Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»



Дата29.04.2024
өлшемі17.15 Kb.
#500114

Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»
Тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»
Мақсаты:
1. Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;
2. Жазушы шығармалары арқылы оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу. Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту.
3. Шығарма кейіпкерлері арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәде-ниеттілікке, әдебиетті сүюге. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Жұмыс нәтижесі:
Оқығандары мен түсінгендерін қолдану арқылы тапсырмаларды
орындайды, шығарма төңірегінде қойылған сауалдарға жауап бере
алады, қазақ әдебиеті, кітап оқуға деген қызығушылығы артады, шап-
шаңдылыққа, топта жұмыс жасай отырып, ұйымшыл болуға үйрене-
ді.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, бейнежазба, Б. Соқпақбаев портреті, кітаптары,
сайысқа қажетті құрал-жабдықтар, постер.
Өтілу уақыты: 45 минут
Қатысушылар:
6«Б» сынып оқушылары, ойыншылардың жинаған ұпай сандарын
есептеуші, бақылаушы оқушылар
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылар мен сыныптың дайындығын бақылау.
3. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
(Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру)
1. Бердібек Соқпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
2. Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын қандай шығармалардан бастаған?
Видео жауап
3. Жазушының қандай шығармалары бар?
«Б. Соқпақбаев шығармалары» буклетін көрсету.
Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу:
I топ: «Қожа»
II топ: «Рамазан»
II. Барысы:
Балалар, сендер «Балалық шаққа саяхат» атты Бердібек атамыздың
шығармасымен таныс болдыңдар! Кітабын оқып, таныстық. Ендеше осы
шығарманы еске түсіре отырып, тапсырмалар орындайық.
Сайыстың кезеңдері:
1. «Мынау кім?»
2. «Оқиғалар тізбегі»
3. «Бұл қай сәт?»
4. «Теріп алу стратегиясы»
5. «Ой тастау»
6. «Өз – өзіңе есеп бер!»
III Жаңа сабақты меңгерту
1.«Мынау кім?»
Шарты: суреттеу бойынша кейіпкерді анықтау.
1. .......класстағы ересек баланың біреуі. Бойы сұңғақ, талдырмаш, сіріңке
өңді. Мінезі әрі шапшаң, әрі қызба. Сабаққа алғыр. Мұғалімнің аузынан
шыққанды заңдай көріп, шаш ал десе, бас алуға дайын лыпып тұ-
рады......... (Жүнісбай сыныптасы)
2. .......бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап сөлбіретіп қияқ мұрт қояды.
Уайымсыз адам, күйіп – піскенді білмейді, жайбарақат. Мезгілсіз тозып,
шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да, екі беті қып – қызыл. Тамақ
таңдамайды, өнешінен өткеннің бәрін ішіп – жейді. Ауырмайды.........
(Әкесі - Ыдырыс)
3. .......ақылды да мінезді, биязы жан еді. Жүріс – тұрысы өте сабырлы.
Шешек шығып, шұбарлау болып қалған ақшыл өңі сұлу болмағанымен, бір
түрлі мейірбан, сүйкімді......... (Әлиман жеңгесі)
2. «Оқиғалар тізбегі»
Шарты: шатасқан оқиғаларды рет – ретімен қою.
1. Жылауық Тұрдыбек 1. Оқимын
2. Оқимын 2. Үйге қашу
3. Қаза 3. Шешем жайлы
4. Шешем жайлы 4. Жылауық Тұрдыбек
5. Үйге қашу 5. Қаза
3. «Бұл қай сәт? (Ой тастау)»
Шарты: шығармадан үзіндіні тыңдап, қай сәт екенін анықта.
4.«Сергіту сәті»
Шарты: орныңнан тұрып, бой жазып, сергіп ал!
Жүріңдер, балалар, Жақсылап байқашы,
Сырғанақ тебеміз. Аяғың тоңбай ма?
Құрыспай құрыштай Жел үріп, қар кіріп,
Шынықсын денеміз. Қоншыңа толмай ма?
Таяққа бау тағып, Желменен жарысып,
Шаңғыны майлап ал. Сырғанақ тебеміз.
Биялай, малақай – Құрыспай құрыштай
Бәрін де сайлап ал. Шынықсын денеміз.
Бердібек Соқпақбаев
5.«Теріп алу стратегиясы» (дәптермен жұмыс)
Шарты: берілген сөздерден тиісті сөздерді теріп жаз.
Смағұл Жанбосын
Мен бұл кісіні «тәте» деймін Нашар оқушы
Әкемнің інісі Әкесінен ұрлап темекі шегеді
Шешем ол кісіні «шырақ» дейді Онымен ит пен мысық тәріздіміз
Сағатбай
Мұғалім
Бала мінезді, ойын құмар адам
«Қарындаш» жеребесін ойлап тапқан тапқыр
«Криптогрмманы шеш» (Оңнан солға қарай оқы)
«Ана жүрегі» «Бурыл ат» «Жол «Ұлтан оқиғасы» «Әріппай және көкжал
қасқыр»
«Тақтамен жұмыс»
Шарты: шығарма бөлімдерін автордың “жағымды” және “жағымсыз”
сәттері деп екіге бөліп жаз.
«Жағымды» «Жағымсыз»
Майра Менің ғажап пималарым
Мектеп Қаза
Концерт Қара шапан
Рамазан және мен Жібек белбеу
Табылған тәсіл Өгей шеше
Қорытындылау
1.«Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бердібектің інісі?
2.Осы повестің «Менің кербез жеңгем» бөліміндегі Бердібектің өнерлі жеңгесі?
3.Повестегі Бердібектің нағашысының өзімен жасты баласының аты?
4.Бердібек туған аудан орталығы?
Бекіт

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет