Барлық оқушыларүшін: Электр зарядының сақталу заңын тәжірибе арқылы түсіну, зарядталған денелердің әрекеттесуін дәлелдеу, Кулон заңын қолданып заряд бөлшектерінің әрекеттесу күшін анықтау.
Басым бөлігі үшін: Кулон заңын қолданып, сол заң бойынша белгісіз шамаларды анықтау.
Кейбір оқушыларүшін: Зарядталған денелердің электрленуін талдау.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздерме балалар!Біз бүгін электростатика негіздері тарауының екінші тақырыбын қарастырамыз. Бұл сабақтың тақырыбы: «Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы, элементар электр заряды» Өткен сабақта біз «Денелердің электрленуі, электр заряды және откізгіштер мен диэлектриктер» тақырыбын өткен болатынбыз.
КІМ ТЕЗ Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. (1 тапсырма) Өткен тақырыпты тексеру:
1. Ежелгі грек тілінде «электрон» деген сөз нені білдірген?
2.Үйкеліс кезінде қандай электр зарядтары пайда болады және әрекеттері қандай?
3. Э. Резерфордтың атомның планетарлық моделін қолдана отыра, денелердің электрленуін қалай түсіндіруге болады?