Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы.
№33 орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Қуаншалиева Лаззат Жардемовна,
І санатты мұғалім
Қарақытайлар (1125- 1211ж)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орта ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген Қарақытай мемлекетінің қоғамдық -саяси тарихымен таныстыру.
Оқушыларды қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым ̶ салық жүйесі, саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізу,ойларын жинақтап қорытындылау, дағдыларын жетілдіру.
Оқушыларды қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекет тарихымен таныстыра отырып, өз Отанын сүюге адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: интерактивті тақта, слайдтар.
Көрнекілігі: карта, сызба, тест сұрақтары, таратпа материалдары
Сабақтың жоспары:І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Кім білгір?
ІІІ.Есімдермен жұмыс
ІV.Жаңа тақырып
V.Жылдар сөйлейді
VІ.Орнын тап
VII.Бекіту.Тест жұмысы
VIII.Қорытындылау
ІХ.Үйге тапсырма.
І.Ұйымдастыру
ІІ.Кім білгір?
1.Жалайыр тайпасының көсемі?
2.Найман мемлекетінің астанасы?
3„НАЙМАН“ атауының монғолша мағынасы
4.Найман ханы?
5.Шыңғысханның қолбасшысы болған Жалайыр елінің ақыны,шешен әрі батыры?
6.Орта ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген
тайпаларға қауіп төндірген мемлекет басшысы?
7.Қазақ қаласы
8.Қазақ жеріндегі тайпа
9.Қазақ жеріндегі тайпалардың бірі?
ІІІ.Есімдермен жұмыс
Наркеш Дайын -
Инанч – білге -
Жамұқа -
Бұйрық хан -
Даян хан -
ІV.Жаңа тақырып:
-
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы,этникалық құрамы
-
Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым̶ салық жүйесі.
-
Мемлекеттің сыртқы жағдайы
Ортағасырлық мемлекеттер тарихымен оқушыларды таныстырудағы тарихидеректердің маңызы туралы айта отырып, жаңа сабақты Қарақытайдың шығу тарихы мен этникалық тегі туралы деректерден, мәлімет беруден бастаймын.Олардың Жетісуға қоныс аудару себептеріне, Қарахан мемлекетінің жерін бағындыруы, мемлекеттік басқару жүйесі, саяси тарихының негізгі мәселелерін баяндай отырып, сабақ барысында алған білімдерін оқушылардың өздеріне талдатып, қорытынды жасату.Ол үшін оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді. 1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.
V.Жылдар сөйлейді
1125ж -
1137ж -
1141ж -
1171- 1172ж -
1198 – 1204ж -
1208ж-
1210ж -
1212ж -
1143ж –
VI.Орнын тап
Жергілікті жерде өзінің үстемдігін нығайту үшін _________ әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастыра жүргізген.Ол үшін _________ басшының қол астыа_______________ жасақтаған.Жазба деректерге қарағанда, ______________ ақша жиналған.________ жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар арқылы жинастырылған.Ал _________ жерлерді иеленушілердің қолдарында арнаулы __________ болған.Ол _________ қамқорлығында екендігін көрсететін белгі еді.
___________________________ бастап қарақытайлар бағынышты халықтарға_______ салуды күшейтеді.
VII.Тест жұмысы
1.Қарақытай мемлекетін құрған орталық- азиялық тайпа:
а)қидандар в)жалайырлар с)керейлер д)наймандар е)қоңыраттар
2.Қидандардың Х ғ.батысқа қарай жылжыған бір бөлігі мұсылман деректерінде
а)Қарақыпшақтар в)қарахандар с)қарақытайлар д)құмандар е)қарлұқтар
3.1125 ж.Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидан қоныстанды:
а)Жетісуға в)Сырдарияға с)Ертіс бойына д)Монғолияға е)Маңғыстауға
4.Қарақытайлардың басшысы
а)қаған в)гурхан с) жабғу д) хан е)шад
5.Елюй Даши өзінің әскерлерін Жетісудің орталық аудандарына кіргізді:
а)1122ж в)1123ж с)1124ж д)1125ж е)1126ж
6.Елюй Даши 1143ж.қаза болған соң билікке келді:
а)Мұхаммаед в)Иле с)Бұсұған д)Текеш е)Табуян
7.Елюй Даши 1143ж.қаза болған соң билікті қолына алды:
а)ағасы в)баласы с)әйелі д)інісі е)атасы
8.Қарақытай мемлекетінде халық санағы жүргізілді:
а)Бұсұған в)Табуян с)Елюй Даши д)Иле е)Күшлік тұсында
9.Елюй Дашидың қызы билікке қандай оқиғадан кейін келді:
а)1143ж Елюй Даши қаза болған соң;
в)1155 ж.Иле қаза болған соң;
с)1150 ж.Табуян тақтан кеткен соң;
д)1171- 1172 жж.Хорезм жеріне жорыққа шыққан соң;
е)1198- 1204 жж.гурид тайпаларымен соғыстан соң;
10.Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын төлеген жер салығы:
а)Харадж в)Сойырғал с)Сауын д)Зекет е)Мильк
Тест тапсырмаларының жауаптары:
1)а 6)е
2)с 7)с
3)а 8)д
4)в 9)в
5)д 10)а
VIII.Қорытындылау
ІХ.Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |