Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі,Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог – зерттеуші:
Ундаганова Гульнар Рахишовна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу.
Бөлімі:
Денелердің өзара әрекеттесуі
Сабақтың тақырыбы:
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу.
7.2.2.8 – күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
Сабақтың мақсаты:
Теңәрекетті күш ұғымының физикалық мағынасын аша отырып, бағыты мен модулін табу жолдарын анықтау .
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді графикалық түрде көрсету;
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды формуласын пайдаланып, есептер шығару
Бағалау критерийлері
Теңәрекетті күш ұғымының физикалық мағынасын аша отырып, бағыты мен модульін табу жолдарын анықтайды.
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді графикалық түрде көрсетеді;
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды формуласын пайдаланып, есептер шығарады