Первомайский кенті әкімінің міндетін атқарушы Ж.С.Тастенованың 2014 жылға есеп беру тезисі
Первомайский округі 3 елді мекеннен құралған, тұрғындар саны 5430 адам. Первомайский кентінде – 4320 адам, Барашки ауылында – 556 адам, Ново-Ильинка а. – 554 адам. Округтың орталығы – Первомайский кенті. Округтың аумағы – 20 084 га, оның ішінде елді мекен жерлері 3492 га, ауыл шаруашылығы жерлері - 12913 га, оның ішінде жыртылатын жерлер – 8168 га, жайылым жерлер – 1981 га.
Ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 22 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде өсімдік өсіру шаруашылығымен айналысатын 2 ірі құрылым бар («Ново-Ильинское» ЖШС егістік жері – 2260 га, «Феденев А.М.» шаруашылық- фермерлік қожалығы егістік жері - 3137 га).
01.12.2014 жылдағы мал басы:
ІҚМ – 1160 бас, шошқа – 1315 бас, жылқы саны - 270 бас, қой мен ешкі – 1522 бас, құс саны – 5391. ет - 352 тонна, сүт - 2100 тонна өндірілген. Жалпы жиналған астық – 6485 тонна дәнді дақылдар және 6314 тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі 16,2 ц/га құраған, күнбағыс өнімділігі – 17 ц/га.
Білім беру. Округ аумағында 3 мектеп жұмыс істейді – 1 орта, 2 негізгі, онда 550 оқушы білім алуда. Барлық мектептер компьютерлендірілген. 2013 жылғы ҰБТ орташа балы – 77% құрады. Мектеп түлектерінің ішінен 8 оқушы тегін оқу негізінде жоғарғы оқу орындарына түсті.
Денсаулық сақтау. Округта 3 медициналық мекеме бар, оның ішінде 1 аурухана (Первомайский к.) және 2 ФАП (Барашки а., Ново-Ильинка ауылы). Аурухана арнайы автокөлікпен жабдықталған. Медициналық қызметкерлердің саны 65 адам, оның ішінде 7 дәрігер, 29 - орта медициналық қызметкерлер, 12 кіші медициналық қызметші, басқалары 17 адам.
Мәдениет және спорт. Первомайский округы аумағында мәдениет үйі жоқ. 2 кітапхана бар. Округте 2 мәдени ұйымдастырушы қызмет атқарады, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған іс-шаралар - дәріс, концерт. Первомайский МӘМ мен мектептер кешенінде көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді. Первомайский округі аумағында шаңғы жарыстары, волейбол, футбол сияқты спорт түрлері белсенді дамып келеді. «Металлург» стадионында үлкен футбол алаңы бар, онда спорт секциясы ұйымдастырылған және қазіргі уақытта өз қызметін атқаруда. Сондай-ақ хоккей қорабы бар. Шаңғыдан қысқы жарыстарға дайындық Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі бөлімшесінде өткізіледі, секцияға жаттықтырушылар- Захарченко В.Г. және Захарченко Г.П. жетекшілігімен 12 бала қатысады. Спортшы- балалар үнемі барлық спартакиадаларға, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Өнеркәсіп және шағын бизнес. Округ аумағында өнімдер шығару бойынша 3 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген: «ИРЗК» ЖШС- жұмыскерлер саны 221 адам, «ПМЗ» ЖШС - жұмыскерлер саны 67 адам, «Востоксельхозпродукт» ЖШС -жұмыскерлер саны 217 адам. Округ аумағында шағын бизнес субъектілерінің саны 72 бірлік, оның 52 дүкен, 3 дөңгелек жөндеу, 2 ТҚКС, 7 нысан тұрмыстық қызмет көрсететін, 3 нысан қоғамдық тамақтану орны, 2 базар, 2 наубайхана, қарақұмық өңдейтін 1 ЖШС. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылған - 680 адам.
Инфрақұрылым. Бюджеттік бағдарламалар аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қаражаты есебінен округ аумағында елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылуда, соның ішінде жолдарды қысқы және жазғы уақытта ұстау, жылдамдықта жүруге арналған жолдарды жарықтандыру, шаңғышы-спортшыларды ұстау, мерекелік іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және ықпал ету, Карбышев атындағы мектепте аз қамтылған отбасылардың балаларын тамақтандыру қамтамасыз етілген, қысқы кезеңде Карбышев мектебінің оқушыларын тасымалдау үшін тұрақты от жағылатын бокстарды ұйымдастыру, қоқыстарды шығару, жеммен қамтамасыз ету және тасымалдау, бау-бақшаларды жырту, көліктік шығындар, Карбышев атындағы мектепте шахмат ойынына арналған бөлмені жабдықтау (жөндеу жұмыстары). «Туған жеріңе табын» акциясы аясында 2014 жылғы маусымда ағайынды кәсіпкерлер Сергей және Иван Глушковтар балалар қалашығын құруға ықпал етті.
Инфрақұрылымды дамытуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, толығымен игерілген:
- ұзындығы 15,7 км электр беру желілерімен техникалық қызмет көрсету және ұстау - 1625 мың теңге сомаға; көшелерді жарықтандыруды қалпына келтіруге 3366 мың теңге сома ұзындығы 2,5 км электр беру желісі, 42 км жолды қысқы кезеңде ұстауға - 679 м.т., көшелерді санитарлық тазалауға және рұқсат етілмеген қоқыстарды шығаруға 749 м.т. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2014 жылы 7131 мың теңге сомаға «Жасанды жабыны бар спорттық алаң» пайдалануға берілді. ЖҚЖК 2020 бағдарламасы бойынша 2,5 км Маяковский және Юбилейный көшелеріне 27251 мың теңге сомаға ағымдағы жөндеу жасалды.Апаттық жағдайда тұрған Новый көшесі, 14 үйдің 3 тұрғынына тұрғын үй алуға 750 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.
Қоғамдық-саяси жағдай. Биліктің атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен бірге, округ азаматтарының моральдық-психологиялық климатын, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізіп отырады, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық шаралар өткізілген.
Құқықтық тәртіп сақтау. 2014 жылы ішкі істер органдарының қызметі келесі негізгі бағыттарда жүргізілген – қылмысқа, нашақорлыққа қарсы күресті нығайту, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу және тыю мақсатында, полиция қызметкерлерімен күнделікті көшелерде патрульдік бақылаулар жүргізіледі.
Шемонаиха ауданы әкімінің 2014 жылғы есебінде тұрғындардан түскен сұрақтар:
- елді мекендер көшелерін жарықтандыру. Соңғы төрт жылда Первомайский кенті, Барашки ауылы, Ново-Ильинка ауылы көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде, елді мекендердің 47% көшелері жарықтандырылды. Жұмыс жалғасуда.
-Барашки ауылында орталықтандырылған су құбырларын салу. Барашки ауылында орталықтандырылған су құбырлары желілерін салу бойынша жұмыстар орындалды, 2015 жылы түбегейлі пайдалануға беріледі.
Ново-Ильинка а. су құбыры. ЖСҚ дайындалды, құрылыс 2016 жылға жоспарланған.
Қаржылық-бюджеттік сала.
2014 жылғы жер салығы 427 мың теңге, мүлік салығы 195 мың теңге.
2015 жылға Первомайский округінің даму проблемалары: Ауыз суымен қамтамасыз ету (Ново-Ильинка а., Барашки а.). Қираған көпқабатты үйлердің қоқыстарын шығару. Мәдени орталық салу. Көшелердің жолдарын жөндеу. Первомайский кентінде сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне жөндеу жүргізу.
2015 жылға міндеттер. Абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, елді мекендерді санитарлық тазалау, елді мекендерді жарықтандыру, тұрғын үйлерге құқық белгілеуші құжаттарды ресімдеу, елді мекендер көшелерінің жолдарын жөндеу, Барашки а. орталықтандырылған су құбыры желісін түбегейлі пайдалануға енгізу және Первомайский к. су құбыры жүйесін жөндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |