М А З М Ұ Н Ы
|
1-бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
|
|
1-тарау
|
Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар
|
5
|
2-тарау
|
Қағиданың мақсаты мен міндеттері
|
9
|
3-тарау
|
Қала құрылысы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
|
9
|
4-тарау
|
Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері
|
11
|
|
2-бөлім
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА
ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ РЕТТЕУ
|
|
5-тарау
|
Жер учаскелеріне құқық беру кезіндегі рұқсат беру рәсімдері
|
14
|
§1
|
Құрылыс салу үшін жер учаскелеріне құқық берудің жалпы тәртібі
|
14
|
§2
|
Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың ерекшеліктері
|
16
|
§3
|
Құрылыс жүргізу кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібінің ерекшеліктері
|
17
|
6-тарау
|
Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары
|
18
|
7-тарау
|
Тұрғын аумағында құрылыс жүргізу
|
19
|
8-тарау
|
Астана қаласының маңындағы аймаққа енгізілген аумақта құрылыс жүргізу
|
19
|
9-тарау
|
Жобалау
|
20
|
§1
|
Жобалау алдындағы кезең
|
20
|
§2
|
Астана қаласының аумағында құрылыс объектілері мен объектілерді қайта жаңартуды жобалау
|
23
|
§3
|
Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) және шағын қабатты құрылыстарын жобалау ерекшеліктері
|
25
|
§4
|
Астана қаласының аумағында инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау ерекшеліктері
|
25
|
10-тарау
|
Тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
|
27
|
11-тарау
|
Құрылыс салу
|
29
|
§1
|
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру
|
29
|
§2
|
Құрылыс алаңдарын ұстау мен жүкті тасымалдауға қойылатын талаптар
|
32
|
§3
|
Құрылыс объектісінің паспорты
|
33
|
§4
|
Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау
|
33
|
12-тарау
|
Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) құрылысы
|
35
|
§1
|
Жеке тұрғын ұй салу
|
35
|
§2
|
Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйді қабылдау
|
36
|
13-тарау
|
Уақытша құрылысты орналастыру
|
36
|
§1
|
Тұрғындарға тиесілі көлік құралдарын сақтау мен оларға қызмет көрсету үшін құрылыстарды орналастыру
|
36
|
§2
|
Сауда объектілерін орналастыру
|
37
|
§3
|
Мұздан жасалған құрылыстар
|
37
|
14-тарау
|
Инженерлік желілерді және құрылыстарды жөндеу мен салуға, шағын сәулет нысандарын және қалалық ресімдеу мен абаттандырудың басқа да бөліктерін орнатуға байланысты қала аумағының жерлерін қазу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
|
38
|
15-тарау
|
Инженерлік желілердегі апаттарды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары
|
43
|
|
3-бөлім
АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
|
44
|
|
4-бөлім
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛУ ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН
БҰЗУ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
|
44
|
Астана қаласының аумағында құрылыс салу
ҚАҒИДАСЫ
Осы Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскелерін пайдалану, Астана қаласының аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен салу жөніндегі шарттар мен талаптарды белгілейді.
Осы Қағида нормативтік құқықтық акті болып табылады және жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін және уақытша құрылыстарды орналастыру мен салуға немесе қолданыстағыларды өзгертуге (қайта өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңарту, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат алу рәсімдерін өту тәртібін белгілейді, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қарым - қатынастарды реттейді.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Әкім – Астана қаласының әкімі;
Әкімдік – Астана қаласының жергілікті атқарушы органы;
сәулет-жоспарлау тапсырмасы – объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және нақты жер учаскесінде (алаңшада, трассада) орналастырылуына қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ Астана қаласы үшін қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылыс жүргізуге қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер;
қаланы абаттандыру – адамның қала аумағында қолайлы, салауатты және ыңғайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған бөліктер мен жұмыстар кешені;
мемлекеттік қала құрылысы кадастры – қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметінің аумағын пайдаланудың әлеуметтік-құқықтық режимінің сипаттары, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің өлшемдері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи ауа-райлық пен экологиялық жағдай бойынша оны сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан мен сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;
қала құрылысы регламенттері – аумақты (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану режимдері, рұқсаттары мен шектеулері (ауыртпашылықты, бас тарту мен сервитуттарды қоса алғанда), сондай-ақ заңнамалық тәртіппен белгіленген Астана қаласында олардың жай-күйін өзгертуге арналған кез келген рұқсат етілген өзгерістер;
құрылыс салушы (тапсырыс беруші) - жылжымайтын мүлік объектісін салуды өзі не құрылыс мердігерлік шарты негізінде мердігерлік ұйым арқылы жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттың (құрылыстың) жекелеген орын-жайларын немесе өзге де бөліктерін қайта жаңартуға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым – қаланың орнықты дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз ететін инженерлік жабдықтың (су құбыры желісі, кәріз, жылумен қамтамасыз ету, электр желілері және т.б.), байланыстың, көліктің (автомобиль жолдары, аялдама, тұрақ үшін орындар және т.б.) құрылыстары мен коммуникацияларының, сондай-ақ халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің кешені;
атқарушылық топографиялық түсірілім – қалалық координата жүйесінде, жаңадан салынған инженерлік желілер мен құрылыстармен және абаттандыру мен көгалдандыру бөліктерімен Балттық биіктік жүйесінде орындалған жергілікті жердің масштабындағы электорондық не графикалық моделі;
«қызыл сызық» - орам, шағын аудан аумағын және жоспарлау құрылымының басқа да бөліктерін елордадағы көшелерден, өту жолдары мен алаңдардан бөлу шекарасы;
құрылыс жүргізуді реттеу сызықтары – «қызыл сызықтан» немесе жер учаскесі шекарасынан бөлумен ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс жүргізу шекарасы;
қала құрылысындағы жылжымайтын мүлік объектілері (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) – ғимараттар, құрылыстар мен осы объектілер орналасатын жер учаскелеріне қатысты пайдалану, салу және қайта жаңарту жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын объектілер;
сәулет және қала құрылысы органы – Астана қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - СҚҚО). Сәулет және қала құрылысы органының басшысы лауазымы бойынша Астана қаласының бас сәулетшісі болып табылады;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы – құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – МСҚБО). Астана қаласының МСҚБО басшысы Астана қаласының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады;
жер қатынастары жөніндегі орган – Астана қаласында жер қатынастары саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – ЖҚО);
мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын – Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Астана қаласының аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті заңды тұлға;
мемлекеттік жер кадастры – жер учаскелерінің орналасуы, нысаналы мақсаты, көлемі мен шекаралары, сапа сипаттамасы, жер пайдалану есепке алынғандығы және жер учаскелеренің кадастрлық құны, өзге де қажетті мәліметтер туралы деректер жүйесі. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқық субъектілері туралы ақпаратты да енгізіледі;
мердігер – Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензияға ие жеке немесе заңды тұлғалар;
қала маңындағы аймақ – Астана қаласының шекарасымен іргелес, Астана қаласының аумағын дамыту, санитарлық-қорғау функцияларын орындау, демалу орындарын, бағбандық пен саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған жерлер;
жоба – сәулет, қала құрылысы құжаттамасы түрінде (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік пен сметалық есептер) ұсынылған жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің адам өмір сүруі мен тіршілігіне қажетті жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жоспары;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаты - жаңа құрылысты жүргізу немесе қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту (қайта өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңарту, кеңейту, күрделі жөндеу) жобасын іске асыруды бастауға құқық беретін құжат;
құрылыс – жаңа объектілерді салу және (немесе) қолданыстағыларды (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), оларға байланысты технологиялық пен инженерлік жабдықты монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару (өндіру) арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру, сондай-ақ құрылысы аяқталмаған объектілерді жабу және пайдалану мерзімі өтіп кеткен объектілерді кейіннен өңдеу жөніндегі қызмет;
құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылыстарды, техниканы, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен жабдықты жинап қою, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;
топографиялық түсірілім – жердің масштабта, қалалық координата жүйесінде, Балттық биіктік жүйесінде орындалған және қолданыстағы жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін электорондық не графикалық моделі;
пайдаланушы ұйым – инженерлік коммуникацияларды (су құбыры мен электр желілері, газбен және жылумен қамтамасыз ету, байланыс және т.б.), ғимараттар мен құрылыстарды (ПИК, ӨК, ПКСД, ТК және басқалар) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
жер учаскесін таңдау – жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен пайдалану тәртібін анықтаумен оны белгілеу;
жер комиссиясы – жер заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімдікпен құрылатын және жер учаскелеріне құқық беруге байланысты мәселелерді қарастыратын комиссия;
мамандандырылған сәулет ұйымы – Әкімдік құрған, құрылыс салушыға қала қызметін жүзеге асыруға қажетті мәліметті жинау, жер бөлу сызбасын, бас жоспардың нобайын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, ахуалдық сызбаны, орналастыру сызбасын әзірлеу, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осін белгілеу, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін нақты көлемде жер учаскелерінің шекарасын белгілеу қызметінің негізгі түрі болып табылатын заңды тұлға;
тіркеу органы – жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жөніндегі уәкілетті орган;
түнгі уақыт – жергілікті уақыт бойынша жиырма үш сағаттан бастап алты сағатқа дейінгі аралық;
жер учаскесіне құқық беретін құжат – олардың негізінде жер учаскесіне құқық пайда болатын, өзгеретін немесе күші жойылатын заңды фактілердің (заңды бөліктердің) бар болуын растайтын құжат, соның ішінде шарттар, сот шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығында жер учаскесіне ие немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қайта құрылуы кезіндегі тапсыру актісі немесе бөлу теңгерімі;
жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасын қамтитын құжат;
инвестор – объекті құрылысына күрделі қаржы салуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға, инвестор құрылыс салушы болуы мүмкін;
мұздан жасалған құрылыстар – қолданбалы сипаттағы көркемдік өнер туындысы, қысқа уақытқа орналастырылатын құрылыстарға жатады және орнату барысында монолит етіп құйылған, жекелеген жағдайларда металлдан жасалған ішкі негізгі конструкциялармен, мұз бөліктерінен жылдың суық (аяз) кезеңінде жасалады;
мұз қалашығы – мұздан жасалған құрылыстар кешені;
мәслихат – Астана қаласының жергілікті өкілді органы;
рұқсатсыз жүргізілген құрылыс – рұқсатсыз салынған (көтерілген) құрылыстар (Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен сол мақсаттарға бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ, ол үшін қажетті рұқсат құжатын алусыз салынған тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар немесе өзге де жылжымайтын мүлік);
құрылыс нормалары мен ережелері – жобалау мен құрылысты жүзеге асыру кезінде орындауға жататын нормативтік техникалық құжаттар.
2 – тарау. Қағиданың мақсаты мен міндеттері
2. Осы Қағиданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының бас жоспар негізінде тұрақты және кешенді дамуы, әлемнің қазіргі заманғы сәулет-құрылыс стандарттарына сәйкес елорданың сәулет келбетін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
2) жер қатынастары, Астана қаласының аумағында жобалау мен құрылыс жүргізу мәселелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне қала құрылысы мен құрылыс талаптарын белгілеу;
3) жеке және заңды тұлғалардың жер пайдалану мен құрылыс жүргізу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
4) инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау.
-
Осы Қағида Елорда аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын және бақылайтын жеке, заңды тұлғалармен сақталуы міндетті.
-
Осы Қағида Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу мен жер пайдалануды реттеу тәртібін белгілейді.
3 - тарау. Қала құрылысы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
5. Астана қаласының аумағында түрлі мақсаттағы объектілерді рұқсатсыз салуға жол берілмейді.
6. Астана қаласының аумағында құрылыс жұмыстарының барлық түрі осы Қағидаға сәйкес берілетін рұқсат құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.
7. Құрылыс регламенттеріне сәйкес әкімдік белгілейтін және жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарында көрсетілген нысаналы мақсатына қатаң түрде сәйкес болғанда жер учаскелерінде құрылыс жүргізуге және оларды пайдалануға рұқсат беріледі. Құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін пайдалану кезінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесінің нысаналы мақсатының жоспарланған құрылыс объектісіне сәйкес болуын өзіндік қамтамасыз етеді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру үшін жерге орналастыру жобасы мен өзге де құжаттар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуі тиіс.
8. Астана қаласының аумағында азаматтарға өмір сүруге ыңғайлы жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желілер, жүйелер мен коммуникациялардағы апаттарды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, түнгі уақытта шу шығаратын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
9. Астана қаласының аумағында жобалау-іздестіру, сараптамалық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару жөніндегі жұмыстар тек тиісті лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.
10. Лицензияларды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген.
11. Жеке және заңды тұлғалар Астана қаласының аумағында:
1) осы Қағидаға сәйкес құрылыс жүргізуді жүзеге асырады;
2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне, табиғат ескерткіштеріне, қала, ауыл мен табиғат жерлеріне, инженерлік, көлік инфрақұрылымы және аумақты абаттандыру объектілеріне зиян келтіретін, үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін қозғайтын және меншік иелерінің, жалға алушылардың немесе шектес жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланушылардың құқықтарын іске асыруға кедергі болатын іс-қимылдар жасамайды;
3) бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және өзге де арнайы нормативтер мен талаптарға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды және өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін қалыпты күтіп ұстау, жер учаскелерін абаттандыру жөнінде жұмыс жүргізеді;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың ұсынымдарын орындайды;
5) МСҚБО сұранымы бойынша құрылыс объектілері жөнінде қажетті ақпарат пен техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалар сараптамасының қорытындысын береді;
6) жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық түгендеу мен техникалық тексеру жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарға қала құрылысы мемлекеттік кадастрын және қала аумағында құрылыс жүргізілуіне мониторинг жүргізуге, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілеріне қол жеткізуге рұқсат береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы, кешенді инженерлік зерттеулерді және өзге де материалдарды береді;
8) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтайды.
4-тарау. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері
12. Әкімдіктің құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналар кіреді:
1) Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасын мәслихатқа бекітуге ұсыну;
2) жобалау, зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу және құрылыс жүргізу мақсатында жер учаскесін беру немесе беруден бас тарту (тиесілі жер учаскесіне қосымша учаскені қосып алу) туралы не өтініш берушіге меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесін құрылыс жүргізуге пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының аумағында іске асырылатын қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі саясатын пысықтауға қатысу;
4) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін;
5) мыналарды:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Астана қаласының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу ережесін, сондай-ақ Астана қаласының аумағында және қала маңындағы аумақта қала құрылысын регламенттеуді;
қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту процесін реттеу, соның ішінде тұрғын ғимараттардың мансардтық құрылысы мен үлгі қабаттарын салу ережесін келісу;
6) қайта жаңарту объектілерін жобалау, салу мен пайдалануға беру мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының құзыретіне мыналар кіреді:
1) Астана қаласының аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
2) Әкімге объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсатында жер учаскелерін беру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік мүдделерді қорғау мәселелері жөнінде жобаларды мемлекеттік сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл;
5) Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
6) қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды (жекелеген бөліктер) өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге сәулет-жоспарлау тапсырмасын және қажетті бастапқы деректерді беру;
7) МСҚБО-мен бірлесіп рұқсатсыз құрылысқа мониторинг жүргізу; рұқсатсыз құрылыс анықталған жағдайда шара қолдану;
8) ғимараттарға, құрылыстар мен өзге де объектілерге реттік нөмірлер беру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
14. Жер қатынастары жөніндегі орган өз құзыреті шегінде:
1) сәулет және қала құрылысы органымен бірлесіп аумақтық бөлуге сәйкес көрсетілген нысаналы мақсаты бойынша сұратылған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін белгілейді;
2) Әкімдік қаулыларының және осы Қағидада көзделген шарттардың жобаларын дайындайды;
3) жер учаскелерін қалыптастыру және мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуді жүзеге асырады;
4) жер учаскелеріне сәйкестендірілген құжаттарды береді;
5) мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде Әкімдіктің қаулы жобаларын дайындау үшін қажетті жерге орналастыру жобаларын дайындау мен бекітуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. МСҚБО құзыретіне мыналар кіреді:
1) тапсырыс берушіде (құрылыс салушыда) белгіленген жер учаскесіне оның тиісті құқығын растайтын құжаттардың және мердігермен (бас мердігермен) жасалған шарттың болуын; құрылыс-монтаждау жұмыстарының тиісті түрлеріне мердігерлік ұйымда лицензиялардың болуын; белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуын; жобалық шешімдердің қатаң сақталуын; құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманың уақтылы ресімделуі мен жүргізілуін, соның ішінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде; қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың, құрастырылатын жабдық сапасын; тиісті сертификаттардың болуын; жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын; орындалған жұмыстардың толық көлемін және құрылысы аяқталған объектінің оны пайдалануға қабылдау мен қосу рәсіміне дайындығын қадағалауды жүзеге асыру;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарына (құрылыстың басталуы), бөлек орын-жайларды немесе тұрғын ғимараттардағы жеке бөліктерді қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға), инженерлік желілерді жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандарын және қалалық ресімдеу мен абаттандырудың бөліктерін орнатуға байланысты қала аумағының жерлерін қазу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру;
3) салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектілерге мониторинг жүргізу және салынып жатқан (қайта жаңартылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендердің қауіпсіздігін бақылау;
4) қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
5) бұзушылықтарға жол берген не белгіленген нормативтік мерзімдерде жіберілген бұзушылықтарды жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты шараларды қолдану;
6) жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығару жөніндегі жұмысты, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттарды салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2-бөлім. Астана қаласының аумағында құрылыс салуды реттеу
5-тарау. Жер учаскелеріне құқық беру кезіндегі рұқсат беру рәсімдері
Достарыңызбен бөлісу: |