ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВАТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Филология» факультеті
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:«Есімді тіркестері»
Орындаған:Пазыл А.Ж
Тобы:ФИ-20-1К2
Қабылдаған: Әділбекова Ж.Қ
Шымкент – 2023 ж.
Жоспар:
1.Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.
2.Есімді сөз тіркестері,түрлері.
3.Қабыса байланысқан сөз тіркестері.
4.Матаса байланысқан сөз тіркестері.
5.Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.
1.Есім сөздердің (зат есім, сан есім, сын есім) орнына жүретін сөз табы.
Есімдік заттың өз атауында, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды. Мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді.
Жіктеу есімдігі.
Белгілі бір жақтық ұғымымен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер) сендер, сіздер, олар.
|
Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктер:
Меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Олар: бұл, сол, анау, осы, мынау, ана, міне, әке, осынау т.б.
|
Сұрау есімдігі:
Жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. Олар: кім? не? қанша? неше? нешеу? қаншасыншы? қайда т.б.
|
Өздік есімдігі:
Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.
|
Жалпылау есімдігі:
Жалпылау, жинақтау мағынадарын білдіретін есімдіктің түрі. Олар: бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс.
|
Болымсыздық есімдігі.
Болымсыздық мағынаны білдерітін есімдіктің түрі. Олар: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқашдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме.
|
Белгісіздік есімдігі:
затты сындық белгілі, сан – мөлшерді белгісіз етіп жорамалдан, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі. олар: біреу, кейбір, бірдеме, әрне, әркім, әлдекім, кімде – кім, бір, қайсыбір. қайсы біреу, әр, әрбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлде қалай, әлдеқашан, әлде қайдан, әрқашан әлде қайда.
|
Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын біолдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу, аңғарына қарай аңғарылады. Мысалы, ол Прутковтың барлық афоризмін білетін. Сен қымсынба, артың ба біз бармыз. дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағыналары нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі Ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтың барлық афоризмін білетінің ғана аңғарғанымыз болмасы, ол адам кім? — Бейсенбай ма, әлде Мұрат па? жоқ тіпті біз білмейтін, басқа бір адам ба?
Әйтеуір оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. екінші сөйлемдегі саен, біз дегендердің де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. ондай болатын себебі: ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді, демек көзбе – көз я бетпе – бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі (адам ба?, зат ба – бәрі бір) ол – болады.
Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады.
есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді, оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы «көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тілі замандарда пайда болған, демек соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.
алғашқы топқа жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сөздер сипатында болады. Бұған: мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, осы, сол т.б. сияқты, қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады.
Ескерту: Бұл аталған есімдіктердің ішінен не сөзінен өзгелері тарихи тұрғыдан алып қарағанда, ме-н, се-н, о-л (н), бі-з, сі-з қа-й (н) кі-м бөлшектенетіні жайында есте болғаны жөн.
Есімдіктердің екінші, кейінгі (жаңа) тобына мынадай үш түрлі есімдік сөздер жатады. Біріншіден, бұған белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арқылы. демек, лексикалық жолмен жасалған: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен исқты басқа (араб, парсы т.б.) тілден ауысып енген сөздер жатады.
2. Есімді сөз тіркестері— сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”. Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
3. Қабысу - қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс амалының бірі. Оның объектілері басқа байланысу амалдарына қарағанда кең. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы - сөздердің орын тәртібі. Қабысудың есімді, етістікті және ортақ басыңқылы деген түрлері бар. Есімді қабысудың екі түрі бар: есімді қабысу, ортақ қабысу. Олар сөйлемдегі орны және сөз таптарының әр түрлі болуына сәйкес ерекшеленеді. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
4. Матаса байланысқан сөз тіркестері басыңқы сыңарындағы сөз таптарының қатысына қарай есімді және ортақ басыңқылы матаса байланысқан сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. Сонда есімді матаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғаулы есімдер болса, ортақ басыңқылы матасудың басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғаулы есімдерге түйдектелген көмекші етістіктер болады. Матаса байланысқан сөз тіркестері сөз таптарының қатысына қарай әр түрлі сөз таптарының және бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Әр түрлі сөз таптары негізінде құралған матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары ретінде ілік жалғаулы мына сөз таптары қолданылады. Матасудың басыңқы сыңары ретінде тәуелденетін мына сөз таптары қатысады: зат есім, сын еесім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, тұрақты тіркес. Сонда сөз таптары тәуелдік жалғауында жеке тұрып та, кейде күрделі түрде де басыңқы сыңарда жұмсалады.Мысалы: Ол өзінің жалғыз емесін де білген. Матаса байланысқан сөз тіркестері құрамы жағынан дара да, күрделі де болып келеді. Дара матаса байланысқан сөз тіркестері кемінде дербес мағынасы бар екі әр түрлі, бір түрлі сөз таптарының және бір сөздің қайталануы арқылы жасалса (оқушының дәптері, жақсының жақсысы), күрделі матаса байланысқан сөз тіркестерінің не бағыныңқы, не басыңқы немесе екі сыңары да күрделі болып келеді.
Күрделі матасудың бағыныңқы сыңарлары: күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдекті тобы, тұрақты тіркестер, сол сияқты аралас құрамды жолдар арқылы да жасалады. Мысалы: заманның ғашықтарының көбі, ұзақ жортуылдың аты.
5. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер ондай сөз тіркестерінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың халін, күйін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынадай есімдер: 1. Сын есімдер. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Бірақ олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі – сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жаман. 2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көйлек сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам, сын сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші бөлшегі болып көп жұмсалады. Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар көлге бай(Жамбыл). 4. Сан есімдер мен есімдіктер меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесінің меңгеруші сыңары ретінде аз кездеседі: Ішінде қазақтан төртеуміз (Мұқанов).Ол жақта егіске дайындық қалай? (Мүсірепов). Демек, мұндай сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, негізгі сөзге түйдектелген көмекші сөздер болады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |