«Сабырсыз, арсыз, еріншек...» — Абайдың 1887 ж. жазған сатиралық өлеңі. Туындының тармақ саны біркелкі емес, көлемі 85 жол. Абайдың ел билігіне араласып, әділ төреші болуға, нашарлардың жоғын жоқтауға күш салып жүрген тұсында, неше түрлі зорлық-зомбылықты, мейірімсіздік пен әділетсіздікті т. б. кесір-кесапатты әшкерелеп жазған сықақ елеңдерінің қатарынан бүл туынды көрнекті орын алады. Ақын ез заманындағы ел билеген зорлықшыл жуандарға арқа сүйеп, солардың қол шоқпарына айналып, елдің тынышын алатын, бірді-бірге айдап салып, бүлік туғызып жүрген содырлы сойқандар мен қазан бұзар тасырларды шенейді. Өлең 7-8 буынмен жазылған, дәстүрлі шумаққа бөлінбей, біріне-бірі жалғаса, шұбыртпалы ұйқаспе тізбектеле ұласып, екі-үш тармақтан кейін қайта тоғысып отырады. Түр жағынан алғанда ауыз әдебиетіндегі толғау дәстүріне ұқсап кететін де белгілері бар. Бірақ тұспалы, негізгі сөз арқауынан ауытқу жоқ, айтайын деген ойы айқын да нақты. Туынды алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.