18.1. Беткейлiк керiлуге әсер ететiн факторлар. Беткейлiк активтi және активтi емес заттар
1. Беткейлiк керiлу сұйықтың табиғатына тәуелдi болады. Молекула аралық байланыстары күштiрек полюстi молекулалардың беткейлiк керiлуi жоғары, ал полюссiз молекулалардың беткейлiк керiлуi төмен болады. Мысалы:
б эфир = 17эрг/см2 . б Н2О = 73эрг/см2 .
2.Температура жоғарылаған сайын беткейлiк керiлу төмендейдi, себебi молекулааралық тартылыс күштерiәлсiрейдi.
3.Сұйықтардың беткейлiк керiлуiн төмендететiн заттар беткейлiк активтi заттар ( БАЗ ) деп аталады, оларға органикалыққышқылдар, спирттер, аминдер, т.б. жатады. Осындай БАЗ-дың концентрациясы жоғарылаған сайын беткелiк керiлуi төмендейдi.
Сұйықтардың беткейлiк керiлуiн жоғарлататын заттар беткейлiк активтi емес заттар ( БАЕЗ ) деп аталады. Оларға қышқылдар, сiлтiлер, бейорганикалық тұздар жатады. Олардың концентрациясы жоғарылаған сайын беткейлiк керiлуi де артады.
Достарыңызбен бөлісу: |