1. Автотрофты қоректену дегеніміз не?
А. дайын органикалық заттармен қоректену;
В. шіріген органикалық заттармен қоректену;
С. еріген органикалық заттармен қоректену;
Д. бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзу арқылы қоректену;
Е. ерімеген органикалық заттармен қоректену.
2. Жасыл эвглена қандай тәсілдермен қоректенеді?
А. автотрофты;
В. сапрофитті;
С. гетеротрофты;
Д. аралас;
Е. фагоцитозды.
3. Қарпайымдылардың қайсысы автотрофты жолмен қоректенеді?
А. амеба;
В. трипаносома;
С. кебісшелі инфузория;
Д. безгек паразиті;
Е. вольвокс.
4. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысы “ұйқы ауруын” қоздырғышын адамға тасымалдайды?
А. маса;
В. сона;
С. шіркей;
Д. це-це шыбыны;
Е. үнсіз маса (москит).
5. Паразит организмінің негізгі иесі дегеніміз:
А. паразиттің жыныссыз көбеюі өтетін организм;
В. паразиттің жынысты көбеюі өтетін организм;
С. паразиттің көп рет бөліну сатысы өтетін организм;
Д. паразиттің дернәсілдік сатылары дамитын организм;
Е. паразиттің инвазиялық (жұқпалы) сатысы дамитын организм.
6. Жасыл эвгленаның дене жамылғысы?
А. пелликула;
В. бір қабатты эпителий;
С. кутикула;
Д. хитинді кутикула;
Е. сауыт.
7. Жиырылғыш вакуольдың атқаратын қызметі:
А. ас қорыту;
В. қорек затын тасымалдау;
С. қорғаныштық;
Д. жылжу;
Е. осмос қысымын реттеу.
8. Коньюгация процесі дегеніміз:
А. екі гаметаның қосылуы;
В. копуляция нәтижесінде зиготаның пайда болуы;
С. екі особьтың уақытша қосылуы;
Д. жыныссыз көбею;
Е. екіге бөліну.
9. Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды?
А. жуылмаған көкөніс арқылы таралатын аурулар;
В. қайнамаған су ішкенде жұғатын аурулар;
С. ауру қоздырғыштары тасымалдаушы жануарлар арқылы жұғатын аурулар;
Д. үй шыбыны арқылы таралатын аурулар;
Е. ауа арқылы таралатын аурулар;
10. Қарапайымдылардың дене пішінінің тұрақтылығы неге байланысты?
А. сыртқы жұқа жарғаққа байланысты;
В. эктоплазманың кутикула түзуіне байланысты;
С. эктоплазманың пелликула түзуіне байланысты;
Д. эктоплазманың хитин түзуіне байланысты;
Е. денесінің сыртындағы құм-түйіршіктерден пайда болған қабыршаққа байланысты;
11. Қарапайымдардың қоректену жолдарының қай тәсілі ең ежелгі болып саналады?
А. гетеротрофты;
В. автотрофты;
С. сапрофитті;
Д. аралас (миксотрофты);
Е. фагоцитозды;
12. Ядролық дуализм дегеніміз не?
А. цитоплазмада бір ғана ядро болады;
В. цитоплазмада көлемі бірдей екі ядро болады;
С. цитоплазмада тек генеративтік ядро ғана болады;
Д. цитоплазмада көлемдері әртүрлі, атқаратын қызметі әртүрлі екі ядро болады;
Е. цитоплазмада тек вегетативтік ядро ғана болады.
13. Төмендегі жануарлардың қайсысы адамға тері лейшманиозының
қоздырғыштарын тасымалдайды?
А. сона;
В. маса;
С. шіркей;
Д. үнсіз маса (москит);
Е. құмыты (мокрец).
14. Фораминифералардың маңызы:
А. балықтардың қорегі;
В. өсімдіктердің зиянкестері;
С. құрылыс материалы ретінде (ізбес тас, кәдімгі бор);
Д. жануарлардың паразиттері;
Е. адамның паразиттері.
15. Безгек ауруын тасымалдаушылар:
А. цеце шыбыны;
В. шіркей;
С. сона;
Д. маса;
Е. кене.
16. Коопуляция дегеніміз:
А. екі особьтің уақытша қосылуы;
В. екі гаметаның қосылуы;
С. бүршіктену жолымен көбею;
Д. екіге бөліну;
Е. ұзынынан бөліну;
Ішекқуыстылар типі
1. Ішшекқуыстылар типінде радиальды симметрияның пайда болуы неге байланысты?
А. планктонды тіршілік етуге байланысты;
В. бекініп тіршілік етуге байланысты;
С. активті жүзіп жүріп тіршілік етуге байланысты;
Д. судың терең қабаттарында бентосты тіршілік етуге байланысты;
Е. су түбіндегі субстратта баяу жылжып тіршілік етуге байланысты;
2. Ішекқуыстылар типі қай деңгейдегі жануарлар?
А. бір клеткалы;
В. екі қабатты;
С. үш қабатты;
Д. төрт қабатты;
Е. төрт қабатты радиальді.
3. Медузалардың полиптерден айырмашылығы:
А. тіркеліп тіршілік етуінде;
В. еркін тіршілік етуінде;
С. колониальды тіршілік етуінде;
Д. эктопаразиттік тіршілік етуінде;
Е. эндопаразиттік тіршілік етуінде.
4. Мезоглея төмендегі топтардың қайсыларына тән?
А. жалғанаяқтыларға тән;
В. кірпікшелілерге тән;
С. ішекқуыстыларға тән;
Д. сорғыш құрттарға тән;
Е. жұмыр құрттарға тән.
5. Төмендегі топтардың қайсысы мынадай схемамен дамиды: жұмыртқа-планула- сцифистома – эфира – медуза - жұмыртқа?
А. гидроидтылар;
В. теңіз гидроидты полиптері;
С. сцифомедузалар;
Д. маржан полиптері;
Е. сифонофорлар.
6. Сәулелі симметриялы жануарлар:
А. ішекқуыстылар;
В. жалпақ құрттар;
С. жұмыр құрттар;
Д. буылтық құрттар;
Е. буынаяқтылар.
7. Сцифомедузаның ұрықтануы қайда өтеді?
А. гастраль қуысында;
В. қарын қалталарында;
С. суда;
Д. энтодермада;
Е. эктодермада;
8. Төмендегі клеткалар тобының қайсысы тек ішекқуыстылар типіне ғана тән?
А. жыныс жасушалары;
В. атпа жасушалар;
С. безді жасушалар;
Д. жүйке жасушалары;
Е. жағалы-талшықты жасушалар.
9. Медузалардың ас қорыту қуысы қалай аталады?
А. гастральды;
В. парагастральды;
С. гастровоскулярлы;
Д. миксоцель;
Е. схизоцель.
10. Сцифомедузаның даму циклының кезеңдерін ретімен атаңыздар?
А. планула;
В. эфира;
С. жұмыртқа;
Д. стробила;
Е. сцифистома;
И. ересек медуза.
Дұрыс жауап: 1) 1, 4, 5, 6, 2;
2) 1,2, 3, 4, 5;
3) 6, 2, 3, 1,5,4;
4) 3, 1, 5, 4, 2, 6;
5) 6, 2, 1, 4, 3, 5.
11. Ішекқуыстылар типінің қандай маңызы бар?
А. маржан рифтерін, атоллдарды түзушілер;
В. биофильтраторлар;
С. жануарлар паразиттері;
Д. өсімдіктер паразиттері;
Е. кәсіптік түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |