Қыстырма сөздердің мағынасына қарай түрлері
1.Сөйлемдегі ойды қуаттау, растау, сендіру үшін қолданылатын сөздер: әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, дау жоқ, жасыратыны жоқ, шынын айту керек, өзіңізге белгілі, шынында, расында т. б.
2.Сөйлемдегі ойға жорамал, болжал жасау, себеп, деректер іздестіру тұрғысында айтылатын сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, асылы, тегі, меніңше, біздіңше, байқаймын, дәу де болса, кім білсін, менің байқауымша, оның айтуына қарағанда, неліктен екені белгісіз, оның пікірі бойынша т. б.
3. Алдыңғы айтылған ойларға қорытынды жасау, сүйену, кейінгі оймен байланыстыру үшін жұмсалатын қыстырма сөздер: қысқасы, сөйтіп, демек, қойшы, сонымен, ақырында, әйтеуір, мысалы, мәселен, ендеше, сайып келгенде, жалпы алғанда, қорыта келгенде т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |