Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы



Дата23.02.2016
өлшемі172.08 Kb.
#4556
Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 25.04.2013 ж. № 114 (28053); "Казахстанская правда" от 24.04.2013 г. № 143-144 (27417-27418);


      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiңӨнеркәсiп комитетi уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi лицензиар болып;
      2) уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны берудi өтiнiш берушiнiңҚазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде келiсетiн мемлекеттiк органдар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осықаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң        
2013 жылғы 21 қаңтардағы 
№ 18 қаулысымен     
бекiтiлген       

Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi

Р/с №

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою бойынша кiшi қызмет түрi үшiн

1.

технологиялық желiнi; мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталғанқойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын жеке меншiк құқығындағы өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемио логиялыққауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн өндiрiстiк-техникалық база

технологиялық желiнi; мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын жеке меншiк құқығындағы өндiрiстiк-техникалық базаның бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiнеқосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны




2.

уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент

уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




3.

жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер

жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; медициналық бақылауды; метрологиялық бақылауды; улардыңесепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтердiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




4.

тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда аттестатталған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамы

тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруденөткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




5.

өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар

өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




6.

арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары

арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




7.

ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары

ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтердiң нысаны




8.

ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтердiң нысаны




Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану бойынша кiшi қызмет түрi үшiн

1.

мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; өндiрiстiң техникалық

мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; өндiрiстiң техникалық







жобасына сай келетiн уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялыққауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн өндiрiстiк-техникалық база

жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын жекеменшiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өндiрiстiк-техникалық базаның бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны




2.

жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер

жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтердiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




3.

тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамы

тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




4.

күзетуге өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар

күзетуге өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




5.

арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары

арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




6.

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




7.

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу бойынша кiшi қызмет түрi үшiн

1.

уларды сақтауға арналған жеке меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған өнеркәсiптiк, санитарлық-эпидемиологиялыққауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн қойма

уларды сақтауға арналған жеке меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған қойманың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




2.

еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер

еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтердiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




3.

тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамы

тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiкқағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




4.

арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиiстi лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен күзет қызметiне шарт

арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиiстi лицензиясы бар күзет ұйымымен шарт бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтердiң нысаны




5.

арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары

арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




6.

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны




Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу,
сақтау, өткiзу, пайдалану, жою  
бойынша қызметтi жүзеге асыруға 
қойылатын бiлiктiлiк талаптары  
және оларға сәйкестiктi растайтын
құжаттардың тiзбесiне    
қосымша               

Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне мәлiметтер нысаны

      1. Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою бойынша кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың бар/жоғы:


      1) технологиялық желiнi, мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты, арнайы жабдықталған қойманы, жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын жеке меншiк құқығындағы өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялыққауiпсiздiк талаптарына сай келетiн және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалықбаза:
      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi _______________________;
      технологиялық желiлердiң бар/жоғы туралы ақпарат _____________;
      2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын уларды дайындауға және өңдеуге арналған, мынаны қамтитын технологиялық регламент ____________________________________________________________________;
      3) мыналарды:
      жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:
      қызметтердi құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi _____________________________;
      4) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:
      тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ___________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________
      ______________________________________________________________;
     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi _________________;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ______________;
      5) өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
      өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi _________________________________________;
      шартты жасаған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ________________________________;
      6) арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары
      (арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпарат) ______________________________________________;
      7) ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары _________________________________________________________;
      8) ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулық
      ______________________________________________________________.
      2. Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану бойынша кiшi қызмет түрi үшiн:
      1) мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты, өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын, өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялыққауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн жекеменшiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық база:
      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi _______________________;
      өзге заңды негiзде болған жағдайда шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ________________________________________;
      шартты жасаған ұйымның атауы __________________________;
      өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтайтын мамандандырылған сыйымдылықтың бар/жоғы туралы ақпарат (болған жағдайда) ___________________;
      2) мыналарды:
      жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалыққызмет көрсетудi;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:
      қызметтердi құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi
      ______________________________________________________________;
      3) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:
      тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ___________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi
      _____________________________________________________;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы
      ____________________________________________________;
      4) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
      өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге жасалған шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi _____________________________________________;
      шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________;
      5) арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары:
      (арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдарының болуы туралы ақпарат) _________________________________________________________;
      6) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары_____________________________________________;
      7) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық
      _____________________________________________________________.
      3. Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу бойынша кiшi қызмет түрi үшiн:
      1) уларды сақтауға арналған өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялыққауiпсiздiк талаптарына сай келетiн жеке меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған қойма:
      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi _______________________;
      2) мыналарды:
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:
      қызметтердi құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi _____________________________;
      3) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалыққызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:
      тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ___________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi _________________;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы _______________
      ____________________________________________________;
      4) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
      арнайы жабдықталған қойманы күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi _________________________________________;
      шарт жасалған күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ________________________________;
      5) арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары
      (арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары туралы ақпарат)
      ______________________________________________________________;
      6) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық ____________________.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң       
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 18 қаулысына   
1-қосымша       

Өтiнiш берушiнiңҚазақстан Республикасы уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия берудi заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде келiсетiн мемлекеттiк органдар

Р/с №

Мемлекеттiк орган

Лицензияланатын қызмет түрi

Лицензияланатын кiшi қызмет түрi

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық- эпидемиологиялыққадағалау комитетi

Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiңӨнеркәсiп комитетi

2

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi

Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiңӨнеркәсiп комитетi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 18 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдердiң тiзбесi

      1. «Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 520-құжат).


      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 23, 222-құжат).
      3. «Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 маусымдағы № 782 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 775-құжат).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет