8-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бірнеше бөлімге бөліңіз
9-тапсырма. Мына сұрақтардың мазмұнын ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз
а) Мұқанның туып-өскен жерінің табиғаты қандай?
ә) Болашақ сазгердің пайдаланған алғашқы музыкалық аспабы.
б) Ауыл сыртында кездескен екі жігіт кімдер еді?
в) Мұқан Төлебаевтың суреткерлік талантын ерекше танытқан туындылары?
10-тапсырма. Сұраққа жауаптарыңызды пайдаланып қысқаша әңгіме дайындаңыз
11-тапсырма. Еске түсірейік
Қалау рай
Етістік +ғы, гі, қы, кі + тәуелдік форманың жалғауы кел (ІІІ жақта)
|
Мен оқығым келеді – ауыспалы осы шақ
Сен оқығың келмейді – ауыспалы осы шақ
Сіз айтқыңыз келді – өткен шақ
Ол түсінгісі келген жоқ – өткен шақ
Біз жауап бергіміз келіп отыр – нақ осы шақ
Сендер тыңдағыларың келіп отырған жоқ – нақ осы шақ.
Сіздер барғыларыңыз келер – келер шақ
Олар қыдырғылары келмес келер шақ
12-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз
1) Олжастың журналист болғысы келеді, себебі… . 2) Ертең біздің театрға барғымыз келеді, өйткені … Мұқанның әнші болғысы келген жоқ, сондықтан … . Әкесі дәрігер болғандықтан Олжас та … . Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, … . Менің әлі сізбен сөйлескім келетіндіктен, … .
Оқыңыз, қызық!
Достарыңызбен бөлісу: |