В 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



Дата30.06.2016
өлшемі254.89 Kb.
#168590

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейлі СМК құжат


ПОӘК




ПОӘК

«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені




№ басылым

2013жыл


ПОӘК 042-05-14-5-05.20/01-2012





5 В 020500 - « Филология: қазақ тілі » мамандығына арналған

« Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2013

Мазмұны



1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курстық жұмыс

5 Студенттердің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

1.1 СӨЙЛЕУ – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу құралы болса, сөйлеу – осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашанда нақтылы болады, тіл – абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта жасалады, оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады.

1.2 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгі сөзді қабылдау не қабылдамау.

1.3 ДИСКУРС – (фр.discours – сөйлеу)– экстралинвистикалық, яғни, парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін. Дискурс – өмірдің тілі, сондықтан да дискурс термині «мәтін» терминімен салыстырғанда көне, басқа да бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.

1.4 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) – 1. Сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы.

1.5 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланысты болады.

1.6 МОНОЛОГ – (грек.monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу түрі. Монологқа интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.

1.7 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі.

2 ДӘРІСТЕР

1-дәріс. Синтаксис туралы жалпы түсінік

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Синтаксис ұғымының мәні

2.Синтаксистік түлғалар

3. Синтаксистік норма және синтаксистік жүйе туралы түсінік


Синтаксис термині, оның мәні. Синтаксистің казіргі зерттеу бағыттары мен оның объектілері: сөз тіркесі, сөйлем, күрделенген сейлемдер, синтаксистік тұтастық, ол туралы талас-пікірлер және олардың зерттелу

барысы.


Синтаксистік түлғалар, олардың түрлері: коммуникативтік грамматикалық дербес синтаксистік түлғалар. Құрылымдық элемент ретіндс грамматикалық тұрақтылығы бар синтаксистік тұлғалар. Синтаксистік формалар, олардың лексикалық, морфологиялық формалармен байланысы,

ерекшелігі.

Синтаксистік норма және синтаксистік жүйе туралы түсінік.

Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердіц синтаксистік жүйесімен ұқсастық, айырмашылық жайлары.

Синтаксистік жүйені танудағы методологиялық принцип.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Синтаксистің қазіргі зерттеу бағыттары туралы не айтар едіңіз?

  2. Синтаксистік түлғалар, олардың түрлерін атаңыз

3. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердіц синтаксистік жүйесімен үқсастық, айырмашылық жайы туралы не айтар едіңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
2-дәріс. Сөз тіркесі синтаксисі

Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз тіркесінің зерттелуі

  2. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы көзқарастар.

  3. Еркін тіркестер, тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз тіркесінің синтаксисіне қатысы.

Сөз тіркесі. Сез тіркесінің синтаксистің арнайы объектісі болуы туралы көзқарастар. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз тіркесінің зерттелуі, зерттеуші ғалымдар, олардың еңбектері.

Сөз тіркесінің тек сөйлемде ғана өмір сүруі, сөйлемнен тыс

қолданылмайтьшдығы.

Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы көзқарастар. Сөздердің тек грамматикалық мағына тудыру үшін тіркесетіндігі. Ол туралы орыс тілі мен түркологиялық көзқарастар.

Сөз тіркесі кез-келген екі сөздің тіркесі емес, керісінше екі мағынасы бар сөз таптарының өзара тіркесі екендігі. Сөз тіркестері сабақтаса байланысқан сездер тобынан ғана жасалатындығы, ал салаласа байланысқан

сөздердің тілдегі орны.

Еркін тіркестер, тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз тіркесінің синтаксисіне қатысы.

Сөз тіркесі, оның өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы: Сөйлемнен айырмашылығы, ұқсастықтары:

-Шектеулі тіркестерден айырмашылығы, үқсастықтары;

Тұрақты тіркестерден айырмашылығы, ұқсастықтары;

-Түйдекті, шектеулі тіркестерден айырмашылығы, ұқсастықтары:

а) негізгі сездер мен шылаулардың түйдектелуі; ә) негізгі сөздер мен көмекші есімдердің түйдектелуі;

в негізгі сөздер мен көмекші етістіктердің түйдектелуі;

в) негізгі сөздер мен модаль сөздердің түйдектелуі;

г) сөз, оның түрлерінен айырмашылығы, ұқсастықтары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз тіркесінің зерттелуі жайында баяндаңыз

  2. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы көзқарастарға шолу жасаңыз

  3. Еркін тіркестер, тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз тіркесінің синтаксисіне қатысын қарастыра отырып, мысалдар келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
3-дәріс. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Қиысу. Меңгеру.

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Сөз тіркесінін байланысу формалары. Зерттелуі

2. Қиысу, меңгеру формалары
Сөз тіркесінің байланысу формаларының түркологияда және қазақ тіл білімінде қазан революциясына және одан кейінгі зерттелу дәрежесі. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы.

Қиысу: қиысу туралы түркологиялық көзқарастар. Қиысудың сөйлемнен айырмашылығы мен ұқсастығы, жақтық, сандық қиысу және мағыналық қиысу.

Меңгеру - ол туралы көзқарастар, изафеттің 2 түрі және нольдік түлғадағы зат есім мен етістік.

Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалатын сөз таптары:

- Зат есім мен есімдік.

- Субстантивтенген сөз таптары.

- Субстантивтенбей-ақ септелетін сөз таптары (үстеу).

- Тұрақты тіркестер.

- Негізгі сөздер мен көмекші сөздер.

- Көмекші сөзді тіркестің жанасу байланысу формасымен ара қатынасы.

- Бар, жоқ сөздері. Ол сөздердің басыңқы сыңармен табиғи қатысы, соңғы өзгерістер және орын тәртібі.

Меңгерудегі басыңқы сыңарлар, олардың түрлері, ондай кезде басыңқы сыңарда есім сөздердің колданылу ерекшеліктері.

Етістікті меңгеру. Салт және сабақты етістіктер және салт-сабақты меңгеру, соңғы топты етістіктердің меңгеруінде септік жалғауларының алмасуы туралы, етістіктердің меңгеруі туралы, есімше, қимыл есімдердің меңгеруі туралы көзқарастар.

Ортақ меңгеру. Ортақ меңгеру, ондай кездегі есімдер мен көмекші етістіктер, олардың түрлері. Негізгі сөздер мен кемекші сөздердін ортақ меңгерілуі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Қиысу: қиысу туралы түркологиялық көзқарастар

2.Меңгеру , ол туралы көзқарастарды әңгімелеңіз

3.Етістікті меңгеру, ортақ меңгеруге мысал келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
4-дәріс. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу. Қабысу. Жанасу.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу,қабысу жайлы көзқарастар

2. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы.

3. Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері

4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.
Матасу туралы түркологиялық көзқарастар, қиысумен ара қатынасы, ілік және барыс, табыс т.б. жалғаулы сөздердің басыңқы сөзбен тіркесіндегі ерекшеліктері туралы. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы. Ілік жалғауының ашық түрі екендігі, олардың орны, бағыныңқы сыңарда қолданылатын сөз таптары:

- Есімдер, етістік, үстеу.

- Негізгі сөздер мен көмекші сөздер, олардың түрлері.

- Тұрақты тіркестер.

- Бар, жоқ сөздері.

Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері:

- сөздердің орын тәртібі арқылы, жақсы тілек;

- негізгі сөздер мен көмекші сөзді түйдекті тіркестерге кейбір жұрнақтардың жалғануы арқылы, үйдің қасындағы бау;

- көнеленген септік жалғаулы үстеулер арқылы, зорға түсіндіру;

- септік жалғауларының түсірілуі арқылы, кітап оқу;

- тұрақты тіркестер арқылы.

Қабысудың бағыныңқы сыңарлары: есімді сөз тіркестері: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу, негізгі сөз бен көмекші сөздер, түрақты тіркестер; етістікті сөз тіркестері: үстеу, көсемше, еліктеуіш сөздер, сын есім, сан есім, зат есім, түрақты тіркестер ондай сөздердіц тіркесу қабілеті, мағыналық байланысу.

Қабысудың басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлері, ондай кездегі сөз таптарының ара қатынасы.

Жанасу. Жанасудың өзіндік объектілері. Жанасуда бағыныңқы сыңардын, алшақ, іргелес тұруына қарай шылаулы меңгерумен ара қатынасы, жанасу терминінің мәні, жанасудың құрамы. Бағыныңқы мен басыңқыны жанастыратын дәнекерлер, түрлері: жанасудың етістікті, кейде есімді, құрама түрлері:

- негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік;

- негізгі сөз және шылау;

- негізгі сөз және модаль сөздер;

- негізгі сөз және жолы бойы, бойынша, есе, рет, қайтара.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Матасу, қабысу формаларына мысалдар келтіріңіз

2.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасын мысалдар арқылы көрсетіңіз

3.Қабысу мен жанасу формаларына мысалдар келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
5-дәріс. Сөз тіркесін топтау. Сөз тіркестерінің қүрылысы туралы.

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Сөз тіркесін топтау

2.Сөз тіркестерінің қүрылысы туралы
Сөз тіркесін топтау: сөз тіркесін топтастыруда А.П.Поцелуевский көзқарасы, сөздерді тіркесу тәсіліне карап топтау (Е.И.Убрятова) сөз таптарының негізінде топтау (В.В. Виноградов, М.Балақаев) синтетика-функциональды топтау (Н.А.Баскаков). Бұлардың әркайсысының ерекшеліктері, сөз тіркестері сөз таптарының тіркесі екендігі.

Сөз тіркестерінің есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлері туралы.

Сөз тіркесі тарихи категория.

Жаңа сөз тіркестері, шығу көзі, қалыптасуы.

Сөз тіркестерінің құрылысы туралы. Жай, күрделі сөз тіркестері, сөз саны және мағыналык жағынан айырмашылығы. Күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолдары, оның сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларына ортақтығы және күрделі сөз тіркесінің жасалу жолдары:

- жартылай қызметті сөздер арқылы; көмекші сөздер аркылы;

- тұрақты тіркестер арқылы;

- терминологиялық топ арқылы;

әрбір сөз табының күрделі түрі арқылы.

Сөздердің тіркесу қабілеті, ондай кезде бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздердегі мағыналық тұтастық.

Сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларда жұмсалатын сөз таптарының түрлері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Сөз тіркестерінің есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлеріне мысалдар келтіріңіз

  2. Сөз тіркестерінің құрылысы туралы баяндаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
6-дәріс. Сөйлемді құрайтын элементтер.

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Сөйлемді құрайтын элементтер

Сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, еліктеуіш, одағай сөздер.

Негізгі сөздер мен көмекші сөздер: негізгі сөздер — көмекші есім;

- Негізгі сөздер — көмекші етістік; негізгі сөздер — шылау сөздер;

- Негізгі сөздер - модаль сөздер.

- Тұрақты тіркестер

- Сөйлемдер

- Жеке дыбыстар

- Оқшау сездер

- Парцелляциялық құбылыс Айқындауыш

- Бірыңғай мүшелер.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Сөйлемді құрайтын элементтерге мысал келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

7-дәріс. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөйлем мүшелері.

2. Сөйлем мүшелерінің жалпы тіл білімінде, түркітануда зерттелуі

Қазан төңкерісі және онан кейінгі дәуір, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, І.Бәйтенов, Ә.Ермеков, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Жиенбаев, Т.Қордабаев, Ш.Сарыбаев сөйлем мүшелері туралы. 1940 жылға дейінгі сөйлем мүшелері туралы талас пікірлер. Негізгі себептері.

а) Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына катысы.

ә) сөйлем мүшелері - лексика.

б) сөйлем мүшелері - морфология.

в) сөйлем мүшелері - фразеология.

Сөйлем мүшелерінің бір-біріне ауысуы, оның көріністері, сөйлем мүшелеріндегі синкретизм. Сөйлем мүшелерінің сұраулары, қалыптасуы, оларды қоюдың негізгі принциптері. Сұрауды бүкіл сөйлем бойынша қоюдың тиімділігі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сөйлем мүшелерінің табиғаи түрі жайлы не білесіз?

2. Сөйлем мүшелерінің жалпы тіл білімінде, түркітануда зерттелуін баяндаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
8-дәріс. Сөйлем мүшелерінің жасалуы.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөйлем мүшелерініңт жасалуы жайындағы түрліқалыптасқан пікірлер

- Негізгі сөзді сөйлем мүшелері.

- Негізгі сөздер мен көмекші сездердің түйдектелуі арқылы сөйлем мүшелері.

Жеке дыбысты сөйлем мүшелері.

- Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері.

- Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөйлем мүшелері.

- Парцелляциялық сөйлем мүшелері.

- Әр түрлі сөз таптарының мағыналық бірлігі негізінде жасалған сөйлем мүшелері

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сөйлем мүшелерінің жасалуына мысалдар келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
9-дәріс. Сөйлем мүшелерінің түрлері.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөйлем мүшелерінің түрлері

2. Сөйлем мүшелері туралы козқарастар.

Сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік. Сөйлем мүшелерінің атаулары туралы .Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, олар туралы көзқарастар.

Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің кайсысының басым екендігі, бастауыш пен баяндауыштың арасындағы катынас - предикативтік туралы, оның көріністері.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы көзқарастар. Тұрлаусыз мүшелерге қатысты сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері, олардың, түрлері мен бір-бірінен айырмашылығы, сұраулары мен мағыналарындағы өзара ұқсастық пен айырмашылық.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы көзқарастар

  2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы көзқарастар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
10-дәріс. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш.

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің зерттелуі

2.Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттері
Бастауыш, оның зерттелуі. Бастауыштың негізгі қасиеттері. Бастауыштық топ, оның көрінісі. Бастауыштың сөйлемдегі орны. Бастауыштық тұлға: нольдік, көптік, тәуелдік жалғаулы түрлері мен септік жалғаулы сөз бен көмекші сөзді топтар.

Бастауыштың сұраулары. Бастауыштың түрлері. Бастауыштағы жақтык, көрініс. Бастауыштың жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөздердіц бастауыш қызметінде жүмсалуы, ерекшеліктері. а) зат есім иен есімдік. ә) заттану арқылы: сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер, үстеу.

Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бастауыштар, түрлері, олардың тұлғалық ерекшеліктері.

Бастауыштың құрамы. Дара, күрделі, үйірлі бастауыштар.

Бастауыш аясының, кеңеюі. Бастауыштың басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процессі.

Баяндауыш, оның зерттелуі, бастауышқа қатысы. Баяндауыштың негізгі қасиеттері. Баяндауыштық топ. Баяндауыштық тұлғалар.

Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: бұйрық рай, жіктік жалғауы, есімше формасы, шартты рай, қимыл есімі, негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер, көнеленген баяндауыштық.

Есімді баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: нольдік форма. Септік жалғауы, көптік жалғаулы, жіктік жалғаулы түрлері.

Құрама баяндауыштар. Баяндауыштың сұраулары, жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөзді баяндауыштар. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің баяндауыш қызметінде жүмсалуы.

Баяндауыштың құрамы: дара, күрделі түрлері. Етістікті, есімді, құрама, үстеулі, еліктеуіш, модаль сөзді және бар, жоқ сөзді.



Өзін- өзі тексеру сұрақтары:

  1. Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттеріне сипаттама беріңіз

  2. Бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолдарын көрсетіңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
11-дәріс. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Толықтауыш. Анықтауыш. Пысықтауыш.

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі

2.Пысықтауыш, оның қалыптасуы, ол туралы көзқарастар

3. Пысықтауыштың түрлері, семантикасы
Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі. Толықтауыштық тұлға:

- септік жалғаулары

- септік жалғаулары мен көмекші етістік

- септік жалғаулары мен шылау.

Толықтауыштың сұраулары, түрлері: жанама, тура толықтауыштар, айырмашылығы. Тура толыктауыштың жалғаулы, жалғаусыз жүмсалуы туралы көзқарастар.

Толықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөздердің толықтауыш қызметінде жұмсалуы, ерекшеліктері.

Толықтауыш құрамы, жасалуы, олардың аясының кеңеюі мен тарылуы, басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процесі.

Анықтауыш, көзқарастар, зерттелуі. Анықтауыш сипаты, олар қатысты сөздер. Анықтауыштардың орын тәртібі. Анықтауыштық түлға: нольдік және ілік жалғаулы сөз. Анықтауыштың сұраулары. Анықтауыштың мағынасы мен тұлғасына қарай түрлері: сапалық, меншікті, үйірлі анықтауыш.

Анықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы.

Негізгі сөздердің анықтауыш қызметінде жұмсалу ерекшеліктері. Негізгі сөздер мен көмекші сөздер арқылы жұмсалу ерекшеліктері.

Анықтауыштың құрылымы: дара, күрделі түрлері, жасалуы, айырмашылықтары. Үйірлі аныктауыштар. Анықтауыш түрлері, жасалуы, тыныс белгілері, ол туралы көзқарастар.

Пысықтауыш, оның қалыптасуы, ол туралы көзқарастар. Пысықтауыштық түлға: нольдік, септік, негізгі сөз — көмекші сөздер, жұрнақты түрлері. Пысықтауыштың сұраулары. Пысықтауыштың жасалу жолдары:

1. Қабыса байланысқан пысықтауыш:

Үстеу, сын есім, сан есім, көсемше, шартты рай, еліктеуіш сөздер, есімдік, есімше, қимыл есімі.

2. Меңгеріле байланысқан пысықтауыштар: Зат есім, үстеу, есімше, түрақты тіркес.

Пысықтауыштың түрлері, семантикасы. Мезгіл, мекен, мақсат, себеп, амал, мөлшер пысықтауыштары, олардың семантикасы, сұраулары, жасалуы, қүрамы. Пысықтауыштың әрбір түрінің жасалуындағы негізгі сөз табы -үстеу және ретінде қарай олардың әрқайсысының жасалуындагы ерекшеліктер, олардың байланысу формаларына қарай бөлінуі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуін баяндаңыз

  2. Пысықтауыш, оның қалыптасуы, ол туралы көзқарастар

  3. Пысықтауыштың түрлері, семантикасына мысалдар келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
12-дәріс. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Зерттелуі.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, түрлері, ондағы жалпылауыш мүшелер, оларға қатысты жалғаулықтар және олардың тыныс белгілері.

Қазақ тілінің бір сөйлемнің ішінде бір мүшенің бірыңғай бір сұраққа жауап беретін, бірдей түлғада түратын сөздердің келуі көне жазба ескерткіштерінен бастап, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан құбылыс

Бірыңғай мүшелердің жазылуында не қос нүктемен, не сызықшамен жазылатын екі түрлі жол бар.

Бірыңғай мүшелердің арасы жалғаулықтармен де, жалғаулыксыз да байланыса береді. Ондай жалғаулықтардың қатарына ыңғайлас жалғаулықтар, талғаулы жалғаулықтар, кезектес жалғаулықтар жатады.

Бірыңғай мүшелердің қүрамы бір сөзден де немесе тұтас тіркестерден де бола береді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне мысалдар келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
13-дәріс. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

Дәріс мазмұны:

1.Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

2. Инверсия құбылысы

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі: Инверсия құбылысы. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің тарихи қалпы мен кейінгі өзгеру себептері. Түпкілікті орын тәртібінің сипаты. Түпкілікті орын тәртібінің өзгеруі (инвариант), оған әсер ететін факторлар. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына қарай орын ауыстыруы.

Тіліміздегі сөйлем мүшелерінің орналасуы: сөйлемнің бастауышы -бірінші, ал екінші - баяндауышы тұрады. Бұл тіке тәртіп. Сөйлем тек тұрлаулы мүшеден ғана тұрмайды. Осы екеуінің айналасына топталатын тұрлаусыз мүшелер бар. Ондай жағдайда бастауыш пен толықтауыштың маңына анықтауыштар орналасады. Ал баяндауыштың айналасына толықтауыштар мен пысықтауыштар орналасады. Осылардың орналасуында орынды алшақтық болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

2 Инверсия құбылысы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
14-дәріс. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтері.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтерінің қолданысы

Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың түрлері. Окшау сөздердің сөйлемдегі орны, окшау сөздерді сөйлемнен алып тастау немесе керісінше пікірлер, түрлері.

Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.

Қыстырма сөз, сөз тіркестері.

Одағай сөздер.

Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері.

Сөйлем синтаксистің ең негізгі единицасы. Сөйлемнің танымдық, коммуникативтік қызметі. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің сөз, сөз тіркесінен айырмашылығы. Сөз тіркесі мен сөйлем, олардың бір-біріне ауысуы. Сөйлемнің анықтамасы, ол туралы әр түрлі пікірлер. Сөйлемнің зерттелу аспектілері: конструктивті аспект, коммуникативті аспект, семантикалық аспект.

Сөйлемнің эволюциясы. Сөйлемнің калыптасуында сөз таптарының орны. Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны. Етістікті сейлемдер.Ерте дәуірге байланысты есімді, келе-келе етістікті сөйлемдердің қалыптасуы. Аналитикалық, синтетикалық тәсілді сөйлемдер, олардың қалыптасуы. Сөйлемдегі предикативтік, тіл-тілдердегі анықтамасы, ол туралы көзқарастар. Предикативтілік: субъекті мен предикат, тема, рема, бастауыш пен баянцауыштардың қатынасы. Сөйлемнің тілдің басқа салаларымен байланысы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементтерінің қолданысына мысалдар келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
15-Дәріс

Жай сөйлем.


  1. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі

  2. Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдер.

  3. Атаулы сөйлемдер

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Хабарлы сөйлем, оның есімді, етістікті түрлері, олардың тарихи қалыптасу жолдары. Сұраулы сөйлем, олардың жасалуы, сұраулы сөйлемді жасаудағы интонацияның орны. Лепті сөйлем. Бұйрықты сөйлем, олардың бір-бірінен айырмашылыктары, жасалу жолдары.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сейлемдер. Бастауыштың қатысу, қатыспауына қарай жақты, жақсыз сөйлемдер. Белгісіз жакты және жалпылама жақты сөйлемдер. Тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелерінің қатысуына қарай толымды, толымсыз сөйлемдер.

Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшеліктері

Бақылау сұрақтары:


  1. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін нақты мысалдармен дәлелдеңіз

  2. Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдерге мысалдар жазыңыз

  3. Атаулы сөйлемдерге мысалдар жазыңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


  1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық

Студент « Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген мәтін талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда дискурс пен мәтін лингвистикасының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Мәтін лингвистикасыи мен дискурс қазіргі тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Пән бойынша жүргізілетін өздік жұмыстар мәтін линвистикасы мен дискурс әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.




    1. Реферат тақырыптары

5.2.1. Тілтанымның синтаксис саласы жайлы

5.2.2 Бастауыштың жақтық мағынасы.

5.2.3 Изафеттік қүрылыстағы анықтауыштар.

5.2.4 Қазақ тіліндегі тура толықтауыш.

5.2.5 Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғаусыз тіркестерінің кейбір түрлері.

5.2. 6 Айқындауыштың дамуы және қалыптасуы.

5.2. 7 Синтаксистік синонимдер.

5.2. 8 Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері.

5.2. 9 Күрделі баяндауыштың кейбір формаларының құрылуы.

5.2.10 Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем

типтері.

5.2.11 Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер.

5.2.12 Қазіргі казак тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. 5.2.ІЗ Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері.

5.2.14 Күрделі баяндауыштың кейбір формаларының кұрылуы.

5.2.І5 Сөйлемнің эволюциясы.Сөйлемнің қалыптасуында сөз таптарының

орны.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет