Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы



бет1/2
Дата27.02.2016
өлшемі227 Kb.
#29046
  1   2
Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2012 жылғы 28 қарашадағы № 429 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328 Бiрлескен бұйрығы. Қазақстан РеспубликасыныңӘдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8205 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 6.03.2013 ж., 8.03.2013 ж. № 81, 83 (28020, 28022); "Казахстанская правда" от 6.03.2013 г. № 83-84 (27357-27358)


      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес улар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiңӨнеркәсiп комитетi (Е.Ғ. Кәрiбаев) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан РеспубликасыныңӘдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберудi;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. «Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 21 тамыздағы № 242 және Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 2 қыркүйектегi № 171 бiрлескен бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (2011 жылғы 22 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған № 449-450 (26843) нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде 2010 жылғы 8 қазанда № 6528 тiркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бiрiншi вице-министрi А.П. Рауға жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы


      Премьер-Министрiнiң               Экономикалық даму және
      орынбасары – Қазақстан            сауда министрi
      Республикасы Индустрия            ______________ Е. Досаев
      және жаңа технологиялар
      министрi
      ______________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы      


Премьер-Министрiнiң орынбасары – 
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрiнiң   
2012 жылғы 28 қарашадағы № 429   
және Қазақстан Республикасы     
Экономикалық даму және сауда министрiнiң
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328  
бiрлескен бұйрығына         
1-қосымша              

Улар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында
тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi

      1. Осы улар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi (бұдан әрi - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.


      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел - зардаптардың ауырлық дәрежесiн ескере отырып, азаматтардыңөмiрi мен денсаулығына, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдылығы;
      2) бақылау субъектiлерi - уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою қызмет түрлерiн атқаруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар.
      3. Улар айналымы саласындағы Өлшемдер мыналарға бөлiнедi:
      1) объективтiк, бақылау субъектiлерiнiң жүзеге асыратын қызмет түрлерiне байланысты тәуекелдердiң маңыздылығына негiзделген;
      2) субъективтiк, тексерулер нәтижелерi бойынша анықталған бақылау субъектiлерiнiң лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруiне байланысты анықталады.
      4. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.
      5. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына одан кейiнгi жатқызу субъективтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.
      6. Улар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалаудың объективтi өлшемдерiн есепке ала отырып, тексерiлетiн субъектiлер:
      1) тәуекелдiң жоғарғы тобына:
      уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жоюды;
      уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектiлерi жатады;
      2) тәуекелдiң орташа тобына уларды сатып алу, сақтау, өткiзудi жүзеге асыратын бақылау субъектiлерi жатады;
      3) объективтiк өлшемдер бойынша тәуекелдiң төменгi тобына бақылау субъектiлерi жатқызылмайды.
      7. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел топтарына кейiннен бөлу улар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Тәуекел өлшемдерi бойынша балдар жалпы жиынтыққорытындыны анықтау үшiн жинақталады.
      9. Жиынтыққорытынды нәтижелерi тәуекелдiң тиiстi дәрежелерi бойынша тексерiлетiн субъектiлердi мынадай тәртiпте бөлу үшiн пайдаланылады:
      1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 3-тен 6 балға дейiн жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      3) елеусiз тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 0-ден 2 балға дейiн жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      4) тәуекелдiң жоғары дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi тәуекелдiң орташа және төменгi дәрежелерiне ауыстырылуы мүмкiн;
      5) тәуекелдiң орташа дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi тәуекелдiң төменгi дәрежесiне ауыстырылуы мүмкiн;
      6) тәуекелдiң орташа және елеусiз дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгi дәрежесiне ауыстырылуы мүмкiн;
      7) тәуекелдiң елеусiз дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi тәуекелдiң орташа дәрежесiне ауыстырылуы мүмкiн.
      10. Тәуекелдiң бiр тобы iшiнде жоспарлы тексеру өткiзуге тексерiлетiн субъектiлердi iрiктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
      1) анағұрлым үлкен тексерiлмеген кезең
      2) жинаған балдарыныңанағұрлым үлкен саны.

Улар айналымы саласындағы 


жеке кәсiпкерлiк аясында 
тәуекел дәрежесiн бағалау
өлшемдерiне       
қосымша         

Улар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында
тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi



Өлшемдер

Балдар

1

2

3

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою

1.

Жеке меншiк құқығындағы өндiрiстiк-техникалық база мен мыналардың болмауы:




технологиялық желi

5

сынақ зертханасы

5

мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат

7

арнайы жабдықталған қойма

7

жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай.

2

2.

Уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттiң болмауы;

7

3.

Мыналарды:




жабдықтарды, механизмдердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi

3

еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды

3

медициналық бақылауды

3

метрологиялық бақылауды

3

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтердiң болмауы.

3

4.

Тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережесiн оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының болмауы;

7

5.

Күзет қызметiне арналған лицензия немесе өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы;

7

6.

Арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғаныш құралдарының болмауы;

7

7.

Ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде ықтимал аварияларды жою жоспарының болмауы;

5

8.

Ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтың болмауы.

5

Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану

1.

Жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өндiрiстiк-техникалық база мен мыналардың болмауы:




сынақ зертханасы

5

арнайы өндiрiстiк ғимарат

7

өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықтың болмауы

7

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайының болмауы.

2

2.

Мыналарды:




жабдықтарды, механизмдердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi

3

еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды

3

медициналық бақылаудың болмауы

3

метрологиялық бақылаудың болмау

3

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтердiң болмауы.

3

3.

Тиiстi арнайы бiлiмi мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережесiн оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының болмауы

3

4.

Күзет қызметiне арналған лицензия немесе күзетуге өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың көшiрмесiнiң болмауы

7

5.

Арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғаныш құралдарының болмауы

7

6.

Ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде ықтимал аварияларды жою жоспарының болмауы

5

7.

Ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтың болмауы.

5

Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу

1.

Жеке меншiк құқығында уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың болмауы

7

2.

Мыналарды:




еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғаудың

3

медициналық бақылауды

3

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтердiң болмауы.

3

3.

Тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережесiн оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының болмауы

7

4.

Күзет қызметiне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмау

7

5.

Арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғаныш құралдарының болмауы

7

6.

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтыңболмауы.

5

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары – 
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрiнiң   
2012 жылғы 28 қарашадағы № 429   
және Қазақстан Республикасы     
Экономикалық даму және сауда министрiнiң
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328  
бiрлескен бұйрығына         
2-қосымша              

Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi,
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана
отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк
аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi

      1. Осы қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi (бұдан әрi - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.


      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – оның салдарларының ауырлық дәрежесiн ескере отырып, азаматтардыңөмiрi мен денсаулығына, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектiлерi - мынадай қызмет түрлерiне лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар:
      босатылған оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардыңқосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу.
      3. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы Өлшемдер мыналарға бөлiнедi:
      1) объективтiк, бақылау субъектiлерiнiң жүзеге асыратын қызмет түрлерiне байланысты тәуекелдердiң маңыздылығына негiзделген;
      2) субъективтiк, тексерулер нәтижелерi бойынша анықталған бақылау субъектiлерiнiң лицензиялау саласында заңнаманы бұзушылыққа жол беруiне байланысты айқындалған.
      4. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарға бастапқы жатқызу объективтiк өлшемдер есебiмен, жүзеге асырылады.
      5. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарға одан кейiнгi жатқызу субъективтiк өлшемдер есебiмен, жүзеге асырылады.
      6. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiнiң объективтi есебiмен, тексерiлетiн субъектiлер:
      1) тәуекелдiң жоғары тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектiлерi жатады:
      босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пенәскери техниканы, олардыңқосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардыңқосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзiнiңөндiрiстiк мұқтажы үшiн сатып алу;
      2) тәуекелдiң орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектiлерi жатады:
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардыңқосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу;
      3) Бақылау субъектiлерi объективтiк өлшемдер бойынша тәуекелдiң төменгi тобына жатқызылмайды.
      7. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел топтарына кейiнгi бөлу Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Тәуекел өлшемдерiнiң балдары жалпы жиынтыққорытындыны анықтау үшiн жинақталады.
      9. Жиынтыққорытынды нәтижелерi тиiстi тәуекел дәрежелерi не тексерiлетiн субъектiлердi бөлу үшiн мынадай тәртiпте пайдаланылады:
      1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 3-тен 6 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      3) елеусiз тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 0-ден 2 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      4) тәуекелдiң жоғары дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi тәуекелдiң орташа және төменгi дәрежесiне ауыстырылуы мүмкiн;
      5) тәуекелдiң орташа дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi тәуекелдiң төменгi дәрежесiне ауыстырылуы мүмкiн;
      6) тәуекелдiң орташа және елеусiз дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгi дәрежеге ауыстырылуы мүмкiн;
      7) тәуекелдiң елеусiз дәрежесiндегi бақылау субъектiлерi тәуекелдiң орташа дәрежесiне ауыстырылуы мүмкiн.
      10. Бiр тәуекел тобы iшiнде жоспарлы тексеру өткiзуге тексерiлетiн субъектiлердi iрiктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
      1) анағұрлым үлкен тексерiлмеген кезең
      2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.

Қару-жарақ, әскери техника мен 


жекелеген қару түрлерi,    
жарылғыш және пиротехникалық 
заттар мен олар қолдана отырып
жасалған бұйымдар айналымы 
саласындағы тәуекел дәрежесiн
бағалау өлшемдерiне     
қосымша            


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет