ЖКО жағдаяттарын.сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде: жол-көлік ситуациясында қалыптасқан ЖКО-ға катысушылар әрекетгерінің Жолда жүру мен КҚ пайдалану ережелерінің техникалық талаптарына сөйкестілігі; нақты қалыптаскан жағдайды ескергевде оқиға механизмі; жүргізушінің ЖКО-ны болдырмауға техникалық мүмкіндігінің болуы (болмауы) анықталуы мүмкін.
Сараптама тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) мына төмендегі негізгі алғашкы мәліметгер көрсетілуі керек:
Жолдың жүріс белігінің жағдайы (оның ені, жабын түрі, көлбеуліктің болу мен шамасы); . КҚ-ның түрі мен техникалық жағдайы, оның жүгі; жаяу жүргіншінін қозғалыс жылдамдығы мен бағыты, жолдың жүріс бөлігі және жүргізушінің көру аумағы бойынша оның басып кету орнына дейінгі жүрген кашықтығы; КҚ-ның қозғалыс жылдамдығы мен бағыты немесе оның тежелу ізінің мөлшері; көлік құралы тежелу ізінін басталуынан оның қай белігімен және қандай қашықтыкта жәбірленушіні басып кетті; жолдың бұрылыс радиусы, оқиға орнының координаттары (басып кету, кақтығыс); шыны калдыктарының, шашылған батпақтың орны; жүргізушінің орнынан жолдың көрінуі доен шолуы; жүргізуші кедергіні аддын ала қашан көруі және білуі мүмкін еді (егер, тергеу немесе сот бүл сәтті анықтаған болса).
ЖКО жағдаяттарына сот сараптамасын тағайындау туралы Қаулымен (үйғарыммен) бірге сарапшының қарамағына:
— ЖКО орнын қарау хаттамасы;
— ЖКО-ның ауқымды сызбасы;
— КҚ-ның техникалык жағдайын қарау мен тексеру хаттамасы;
— егер жүргізілсе, тергеу экспериментінің хаттамасы;
— куөлардан және ЖКО-ға қатысушылардан жауап алу хаттамасы ұсынылады.
ЖКО орнын қарау хаттамасында жол төсемінің сипаты мен түрі туралы, жолдың жүріс бөлігі мен жол жағасының ені мен жағдайы, кюветтердің болу-болмауы, көтерілу бұрышынын немесе тік еңістің шамасы мен бұрылыс радиусы туралы; жолдың ескерту белгілерінің болу-болмауы мен қозғалысты реттеу тәсілі, тежелу ізінің орны, оның ұзындығы мен сипаты (деңгелектің сырғанауы немесе тежелінген тербелісі), басып кету нуктесі, соктығысу орны, олардың жол элементтері мен басқа қозғалмайтын бағдарға катысы; қан іздерінің, тежегіш сұйыктығының, майлардың, соңдай-ак шыны сынықтары мен КҚ-дан бөлініп калған бөлшектердің болу-болмауы; заттай дәледдемелер табылған және алынған кездегі жағдаяттар туралы; соклығысқа дейінгі, соктығыс кезіндегі және соқтығыстан кейінгі автомобиль қозғалысының бағыты;
Жол жағдайы заттарында пайда болған зақымдардың сипаты, нысаны, мөлшері туралы; жургізушінін кабинасынан жол төсемінің керінуі туралы мәліметтер болуы керек.
ЖКО орнын карау хаттамасына сот фотографиясы ережесі бойынша (бағдарлык, шолушылық, тораптық, белшектік) оқиға орнында түсірілген фототүсірілімдер қоса беріледі.
ЖКО сызбасында: жол элементтері мен жол жағдайы заттарына (жылжымайтын бағдарлар) қатысты КҚ-ның нақты орналасу орны, тежеу іздерінің және өзге де іздер мен заттай дәлелдемелердің мөлшері мен орны; жәбірленуші мен кәлік құралының орны, жолды сипаттайтын деректер, негізінде, жол төсемінің түрі (бетон, асфальт, тас төселген) және оның күйі (құрғак, дымқыл, ластанған, кектайғақ, кар басқан); жол ақауларының болу және орналасқан орны; көтерілу немесе еңіс бұрышының шамасы, бұрылыс радиусын дәл көрсетілген жол профилі; журіс белігінің, жол жағасының, кюветтердің ені және жолдың сыртқы айналысы сипаттамасы, шолуды, көрінуді шектейтін затгардың болу-болмауы және олардың дәл орналасқан орны; жол белгілерінің орналасуы көрсетілуі талап етіледі.
