Усть-Таловка кентінің әкімі Е.И.Шабанованың 2014 жылға есеп беру тезисі
Усть-Таловка кенті әкімшілік-аймақтық бірлігіне 7124 адам санымен 4 елді мекен кіреді. Усть-Таловка кенті – 6493 адам, Березовка селосы – 339 адам, Половинка селосы – 170 адам, Заречное селосы – 122 адам. Округтің көлемі – 7762 га, елді мекен жерлері 1667 га, ауыл шаруашылыққа арналған жер 2170 га, жыртылған жерлер 1430 га, жайылым жерлер 604 га.
Өнеркәсіп.
Кенттегі 2 өнеркәсіптік кәсіпорнында: «Шығыстүстімет» ЖШС және «Мырышталған ыдыстар зауыты» ЖШС 4200 адам жұмыс істейді. Округ аймағында шағын бизнестің 124 субъектілері, оның ішінде: 2 ШҚ, 36 дүкен, 11 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, 5 қоғамдық тамақтану нысаны, 1 базар, 1 наубайхана және т.б. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 237 адам.
Артемьевка өндірістік кенішінің «Шығыстүстімет» ЖШС тауар өндірісінің көлемі 28,760 млрд.теңгені құрайды. Қазіргі таңда Николаев байыту фабрикасын қайта құру жүргізілуде, инвестициясы 80 млрд долларға дейін жетеді.
Ауыл шаруашылығы.
Округ аймағында 3 ауылшаруашылық құрылым жұмыс істейді, 2 шаруа қожалығы, 1 ЖС. Округте жердің негізгі бөлімі (2777га) «Камышинское-2» ЖШС, 991га жыртылған жер округтің басқа ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне бекітілген. 01.11.2015 жылға ІҚМ-580, сиыр- 270, жылқы – 70, ҰМБ- 380. Дәнді дақыл 1058 тонна, 493 тонна – күнбағыс құрайды, астықтың шығымы – 17 ц/га, күнбағыс – 17,ц/га. Өсімдік өсіру шаруашылығына 1615280 теңге субсидия бөлінді.
Инфрақұрылым.
Округте тұрғын үй 863, соның ішінде 26 (Половинка ауылында-2) – көпқабатты үйлер, 1- жатақхана, жеке үйлер - 836.
Бүгінгі күні жоғарыда аталған 24 көпқабатты үйлер және жеке сектор (3663 абонент) орталықтандырылған жылу, су құбыры және кәрізбен қамтамасыз етілген. Жылу және су құбырларының магистральдік желілеріне Востокэнерго -«Шығыстүстімет»ЖШС Усть-Таловка кентінің энергоцехы қызмет көрсетеді. Қоқысты шығару, көпқабатты үйлердің ауласын және жертөле желілерін жинастыру қызметін «Балхашуниверсал» ЖШС филиалы атқарады. Магистральды және үй ішілік желілерде көрсетілген қызметтің сапасын арттыру және апаттық жағдайларды болдырмау мақсатында жыл сайын жоспарлы-алдын алу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2014 жылы Востокэнерго - «Шығыстүстімет» ЖШС өз қаражатына (34 млн.тг) Усть-Таловка кентінде Вокзальный және Гребенщиков көшелерінің жалпы ұзындығы 3 км желілеріне жылылықты оқшаулау жұмыстары жүргізілді. Теңгерім актісіне сәйкес жылу және су құбырларының магистральдік желілеріне 2000 мың. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 5752,751 мың теңгеге «Балхашуниверсал» ЖШС филиалымен үйішілік жылу және су құбырларына жөндеу жүргізілді.
Округте энергожабдықтау аясында «Жезказғанэнергосбыт» ЖШС және «Шығысэнерготрейд» ЖШС қызмет көрсетеді. Электр желілеріне қызмет көрсетумен «Шығыстүстімет» ЖШС және «ШҚ АЭК» АҚ атқарады.
Округ телефон байланысымен, ғаламтор байланысымен қамтылған, ұялы байланыс және серіктік телевизиясы аумағына кіреді, қамтылған, абоненттер саны жыл сайын артуда.
«Терможетілдіру элементтерімен ТКШ жетілдіру» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда нақты жұмыстар жүргізілуде, Советский көшесі №5 үйге жалпы сомасы 8400 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Вокзальный көшесі №25 үйге толық жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 4106,626 мың теңгеге ЖСҚ дайындалуда.
Округте жалпы ұзындығы 33 км құрайтын 29 көше, олардың ішінде қара қиыршық таспен жабылған – 21,6 км, қиыршық таспен жабылған – 11,4 км. Жолдың жүретін бөлігінде жол қабатының қиратылуы, тозуы және оның болмауы көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне әсер етеді, бүгінгі таңда бұл көкейкесті мәселеле.
2014 жылдың қыркүйек айында Усть-Таловка кентінің Школьный көшесіне жалпы сомасы (оның ішінде РБ - 9768, ЖБ - 1085) 10853 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ремдор» ЖШС мердігерлік ұйымы.
Бұл бағытта жұмыс жалғасуда, 2015 жылы 11000 мың теңгеге Советский көшесі және 36417 мың теңгеге Комсомольский көшелеріне жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы 428 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа қоқыс орындарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат 100 % игерілді.
Білім беру.
Округ аймағында мектепке дейінгі 431 (Заречное - 2, Половинка - 10, Березовка - 28, Усть-Таловка - 391) және 6 жастан 18 жас аралығындағы 772 бала (Заречное - 8, Половинка - 27, Березовка - 49, Усть-Таловка - 688) қамтылған, 280 орынды балабақша жұмыс істейді. Астафьев атындағы мектеп- гимназиясында (643 оқушы: 551+73 мектепке дейінгі +19 шағын орталықтарда) және 2 компьютер сыныбы, 2 мультимедиялық кабинет, 4 кабинетте интерактивтік тақта бар, интернет жұмыс істейді, 274 бала тегін тамақпен қамтылған. Мектеп-гимназиясына округтің 3 селосынан оқушылар жеткізіледі (Заречное - 6, Половинка- 11, Березовка - 20). 2014 жылы оқушылардың білім сапасы 47,1 %, ҰБТ орта балы 71,63 (2013 жылы – 70,84). Мектеп бітірушілер - 21, олардың жоғары оқу орындарына түскендер - 14, тегін негізде – 14 адам. Колледжге түскендер -7.
Денсаулық сақтау
Медициналық мекемелер: МХК медсанбөлімі, МХК профилакториясы, Березовка селосында ФАП. Санитарлық көлікпен қамтамасыз ету – 1 машина, медқызметкерлердің барлық саны – 47 адам, оның ішінде 15 дәрігер, 32 адам орташа медқызметкерлер. 2014 жылдың желтоқсан айында «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС коммуналдық меншікке әлуметтік нысандарды өткізді, олар: «Ивушка» профилакториі және МХК медсанитарлық бөлімі.
Мәдениет және спорт.
Усть-Таловка кентінде 288 орынды «Горняк» клубы, әртүрлі мәдени және спорттық шаралар өткізілетін «Жұлдыз» спорттық клубы, балалар өнер мектебі жұмыс істейді. Былтырғы жылы аудандық халық ойындарында аймақ бірінші орын алды, сондай ақ кітапхана жұмыс істейді.
Аудандық спорт жарыстарында және көркемөнерпаздар байқауында жүлделі орындарға ие болды.
Қазіргі кезеңде өрттен кейін «Жұлдыз» спорттық клубының оң қанаты қалпына келтірілген.
Құқықтық тәртіп.
Жыл басынан 48 қылмыс жасалды, 15 қылмыстық іс ашылмады. Округ аймағында АІІБ, жол полициясының, мектептің, әкім аппаратының, қоғамдық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 55 жедел - алдын алу шаралары өткізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту, қоғамдық тәртіп күзеті, қоғамдық қауіпсіздік мақсатында: «Қару», «Участок», «Подросток», «Дорога» жедел-алдын алу шаралары және т.б өткізілді. Учаскелік инспектормен 311 жекелей тәрбиелік-алдын алу әңгімелері өткізілді. Алдын алу есебінде 91 адам тұр. Олардың 55 ішімдікті асыра пайдаланатындар, есірткі құмарлар -10 адам, Өскемен қаласындағы АЕАМ-ға 11 адам ресімделген, жағдайлары қолайсыз отбасылар- 10, кәмелетке толмағандар - 9. 2014 жылы 305 әкімшілік хаттамалар ресімделді.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Есепте тұрған жұмыссыздар саны - 59 адам, олардың ішінен 41 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер - 13. «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасына 2 адам қатысты. 2014 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 4 отбасы (21 адам) 504,090 мың теңге. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 5 отбасы (19 бала ) 288,043 мың теңге. Тұрғын үй көмегін 13 отбасы 155 мың теңге алды.
Көріктендіру.
Өткен жылы округ елді мекендерінің көшелерін қоқыстан тазарту жүргізілді, 4 саябақ аймағы, көп қабатты үйлерге және мекемелерге жататын 29 аймақ тазартылып және көріктендірілді, 3000 м3 қоқыстар шығарылды, 3 санкцияланбаған қоқыс төгетін жер жойылды, 600 ағаш көшеттері, 250 бұталар отырғызылды. «Горняк» клубы аумағындағы шахтерлер аллеясында көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.
Жыл сайын «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіподақ комитеті балалардың демалуын ұйымдастыруға қаржы бөледі («Ивушка» профилакториі, «Алтайская бухта» туристтік база).
Усть-Таловка кентіндегі шаруашылық субьектілерімен 24 меморандум жасалынып, көгалдандыру және көмекке зәру жандарға көмек көрсету мәселелері шешілуде.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқа да шағын және орта бизнес субъектілері округ тұрғындарына көмек көрсетеді: балалардың жазғы демалысы, жаз мезгілінде округтың көше қабатын түзеу және жөндеу, көшелерді қоқыстан тазарту, қыс мезгілінде көшелерді қардан тазарту, сенбілік өткізу, әртүрлі мерекелік шараларды («Жеңіс күні», («Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні», «Наурыз мейрамы», «Жаңа жыл», «Қарттар күні» және т.б).
Ағымдағы жылы «Жұлдыз» спорттық клубы ғимаратын қалпына келтіруге құрылыс материалдары және материалдық көмек, жұмыс күші сияқты көмек көрсетілуде.
Қаржы-бюджеттік сала.
2014 жылы жергілікті салық 1000987 теңге.
2014 жылы Шемонаиха ауданының әкімі есебінде қойылған тұрғындардың сауалдары.
-
Әлеуметтік нысандарды коммуналдық меншікке өткізу.
2014 жылдың қаңтар айында дене-шынықтыру және спорт кешені, «Горняк» клубы коммуналдық меншікке өткізілді, қазіргі уақытта толық көлемде жұмыс істеуде. 2014 жылдың желтоқсан айында «Ивушка» профилакториі, мед-санитарлық бөлімі және «Дошкольник» Ж/М коммуналдық меншікке өткізілді, қаржыландыру мәселесі шешілді.
2015 жылға арналған міндеттер.
Әлеуметтік- экономикалық даму қарқынын сақтап қалу. Усть-Таловка кенті көшелерінің ағымдағы жөнделуі. Березовка ауылындағы Южный көшесін және Усть-Таловка кентінде Комсомольский көшесін жарықтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |