Векторы. Операции над векторами



Дата13.10.2023
өлшемі130.23 Kb.
#480675
Lek10


Кортеж құрылымы және қолданылуы
Жоспар
1. Кортеж құрылымы
2. Кортеж әдістері, функциясы
3. Бекіту мысалдары
Кортеж дегеніміз реттелген элементтер жиыны. Кортеж құрылымының тізімнен айырмашылығы оны өзгертуге болмайды. Кортеж tuple типіне жатады. Кортежді құруға tuple функциясы қолданылады.
a=tuple()
print(a)
b=tuple([1,2,3,4,5,40])
print(b)
c=(10,20,30,40,50)
print(c)
d=tuple("informatika")
print(d)
Кортеж элементін индексі арқылы алуға болады, қиып алуға болады, бріктіру, қайталау(*) амалдары орындалады және жиынға тиістілікті(in) тексеруге болады. Мысалы:
k = (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) k[0] – кортеждің бірінші элементін аламыз
k[3:6] –(4, 5, 6)
k[: :-1] – (9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1)
8 in k – True, 10 in k - False
( 1, 2, 3) * 3 - қайталау ( 1, 2, 3, 1, 2, 3, 1, 2,, 3) (1, 2, 3) + (4, 5, 6) - біріктіру, ( 1, 2, 3, 4, 5, 6)
Кортеждің екі әдісі бар.
index () әдісі арқылы мәні бойынша элемент индексі анықталады.
k=c.index(30)
print(k)
count() әдісі арқылы белгілі мәнді
элементтер саны анықталады.
l=e.count(40)
print(l)
Кортеждегі элементтер санын len() функциясы арқылы анықтаймыз.
m=len(e)
print(m)
Мысалы: Бүтін сандардан тұратын a кортежі берілген. Кортеждің ең кіші элементін анықтаңыз.
e=tuple([3*i-5 for i in range(10)])
min=e[0]
for i in range(1,11):
if min>e[i]:
min=e[i]
print("min=", min)
.

Кортежге амалдардың орындалуы:


Кортеж элементін анықтауға генераторды қолдануға болады.
e=tuple([2*i+9 for i in range(10)])
print(e)
e=e[: :-1]
print(e)
e=e[3:6]
print(e)
print(8 in e)
print(1 in e)
k=( 10, 25, 50) * 3
print(k)
Мысал2 Жол берілген. Жолдағы дауысты дыбыстардың санын анықтаңыз.
s=0
st=tuple("informatika_programming")
d=tuple("aieouy")
k=len(st)
for i in range(0,k):
if st[i] in d:
s=s+1
print("s=", s)
Матрицаны сипаттауға кортеждер тізімін қолдануға болады. Мысалы:
B=[(4,5,6),(1,2,3),(9,8,7)]
Ішкі sorted функциясы арқылы кортеж элементтерін сұрыптауға болады.
E=(11, 4, 56, 9, 8, 27, 9, 6,45, 32)
e=tuple(sorted(e))
print(e)
Бір элементтен тұратын кортеждің құрылуы:
a=(12,)
Ескерту. Бір элемент болсада үтір міндетті түрде қойылады.
ОСӨЖ тапсырмасы
Кортеж құрылымының қолданылуына
4 есеп шығару

Бұл дәріс аяқталды.

Бұл дәріс аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет