Эпос – өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр. Лирика



бет1/4
Дата28.12.2023
өлшемі24.41 Kb.
#488278
  1   2   3   4
6 сынып


Эпос өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр.
Лирика – суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер.
Драма – шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін жанр. 
Әдеби жанрлар
Эпикалық жанрға жататын шығармалар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, аңыздар, эпопея, роман, хикаят (повесть), әңгіме, очерк, новелла, т.б. 
Лирикалық жанрға жататын шығармалар: арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, т.б. 
Драмалық жанрға жататын шығармалар: трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса, т.б.
Тілдің көркемдегіш тәсілдері
Ажарлау
Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу
Келеді желдей зуылдап, 
Жеткізбейді Шұбар ат.
Атқан оқтай зырылдап,
Жал-құйрығы суылдап. («Алпамыс батыр» жырынан)
Эпитет (айқындау) – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз.

Алтын күнді, қара жерді сағындым,


Жан-жолдасым – жүйрік желді сағындым. (М.Жұмабаев, «Сағындым)
Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар. (Қазыбек би)
Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау. 
Түніменен түйіндік,
Таң атқанда тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет, «Соғыс»)
Ажарлаудың бұл түрлері поэзияда да, прозада да кездеседі.
Құбылту – троптар
Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші»)
Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,
Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)
Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға. («Абай, «Мәз болады болысың»)
Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,
Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет