UML күй диаграммалары. Параллель күй диаграммасы. Күй диаграммаларын пайдалану
UML-дегі белгілі кластың бір данасының бүкіл ықтимал күйлерін және оның бір күйден басқа күйге өтуінің ықтимал тізбектіліктерін суреттейтін, яғни объекті күйінің барлық өзгерістерін оның сыртқы әсерлерге реакциясы ретінде модельдейтін диаграмма күйлер диаграммасы деп аталады.
Күй диаграммалары жүйе тәртібін сипаттауда қолданылатын танымал әдістердің бірі. Олар барлық мүмкін болатын нақты объекттің күйлерін, және осы объектіге әсер ету негізінде пайда болған өзгерістерді суреттейді. Объетіге бағытталған әдістердің көбісінде күйлер диаграммалары жалғыз класс үшін құрылады. Бұл жалғыз объект тәртібінің динамикасын көрсету үшін жасалады.
Күй диаграммасын көрсетудің бірнеше түрі бар. Олар бір-бірінен тек семантикасымен ерекшеленеді. UML тілінде қабылданған стиль Дэвид Харел ұсынған күйлер схемасына негізделген (David Harel), 1987.
UML күй диаграммасы берілген. Бұл диаграмма тапсырыстарды өңдеу жүйесіндегі тапсырыс тәртібін суреттейді. Диаграммада тапсырыстың мүмкін болатын күйлері көрсетілген.
Бастапқы нүктеден процесс Тексеру күйіне ауысады. Бұл ауысу «/тапсырыстың бірінші позициясын алу» белгісіне ие.
1.Диаграмма басталған соң, ауысу белгісі қарастырылады. Мұнда ауысу үшін «әрекет» (action) және күй үшін «қызмет»(activity) терминдері қолданғандығын ескерген жөн. Терминдердің екеуі де тапсырыс класының әдісімен іске асатын, процесті білдірсе де олар түрлі мағына береді. Әрекеттер ауысулар мәнімен байланысты, шапшаң және үздіксіз деп қарастырылады. Ал қызметтер күйлермен байланысты және ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін. Ол тек белгілі бір оқиғадан әсерінен үзілуі мүмкін.
Егер ауысу белгісі ешбір оқиғаны қамтымаса, ауысу берілген күйге сәйкес, қандай да бір қызмет аяқталғанда орындалатынын білдіреді; біздің жағдайда – Тексеру орындалғаннан кейін. Тексеру күйінен үш ауысу түрі шығады. Әрқайсысының белгісі тек Күзететін шартты қамтиды. Күзететін шарт – «ақиқат» немесе «жалған» - тек екі мәнді қабылдайтын логикалық шарт. Берілген күзететін шарт «ақиқат» мәнге тең болған жағдайда ғана ауысу орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |