Неологизмдер
Қоғамның дамуы, өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың өркендеуіне байланысты тілімізде пайда болған жаңа ұғымдардың атауларын неологизмдер ейміз. Сондай-ақ неологизмдерге әлі көпшілк арасында қолданылып, толық қалыптаспаған ұғымдар да жатқызылады. Мысалы: зымыран (ракета), ұшақ (самолет), хаттама (протокол), зейнеткер (пенсионер), мұрағат (архив), күнтізбе (календарь), іссапар (командировка), төлқұжат (паспорт), саябақ (парк), ғаламтор (интернет), ғаламшар (планета) және тағы басқа.
Термин сөздер
Тілімізде белгілі бір ғылым саласына ғана қатысты сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Мысалы:
Экономика ғылымы саласына қатысты термин сөздер: инфляция, сұраныс, ұсыныс, дебитор, кредитор, аудит, кризис, бизнес т.б.
Заң ғылымына қатысты термин сөздер: сот процесі, прокурор, сот залы, сот мәжілісі, адвокат, кеңсе т.б.
Биология ғылымына қатысты термин сөздер: жасуша, ағза, дәрумен, ақуыз, цитоплазма, протоплазма және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |