UML Use Case диаграммаларын қолдану арқылы модельдеу.
1994 жылы Якобсон программалық жабдықтау процессіндегі басты элементтері ретінде прецеденттерді ұсынғанда, ол бірқатар көрнекті етіп суреттейтін диаграммаларды да енгізді. Қазіргі таңда, прецеденттер диаграммасы UML тілінің бір бөлігі болып табылады.
Прецеденттер диаграммасы – ол жүйелі контексттің өте қолайлы бейнесі, себебі, ол жүйенің шекараларын, жүйе үшін сырт түсініктер мен оны пайдалану амалдарын көрсетеді.
Прецеденттер диаграммасы – актерлер мен қолданушылар арасындағы қатынастарды бейнелейтін диаграмма және жүйені тұжырымдамалық деңгейде сипаттауға мүмкіндік беретін пайдалану үлгісінің ажырамас бөлігі.
Прецедент – бұл пайдаланушыға нақты, өлшенетін және қалаған нәтиже ала алатын модельдік жүйенің (оның функционалдық бөлігінің) мүмкіндігі. Прецеденттер диаграммасы әдетте сыртқы жүйе талаптарын анықтау үшін қолданылады.
Диаграмманың басты мақсаты - тапсырыс берушіге, пайдаланушысына және әзірлеушіге жобаланған немесе бар жүйесін бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретін функционалдылық пен мінез-құлықты сипаттау.
Жүйені прецеденттер диаграммасы арқылы модельдеу кезінде жүйе талдаушысы келесі жағдайларға ұмтылады:
– жүйе мен оның ортасын нақты бөлуге;
– актерлерді, олардың жүйемен өзара әрекеттесуін және жүйенің күтілетін функционалын анықтау;
– жүйенің функционалдығын толық сипаттаумен байланысты тақырыптық кеңістіктің тұжырымдамасын анықтау
Прецедент жүйе қалай жұмыс істейтінін түсіндірмейді, тек не болып жатқанын ғана сипаттайды. Прецеденттер эллипс тәрізді бейнеленеді, контур ішіне прецедент атауы (сипаттамасы) орналасады. Прецедент атауы басқа үлгі элементтерінің атауынан ұзынырақ. Ол неге олай екені түсінікті: прецедент атауы жүйемен актердың әрекеттесуін сипаттайды, олар өзара қандай хабарламалармен алмасатынын айтады.
Актер – бұл жүйемен бірге пайдалану жағдайында өзара әрекеттесетін сыртқы объект. Актерлер нақты адамдар (мысалы, жүйенің пайдаланушылары) және басқа компьютерлік жүйелер немесе сыртқы оқиғалар болуы мүмкін. Актерлер физикалық тұлғалар мен жүйелерді білдірмейді, бірақ олардың рөлін көрсетеді.
Актерлерді пайдалану жағдайларымен байланыстың екі түрі болуы мүмкін. Олар:
– қарапайым ассоциация актер мен use case арасындағы сызықпен көрсетіледі (көрсеткі жоқ). Актердің қарым-қатынасын және оны пайдалануды көрсетеді ;
– қатынасты біріктіру, яғни жалпылау қатынасы, қарапайым ассоциациямен бірдей.
Прецедент
|
Қатысушы (актер)
|
мәзірді орналастыру
|
хатшы
|
мәзірмен танысу
|
қызметкер, хатшы, офис-менеджер
|
тапсырыс жасау
|
қызметкер, хатшы, офис-менеджер
|
шотты құру
|
офис-менеджер
|
шотты төлеу
|
офис-менеджер
|
Достарыңызбен бөлісу: |