11.2 Сот-сарапшылық көлік-трасологиялык зерттеу
Сот-сарапшылык көлік-трасологиялык зертгеу нәтижесінде ЖКО процесіндегі іздердің пайда болу механизміне, сондай-ақ көрсетілген оқиғаның механизм элементтеріне қатысты жағдаяттар аныкталуы мүмкін.
Зерттеу объектілері КҚжәне олардың бөлшектері, ЖКО-ға катысушылардың киімі мен аяқкиімі, сондай-ак сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманьң шешілуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың аукымы:
1.Қандай көліктің турі, типімен, КҚ моделімен, оның кандай бөліктерімен іздер қалдырылды?
2. Іздер шинаның қавдай моделімен қалдырылған? Бұл шина қандай кәлік құралдарына койылуы мүмқін?
3. Оқиға орнын қарау кезінде алынған шыны сынықтары фара шашыраткышының қавдай типіне жатады? Осы фара шашыраткыштары қандай КҚ-ға орнатылуы мүмкін?
4. Із қалдырған КК қай бағытта козғалып бара жатқан?
5. Қақтығыс сәтінде КҚ тұрған ба немесе қозғалып бара жатқан ба?
6. КҚ бір-біріне қатысты және жол элементтеріне қатысты олардың бастапқы туйісу сәтінде қалай орналасқан?
7. Қай орын КК, қақтығысу орны болып табылады?
8. Осы объектіде КҚ іздері бар ма?
9. Іздер КҚ-ның кдктығысу, басып кету, аударылу нәтижесінде пайда болған ба? Іздердің пайда болу механизмі және реті кандай?
10. Іздер осы КҚ-мен қалдырылған ба?
11. Осы зат нақты КҚ-ның бөлігі болып табыла ма?
12. Объектідегі іздер зерттеуге ұсынылған шинамен қалдырылған ба?
ЖКО жағдаяттарын толық және жан-жакты зерттеу мақсатында кешенді сот-медициналык және трасологиялык сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Олардың шешуіне мына төмендегі сұрақтар қойылуы мүмкін:
1. Көлік құралы және жәбірленушінің денесіндегі закымдарға, оның киімі мен аяккиіміндегі іздер мен зақымдарға қара-ғавда, колік құралы мен жаяу жүргіншінін өзара орналасуы қаңдай?
2. Жәбірленушінің киімі мен аяккиіміне зерттеу жүргізуден алынған деректерді қарап, бірінші сұрақты шешуді ескергенде, жаяу жүргінші бір орнында түрған немесе қозғальга бара жатқандығын анықтау, егер қозғалып бара жаткан болса, оңда көлік кұралының қозғалыс бағытына қатысты қай бағытта қозғалып бара жатқан?
3. ЖКО сәтінде КҚ рулінде кім отырған (КҚ-ның кұрылымдық ерекшеліктерін, оның салонындағы іздерді, КҚ зақымдарын, КҚ салонында болған адащардың дене жарақаттарын және олардың киімі мен аяқкиіміндегі іздерді еекергенде)?
Көлік-трасологиялык сараптаманы тағайындау үшін материалдардыдайындаудың ерекшеліктері. Негізгі талаптар ЖКО жағдаяттарының сот сараптамасында баяндалғанмен шамамен үқсас.
Жол-көлік окиғасында пайда болған қираулар, сынықтар мен жаншылған жерлерді сипаттау кезінде олардьщ мөлшері, дәл орналасқан жері мен жол бетінен биіктігі көрсетілуі керек. КҚ-дағы басқа да іздер мен закымдарды, сондай-ақ осы зақымдарды анықтаудың тәсілін (қарау, бөлшектеу кезіңде, эксперимент жасау жолымен) көрсеткен жөн.
Кешенді сот-медициналык және трасологиялық сараптама тағайындау кезівде езге де материалдармен бірге, сарапшынын қарамағына ЖКО сәтінде КҚ салонында болған адамдардың киімі мен аяккиімін үсыну керек.
11.3 Көлік кұралдарын сот-сарапшылық зерттеу
КҚ сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
- КҚ-ның техникалық жағдайы;
- КҚ-дағы техникалық акзулардың пайда болу себептері мен уақыты (ЖКО-ға дейін, сол сәтте немесе кейін);
- ЖКО басталу сәтіне дейін КҚ ақаулығын табу мүмкіндігі, сондай-ақ оның ЖКО дамуына әсері анықталуы мүмкін.
Сараптаманың объектілері бүтіндей КҚ, оньщжүйелері, агрегаттары, тораптары, бөлшектері, олардың беліктері, сондай-ак сараптама такырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойыпуы мүмкін сүрактардың ауқымы:
1. Автомобильдің тежегіш жүйесі, рульдік басқаруы, жүріс бөлігі, электр жарығы жүйесі ақаулығынын, пайда болу себебі кандай?
2. ЖКО-ға қатысты кай сәтте осы бөлшектің (тораптың) бұзылуы болды?
3. Жүргізуші немесе КҚ-ның техникалық жағдайына жауапты адам КҚ-ны пайдалану алдында оның қандай да бір жүйелерінің, агрегаттарының не бөлшектерінің ақаулығын біле алған ба?
4. Анықталған ақаулык қозғалыстың режимін (тежегіш жүйесінің тиімділік әрекетінің төмевдеуі, КҚ-ны ездігінен бір жақка қарай алып кету және кейінде аударылуы) бүзды ма?
5. Анықталған ақаулық болған ЖКО-мен себегтгік байланыста ма?
6. Оқиға кезінде автомобильдің сынған электршамы жанып тұрды ма?
7. Электршамның сынуы сәтінде автомобиль фарының қай жарығы (алысқа түсетіні не жақынға түсетіні) жанып түрды?
Көлік қуралдарына сараптама жүргізу үшіи материалдарды дайыңдаудың ерекшеліктері. КҚ сарапшыға жеткізілуі, не болмаса өзгертілмеген күйде орнында сақталуы керек. Сараптаманы жүргізуді бастамастан бұрын механизмдерді реттеуге, тораптар мен бөлшектерді ауыстыруға, май мен тежегіш сүйыктығын құюға, сондай-ақ өзге де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Зерттеуге жеке тораптар мен бөлшектер, олардың бөліктері барлық бекіту және косу бөлшектерімен бірге үсынылады. Ондағы бар іздзр мен ақаулар механикалық әсер ету мен ылғалдылықтан сақталуы керек.
КҚ-ны қарау хаттамасында алынатын тораптын сыртқы түрі мен күйі, оны шығарып алудың жағдайы сипатталады. КҚ-дағы тораптың күйі суретке түсіріліп алынады. Зерттеуге берілетін КҚ-ның тежегіш жүйесі, рульдік басқаруы, трансмиссиясы, жүріс бөлігі толық тиеп әкелінеді.
12 Сот экономикалық, тауартану, құрылыс сараптамалары
12.1 Сот экономикалық сараптама
12.2 Сот тауартану сараптамасы
12.3 Сот құрылыс сараптамасы
12.4 Сот жарылыс-техникалық сараптама
12.2 Сот тауартану сараптамасы
Сот-сарапшылық тауартану зерттеуі көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, экономикалық қызмет аясындағы меншікке қарсы, халықтардың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ көлік қылмыстары кезінде жүргізіледі.
Сараптаманың объектілері:
— материалдық активтер: жылжымалы мүлік (тауар-материалдық құндылықтар, көлік құралдары, өндіріс қаражаты, малдар); жылжымайтын мүлік (жер, жер қойнауы, жер учаскелері;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс объектілері, әкімшілік ғимараттар мен үй-жайлар, арнайы мақсаттағы объектілер, инженерлік инфрақұрылым, аяқталмаған құрылыс;
материалдық емес активтер: жұмыс, қызмет көрсету, шығармашылық және интеллектуалды қызметтің объектендірілген нәтижелері;
өнеркәсіптік меншіктің тіркелетін объектілері (өнертабыс, патенттер, лицензиялар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету және шығу орны таңбалары);
өнеркәсіптік меншіктің тіркелмейтін объектілері (гудвилл, ноу-хау, ғылыми есептер мен монографиялар, конструкторлық және технологиялық құжаттамалар, ма-кеттер, модельдер және тәжірибе үлгілері, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелер);
Сот-тауартану сараптамасының міндеттері мен объектілерінің түрлілігін ескергенде, ол былайша жіктеледі:
— азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық зерттеу;
— азык-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу;
— сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі;
— контрафактік тауарларды сот-сарапшылық зерттеу.
- Азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық
зерттеу
Сараптаманың объектілері жеңіл өнеркәсіп тауарлары (аяқкиім, киім, тоқыма тауарлары), галантерея және зергерлік бұйымдар, гигиена тауарлары (парфюмерия және косметика), мәдени-тұрмыстық тауарлар (музыка аспаптары, спорт тауарлары); шаруашылық мақсаттағы тауарлар (жиһаз, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, тұрмыстық химия) және сараптама тақы-рыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
1. Бұйымдардың атауы қандай?
2. Бұйым қандай шикізат түрінен жасалған?
3. Бұйымды дайындауға қолданылған шикізат (материал) сапалы ма?
4. Осы тауардын сапасы қандай стандарттармен белгіленеді?
5. Тауардың атауы мен сипаттамалары заттаңбада көрсетілген таңбалаулар мен ен-таңбаларға сәйкес пе? Сәйкессіздігі неде? т.б.
- Азық-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу
Сараптаманың объектілері ет-сүт, балық, бакалея, жеміс-жидек тауарлары, дәмдік және астық-ұн тауарлары, тамақтық концентраттар және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы осының алдындағы аталған сұрақтарға ұқсас.
- Сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі
Сараптаманың объектілері көлік құралдары, оның агрегаттары, тораптары, бөлшектері және қосалқы бөлшектері, көлік құралдарын жөндеуге арналған материалдар, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
1. ЖКО нәтижесінде КҚ-да болған зақымдарды қалпына келтіру үшін қажетті шығынның құны қандай?
2. Автомобильді жөндеудің калькуляциясында көрсетілген жөндеу жұмыстары мен бөлшектерді бағалау мен бағалар КҚ жөндеу сәтіндегі бағалар мен бағалауға сәйкес пе? Калькуляцияда көрсетілген барлық жұмыстар КҚ-ны қайта қалпына келтіру үшін қажет пе?
3. КҚ-ның тозу пайызы қандай?
4. Қайта қалпына келтіру сомасы КҚ-ның қалдық құнынан артық па?
Қазіргі уақытта бейне және аудио өнімге қатысты зерттеу кешенді сараптама шеңберінде жүргізіледі.
Сараптаманың объектілері:
- тауар орамасы және тауар жөнінде ақпарат жеткізгіштері: шығарма жазбасы жеткізгішін ресімдеу құралы ретіндегі футляр мен қосымша бет; дизайн құралының бейнелеулері; құкық иесінің құқын қорғау элементтері (авторлық және (немесе) аралас құқықтарды қорғау таңбалары, фирманың логотипі бар голографиялық жапсырмалар, тауар таңбасы ).
- ақпарат жеткізгіштері (аудио-, бейне кассеталар мен компакт-дискілер) және олардың құрамдастары: аудио-, бейне кассеталардың корабы мен магниттік таспасы; компакт-дискілердің үстіңгі беттері (үстіңгі бетінің мөлшері, профильдері);
- жеткізгіштегі шығарма жазбалары: негізгі параметрлері (форматы, түсті теледидар жүйесі, жазба режимі);
— шығарылған дубликаттардың лицензиялық өнімі жазбасын данасынан дайындау үшін қолданылған техникалық құралдар: аралық жазатын аппаратура (аудио-, бейнемагнитофондар, плеерлер) және оның құрал-жабдықтары (кассеталар, компакт-дискілер);
— зерттеуге ұсынылған аудио көзбен көру шығармаларына арналған ілеспе құжаттама:
12.3 Сот құрылыс сараптамасы
Сот-сарапшылық құрылыс зерттеуі көбінде меншікке қарсы және экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар жөніндегі қылмыстық, істер бойынша, соңдай-ақ азаматтық істің кен ауқымында іс жүргізу кезінде жүргізіледі.
Сараптаманың объектілері:
- ғимараттар мен үй-жайлар;
- даулы үй иелікке БТИ-дің техникалық паспорты;
- құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге белгілі тәртіппен бекітілген жоба-смета құжаттамасы;
- күрделі құрылыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарттар;
- құрылыс учаскелеріне инженерлік-топологиялық зерттеу қорытындылары;
- қолданыстағы ҚНмЕ-ге сәйкес құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырыс беруші жағынан (құрылыс соғушы) техникалық қадағалау материалдары;
- құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жобалары;
- объектіні соғуға және жобалауға жер учаскелерін бөлу туралы актілер мен шешімдер, жоба-смета құжаттамаларын әзірлеуге сәулет-жобалау тапсырмасы;
- орындалған жұмыстарды қабылдап алудың бақылау өлшеу актілері, құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарында сапасыз дайындалған және қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдарын зерттеу;
— орындалған құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарына ақы төлеу жүктелімдері;
— зерттелетін объектідегі құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде болған бақытсыз жағдайлар мен техникалық себептерді зерттеу актілері;
— арнайы ведомстволық тергеу актілері болып табылады.
Сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыға қабылдап алу сынақтары, құрал-жабдықтарды техникалық қарау актілері, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өнделетін шикізат туралы мәліметтер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары ұсынылады.
Сот құрылыс сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда), шешілетін міндеттерге орай, қосымша мәліметтер көрсетілуі қажет. Мысалы, жылжымайтын мүліктің, құрылыс-монтаж немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарының құнын анықтау кезінде кай кезеңге бағалауды жүргізу керектігін көрсету керек. Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін бөлуге байланысты сұрақтарды шешу кезінде бөлуді қандай үлесте жүргізу керектігін көрсету қажет.
Сот құрылыс сараптамасының негізгі объектілері жылжымайтын мүлік объектілері болып табылады. Сарапшылық зерттеу жүргізу үшін объектіні қарау, тексеру өлшеулері мен қажетті өлшемдерді орындау, ал қажет болған жағдайда, құрылыс материалдары мен конструкциялар үлгісін алу қажет. Осыған байланысты, сот құрылыс сараптамасын тағайындау кезінде міндетті талаптардың бірі сараптама тағайындаған органға жүктелетін зерттеу объектісін қарауды ұйымдастыру болып табылады.
Сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектісінің орналасу орнына жеткізуді, ал қажетті жағдайда тараптар мен сот өкілінің қатысуын, зерттеу өткізуге қажетті кедергісіз рұқсат пен жағдайларды қамтамасыз ету керек.
Орындалған жұмыс мәселелеріне қатысты сот құрылыс сараптамаларын жүргізуде сараптама тағайындаған адам объектіні қарау кезінде осы құрылысты жүргізген құрылыс ұйымы өкілінін қатысуын қамтамасыз ету керек.
12.4 Сот жарылыс - техникалық сараптама
Сот сарапшылық жарылыс - техникалық көбінде жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай ақ көлік қылмыстары, әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.
Сараптаманың объектілері: жарылыс әрекеті бар (миналар, гранаталар, бомбалар) штаттық оқ дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, негізінде , өзінің құрылымы, мақсаты мен әрекет принципі бойыша инженерлік миналар мен қол гранаталары; жарылғыш заттар (әскери, өндірістік не жан жақты мақсаттағы) мен дәрі, жару құралдары; жарылыс өнімдері мен оның әрекетіне ұшыраған объектілер болып табылады.
Сот жарылыс - техникалық сараптаманың түр тармақтары былай бөлінеді:
-
Жарылыс жүйелерін зерттеу;
-
Имитациялық құралдарды, ұңғылы артилерия оқ дәрілері мен инженерлік оқ дәрілерді зерттеу;
-
Пиротехникалық құралдар мен қоспаларды зерттеу;
-
Жарылыс орны мен жарылыс іздерін зерттеу.
Сот жарылыс - техникалық сараптаманың ғылыми әдістемелік негіздері жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды, сондай ақ жарылыстарды әзірлеумен және пайдаланумен байланысты технологиялық процесстер заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.
Сот жарылыс - техникалық сараптаманы жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдар істің мән жайы, объектілердің және сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтардың сипатымен анықталады.
Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық және инженерлік оқ дәрілерді жолдағанда сарапшыға: қарау және табу сәтінде оларды пайдалану үшін қауіпсіз жағдайға келтірілген объектілердің өзі; оларды табудың мән жайы және қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген тергеу әрекеттері хаттамасының көшірмелері; сезіктіден табылған заттай дәлелдемелердің сұлбалары, суреттері, есептеулері, техникалық сипаттамалары; сезіктінің дайындаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ИҚ, ПҚ макеттері ұсынылады.
Болған ЖЗ, ЖҚ мен ЖҚ жарылыстары туралы материалдарды жолдау кезінде оқиға орнын қарау хаттамасының көшірмесі; хаттаманың қосымшалары; оқиға орнынан алынған объектілер; сот медициналық сараптама қорытындысы; жарылысты не оның зардаптарын бақылаған адамдардан жауап алу хаттамалары; жауап алу хаттамалары ұсынылуы керек.
13 Сот технологиялық және өрт-техникалық, жарылыс техникалық сараптама жасау
13.1 Сот технологиялық сараптама
13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
13.3 Сот жарылыс техникалық сараптама
13.1 Сот технологиялық сараптама
Сот-сарапшылықтехнологиялықзерттеуі көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ экономикалық қызмет аясындағы меншікке карсы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы кылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Сот технологиялық сараптаманың такырыбы қандай да бір әнімді дайындау технологиясымен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманың объектілері:
-
материалдар (шикізат);
-
жартылай өнімдер;
-
бұйымдар (кеңінен тұтыну және өндірістік-техникалық мақсаттағы);
-
өндіріс қалдықтары;
-
дайын өнім (жартылай өнім) үлгілері;
-
технологиялык процесте пайдаланылатын механизмдер мен құрылымдар;
-
технологиялық құжаттамалар (өндірістің технологиялық сызбасы, технологиялық есептеулер, жолсапар карталары, гра-фиктер), дайын әнімге нормативтік құжаттама (ГОСТ, ТУ, ОСТ) және өзге де кұжаттамалар (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар);
-
салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
- сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрактардың ауқымы:
1. Зерттеуге ұсынылған материалдардың (шикізаттың),
бұйымдардың табиғаты және олардың мақсаты қандай?
-
Бұйымдардың дайындалу тәсілі, мақсаты, қолдану аумағы қандай?
-
Өнімнің (бұйымның) сапасы ілеспе құжаттарда (сертифи-катта) керсетілген талаптарға, нормативтік талаптарға немесе шарт талаптарына сай ма?
-
Өнімнің нашар сапасы, оның ақаулары сақтау және тасы-мадцау шарттарын бұзудың салдары болып табылмай ма?
-
Өнімді (бұйымды) өндірудіңтехнологиялық режимдерінен ауытқу болған ба, егер болса, олар өнімнің (бұйымның) жарам-сыз болған ақауларымен себептік байланыста ма?
-
Осы өнімнің шығу көзі каңдай (дайындаушы-кәсіпорын, технологиялық жолы, нақты механизмі)?
-
Объектілердің технологиялық күйі қандай?
-
Нормативтік ережелерге қатысты объект калай жұмыс істеу керек (объект монтаждау және орнату талаптарына сай ма)?
-
Объектінің функционалды касиеттерінің бұзылу себебі неде?
13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
Өрт жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу көбінде азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық кұрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, экономи-калық кызмет аясындағы меншікке қарсы, қоғамдык қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы кылмыстар, көлік қылмыстары жәніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Сот өрт-техникалык сараптаманың тақырыбы:
-
жанудың пайда болу және ерістеу себептерін;
-
ерттің өрістеу механизмін;
-
өрттің пайда болуына себебін тигізетін жағдайларды анық-таумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
Сараптаманын объектілері:
-
әрт орны;
-
жоғары температура әсеріне ұшыраған ғимараттар мен үй-жайлардың құрылымдык элементтері;
-
ерт орнында табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу құрал-жабдыктары;
-
электржылытқыш аспаптары, электр сымдары;
-
жану және тез тұтанғыш сұйықтық іздерінің болуы тура-лы болжам жасалынатын әр түрлі жеткізгіш-заттар;
-
балку іздері бар электр сымдары мен кабельдердің үзінді-лері;
-
апаттық режим белгілері бар электр қорғау кұралдары, электр коммутаторлар;
-
салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
— сараптама тақырыбына жататын езге де іс материалдары.
Сот әрт-техникалық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері жану процесінің пайда болуы мен өрістеуінің зандылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, техникалық, математикалык және өзге де әдістер кіреді.
Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
-
Өрт ошағы кайда орналасқан?
-
Нақты орын өрт ошағы болып табыла ма?
-
Жанудың таралу жолы қандай?
-
Осы электр қорғау аппараттары кандай тоқта іске қосылуға есептелген?
-
Сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштар объектінің электр жабдығын артық жүктелуден, қысқа тұйықталу ток-тарынан қорғап қалуы мүмкін бе еді және олар ө рттің пайда болуымен себептік байланыста болуы мүмкін бе?
-
Орттін басталу сәтінде кернеу тұрақтандырғышы қандай техникалық күйде болған және розеткіге қосылған күйде қалған тұрақтандырғыш акдулығы өрттің себебі болуы мумкін бе?
-
Электр жабдығының күйі өрттің пайда болуымен себептік байланыста болған ба?
-
Өрт жағдайында жанып жаткан объектінің электр қондырғылары кернеулі токта болған ба?
-
Үсынылған заттай дәлелдемелерде апатты жұмыс режимінің белгілері бар ма (балку, токтын артық жүктелу іздері, қысқа
тұйықталу)?
-
Достарыңызбен бөлісу: |