырып білім сапасының артуына және оқушылардың сан-қырлы дарынын арттыруға көмегі тиеді. Төменде біз екі түрлі бақылау формасын бірге ала отырып саралайық.Баланың мінезі бәсекеге жақын біз соны дұрыс жақтан пайдалана білуіміз керек, егер бақылау жұмысын кешенді, жүйелі жасап, оқушылардың әр бір ұпайға жоғарлауын нәтижеге баласақ оқушылар өз орнын жоғарлатып отыруға тырысады. Сонымен бірге, оқушылардың бақылаудан кейін ретинісін жасап тұрған абзал. Олимпиадалық есептерді шығартып оқыту арқылы оқушылардың танымдық қасиеттерін қалыптастыруға болады. 1. Массасы 33,7 г марганец (IV) оксидімен белгісіз элементтің (IV) оксидін артық мөлшердегі тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6,72 л (қ. ж) хлор газы бөлінеді. Егер, белгісіз оксид тұз қышқылымен марганец (IV) оксиді секілді әрекеттесе және қоспадағы оксидтердің молярлық қатынасы 5:1 тең болса, белгісіз оксидті табыңыз. (8 балл) 2. Массасы 3,855 г KBr, NaCl, BaCl2 тұздарының қоспасын суда ерітіп, ерітіндіге артық мөлшердегі күміс нитратын қосқанда 6,185 г тұнба пайда болған. Тұнбаны бөліп алып, сүзгінді ертіндіні артық мөлшердегі күкірт қышқылы мен әрекеттестіргенде массасы 2,33 г тұнба пайда болды. Егер екінші тұнбанын құрамында күмістің қосылыстары жоқ болса, бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестерін табыңыз. (6 балл) 3. Құрамында 2,8 л азотпен 5,6 л сутегі газдарының қоспасын катализатор арқылы өткізгенде, пайда болған аммиакты жұтқызу үшін W=16%, ρ=1,09 азот қышқылының 22,6 мл ерітіндісі қажет болды. Католизатордан өткізгеннен кейінгі газ қоспаның компоненттерінің (қ. ж) көлемдік үлестерін аныктаңыздар. (8 балл) 4. Көлемі 100 мл азот пен метанның қоспасына 100 мл оттегі қосып, (оттегі артық мөлшерде), пайда болған қоспаны жандырды. Реакция айақталып, су буын конденсацияланғаннан кейінгі газдардың көлемі 120 мл болды. 12 Газдардаң көлемі бірдей жағдайда өлшенді. Бастапқы қоспадағы азоттың көлемдік үлесін анақтаңыздар. (10 бал) 5. Массасы 18,8г алюминий мен кальций қоспасын ауаның катысынсыз графит ұнтағынның артық мөлшерін қосып қыздырды. Реакция өнімін сұйық тұз қышқылымен өңдегенде 11,2 л (қ.ж) газ бөлінді. Металдардың қоспадағы масалық үлестерін анықтаныздар. ( 9 балл) 6. Құрамында тұз қышқылы мен азот қышқылының қоспасы бар 100г ерітіндімен 20 г мыс (II) оксиді әрекеттесе алады. Түзілген ерітіндіні буландырған соң қалдықтың массасы 29,5г болды. Реакция теңдеулерін жазып, бастапқы ерітіндегі тұз қышқылымен азот қышқылының массалық үлестерін табыңыз. (9 балл) 7. Көлемі 400 мл 6% (ρ=1,02 г/мл) мыс (II) сульфатын электролиздеп, ерітіндінің массасы 10 г азайған соң электролизді тоқтатты. Пайда болған ерітіндіде қосылыстардың массалық үлесін және инертті электродтарда шыққан өнімдердің массаларын табыңыз. (8 балл) Қазіргі мектептерде оқытудың жаңаша әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Оқытушылар– есептер шығарады, олимпиадалық есептерді шығарту арқылы теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Білім алушылар – оқытушының іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады [5:32]
Әдебиеттер:
1. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
2. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы,1996.
3. Нұғыманұлы М. “Химияны оқыту әдістемелік” –Алматы: Рауан, 1993.
4. Мырзабаев А.“Химиялық практикалық сабақтар”-Алматы мектеп, 1972.
5. Нұрахметов Н., Сарманов К., Жексимбина К. “Химия” 8-сынып оқулығы; Мектеп баспасы, 2004 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |