Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Дәрілік заттар өндірісінде қолданылатын шикізат пен материалдарын микробиологиялық бақылау. Дайын дәрілік заттардың микробтармен



Pdf көрінісі
бет66/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106
Микро рк 03.12.20

28. Дәрілік заттар өндірісінде қолданылатын шикізат пен материалдарын микробиологиялық бақылау. Дайын дәрілік заттардың микробтармен 
қоныстану(контаминациялану) көздері. Стерильді емес дәрілік заттардың микробиологиялық тазалығын анықтауға арналған тесттер. 
 

Микроорганизмдер – дегеніміз олардың кішкентай өлшемдеріне байланысты жай көзге көрінбейтін организмдер. 
Қазіргі топтастыруға сәйкес микроорганизмдер дүниесі үшке бөлінеді: 
1. Vira - оларға вирустар жатады; 
2. Eucariotae - оларға қарапайымдылар және саңырауқұлақтар жатады; 
3. Procariotae - оларға нағыз бактериялар, риккетсия, хламидия, микоплазмалар, спирохеталар, актиномицеттер 
жатады. 


Таксон- жіктелу бірлігі (единица классификации). 
Бактериялар үшін мынадай таксономиялық категориялар (таксондар) бар: 
Түр 
Туыстастық 
Тұқымдастық 
РеттілігіКласы 
Бөлімі 
Әлемі 
• Микроорганизмдерді топтастыру кезінде келесідей 
қасиеттері ескеріледі: 
• Морфологиялық (клетканың пішіні, көлемі, сыртқы түрі, 
өзара орналасуы) клеткалық құрылымы, спора түзу 
қабілеті, көбею түрі. 
• Физиологиялық (қоректену типі, энергия алу түрі, 
оттегінің әсері, патогендігі, температураның әсері және 
т.б) 


• Культуралдық (қоректік ортада өсу сипаты, түзетін 
коллонияларының пішіні мен көлемі, түсі, мөлдірлігі, 
шеттері және беткі бөлігі) 
• Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі 
айырмашылықтары) 
2
• Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады. 
• Түр – шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық 
сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік 
етуге бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын 
микроорганизмдер ортақ генотипке ие. 
• Штамм – бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, 
әртүрлі уақыт аралығында бөлініп алынған, бір түрге жататын 
микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ 
қасиетке ие.
• Клон – бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура.


Популяция дегеніміз — белгілі бір географиялық аумақта тір-шілік етуге бейімделген, генетикалык шығу тегі бір, бір 
түрге жататын даралар жиынтығы. 

Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады. 
Кокктар – шар тәрізді жасушалар (көлденең өлшемі ұзындығына тең, яғни - 0,5-1,5 мкм) қос-қос, екі-екеуден 
орналасқан жасушаларды диплококктар деп. 
Тізбектелген кокктар - стрептококктар Стрептококктар тізбектері қысқа (5 жасушаға дейін) және ұзын (5-9 және одан да 
көп) болады.
Шоғырланып орналасқан “жүзім дәндер бұтағына ұқсас” кокктарды стафилококктар деп атайды


Микрококктар дара орналасқан жасушалар.
Сарциналар қапшық (пакет) тәрізденіп, 8,16,32 болып орналаады. 
Таяқша бактериялар 
Таяқша тәрізді бактериялардың спора түзуші топтарын — бациллалар, ал 
түзбейтіндерін — бактериялар деп атайды. Созылған цилиндр тәрізді 
формаға ие
таяқша тәрізді бактериялардың орташа ұзындығы 
шамамен 2-7мкм, диаметрі 0, 5-1 мкм 
клеткалардың өзара орналасуы бойынша: диплобацилалар немесе 
диплобактериялар — екі-екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. 
Стрептобактериялар — моншақ тәрізді тізіле орналасқан 
таяқшалар спора түзетін және спора түзбейтін болып келеді; Спора түзетін таяқша тәрізді бактериялар бациллалар 
және клостридиялар болып бөлінеді. Бацилаларда спораларының көлемі кіші, сондықтан, клетка пішіні өзгермейді. 
Клостридияларда споралары ірі болғандықтан, спора түзген кезде клетка пішіні өзгеріске ұшырайды. 
таяқша тәрізді бактериялар қозғалмайтын және қозғалмалы болып 
келеді. 


Үтір тәрізді бактериялар 
Үтір тәрізді бактериялар иілу деңгейіне қарай: вибриондар, спириллалар 
және спирохеттер болып бөлінеді. Вибриондар үтір тәрізді, ең кіші 
бактериялар. Вибриондар клеткасының ұзындығы 1-3 мкм аспайды. 
Спириллалар клеткаларының ұзындығы 5 тен 30 мкм дейін болады. 
Спирохеттердің ерекшелігі – клеткалар салыстырмалы түрде ұзын 
болғанымен, диаметрі аз. Иілген пішінді барлық бактериялар қозғалғыш болып келеді. 
4 
Прокариоттардың негізгі ерекшелігі клеткаішілік мембраналық жүйесінің болмауы. 
Клетка қабырғасы клеткаға пішін береді, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды, клетка ішіне артық 
мөлшерде ылғал кіруін болдырмайды. 


Бактериалды клетканың құрылыс схемасы 
Клетка қабырғасы 
Цитоплазма 
Нуклоид 
Цитоплазмалық мембрана 
Цитоплазмалық мембрана (ЦПМ) клетканың қоректенуінде маңызды 
роль атқарады. Белокты-липидті жүйеден құралған, 
үш қабатты 
құрылымнан тұрады. Мембрананың сыртқы жағында қоректік заттарды 
клеткаға тасымалдаушы белоктар орналасқан, 
ал ішкі жағында 
гидролиздік және тотығу-тотықсыздану ферменттері орналасған. Екі 
белоктық қабық арасында фосфолипидті қабат орналасады. 
Мезосомалар – мембранадан түзіледі, энергиялық және клетканың 
бөліну (көбею) процесстеріне қатысады. 
Цитоплазма – клетканың ішкі сұйықтығы, жартылай сұйық, коллоидты 
ерітінді. Құрамында: клетка салмағына шаққанда 70-80% су және 


ферменттер, қоректену субстраттары, клетканың зат алмасу өнімдері. 
Нуклеоид– көбеюге қатысатын, прокариотты клетканың жалғыз 
хромосомасы, тұқым қуалау ақпаратын сақтаушы. Ол шағын құрылым, 
цитоплазма ортасында орналасқан, қос тізбекті ДНК жіпшесінен тұрады. 
Көптеген бактериялар хромосомалық ДНК-мен қатар хромосомадан 
тыс, қос тізбекті ДНК-дан тұрады. ДНК-ның бұл автономды 
репликацияланатын элементтері плазмидалар деп аталады. 
Рибосомалар – құрамында РНК (60%) және белок (40%) болатын, 
шағын гранулалар. Рибосомаларда клеткалық белок синтезі жүреді 

Грам әдісімен бояуына қарай 4 бөлімге топтастырылған: 
нәзік қабатты, грам теріс; 
қалың қабатты, грам оң; 


 жасуша қабырғасы жоқ, микоплазмалар; 
жасуша қабырғасы ақаулы, архебактериялар. 
Бактериялар клетка қабырғасының химиялық құрамы және құрылымы 
бойынша грамм оң (Грам+) және грам теріс (Грам - ) болып бөлінеді. 
Грам+ бактериялардың клетка қабырғасы – муреиннен 
(90-95%), тейхой қышқылдарынан, полисахаридтерден тұрады. Ол бір 
қабатты құрылымға ие, цитоплазмалық мембранаға тығыз жанасқан. 
Грам –бактерияларда клетка қабырғасының құрамында муреин 
мөлшері аз (5-10%), тейхой қышқылдары болмайды, көп мөлшерде 
липопротеидтер мен липополисахаридтер кездеседі. 
Грам–оң бактериялардың (Грамша бояған кезде) йодпен кешенделген генцианды күлгінді ұстап қалу қабілеті (бактерия 
көкшіл-күлгін түске боялады) көп қабатты пептидогликанның бояғыштармен қарым-қатынсына байланысты. Сонымен 
қатар, жағындыны спиртпен өңдеген кезде пептидогликандағы саңылаулар тарылып, жасуша қабырғасында бояғыштар 
ұсталынып қалады. Грам-теріс бактериялар спиртпен өңдеген кезде бояғыштан айрылып қалады, ол жасуша 


қабырғасында пептидогликан мөлшерінің аздығымен (жасуша қабырғасының салмағының 10-15%) байланысты; олар 
спиртпен түссізденіп, фуксин немесе сафранинмен өңдеген кезде қызыл түске боялады. 
Грам оң бактерияларының клетка қабықшасының қалыңдығы 20-80нм құрайды.Грам теріс бактерияларының клетка 
қабықшасы көп 
қабатты,қалыңдығы 14-17нм құрайды.Грам терістерде тейхуй қышқылы 
болмайды.Грамоң бактериялар препаратты спиртпен өңдеу кезінде 
генициан көгілдірдің йодпен қосылысын ұстап қалады да,көгілдір түске 
боялады.Грам теріс бактериялар бұндай қасиетке ие емес,сондықтан 
спиртпен түссізденеді.Одан кейін спиртпен өңдеу кезінде олар ашық қызыл 
түске боялады. Грам-оң бактериялардың клетка қабырғасы грам-теріс 
микробтардікіне қарағанда қалың және көптеген пептидогликан полимерін 
иемденген. Сондықтан олар генцианвиолетпен тығыз байланысып, спиртпен 
әрекет жасағанда түссізденбейді. Грам-теріс бактериялардың клетка 
қабырғасы жұқа және оның құрамында пептидогликан аз мөлшерде болады. 
Осы себептен олар бояумен әлсіз боялып, спиртпен өңсізденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет