Бейресми аударма
SGS16/03809
Еуропалық Одақ Кеңесі
Бас хатшылық
ВЕРБАЛЬДЫ НОТА
Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшылығы Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Миссиясына өз ілтипатын білдіреді және Миссияның Бір жағынан, Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан, Қазақстан Республикасының арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді Қазақстан Республикасының аяқтағаны туралы Еуропалық Одақ хабарлар етілген 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 82 нотасын алғанын Кеңес Торағаның атынан растауды мәртебе санайды.
Еуропалық Одақ 281-баптың 4-тармағының (a) және (b) тармақшаларына сәйкес уақытша қолдануға қажетті ішкі рәсімдерді аяқтағандықтан, Келісім 2016 жылғы 1 мамырдан бастап Одақ пен Қазақстан Республикасының атынан уақытша негізде қолданылатын болады.
Келісімнің 281-бабына сәйкес ол күшіне енгенге дейін және онда көзделген хабарламаларды ескере отырып, Келісімнің келесі бөліктері Одақ пен Қазақстан Республикасының арасында уақытша, бірақ Одақ құзыретіне кіретін мәселелерді, оның ішінде Одақ құзыретіне кіретін жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын айқындау және іске асыру жөніндегі мәселелерді қамтитын шамада ғана қолданылатын болады.
-
I Бөлім;
-
II Бөлім: 4, 5, 9 және 10-баптар;
-
III Бөлім (56 және 58-баптарды, зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаны үшін қылмыстық жазалауға қатысты бөлігінде 62-бапты, және 147-бапты қоспағанда);
141-баптың уақытша қолданылуы мүше мемлекеттердің халықаралық құқыққа сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі конвенция тараптары ретіндегі өздерінің құқықтары мен міндеттерін қоса алғанда, олардың көмірсутегі ресурстарына егемен құқығына әсер етпейді.
-
IV Бөлім: 5, 6, 7-тараулар (210-баптың (с) тармағын және 212-баптың (b), (f), (g), (h), (i) тармақтарын қоспағанда), 12 және 15-тараулар;
-
V Бөлім: 235-бап және 238-бап (2 және 3-тармақтарды қоспағанда);
-
VI Бөлім: 5 және 9-тарау;
-
VII Бөлім;
-
VIII-бөлім (бұл Бөлімнің ережесі Келісімді уақытша қолдануды қамтамасыз ету мақсатында шектелген шамада);
-
IX-бөлім (281-баптың 7-тармағын қоспағанда, көрсетілген бапқа сәйкес бұл Бөлімнің ережесі Келісімді уақытша қолдануды қамтамасыз ету мақсатында шектелген шамада);
-
I-VII қосымшалар, сондай-ақ Кеден істеріндегі өзара әкімшілік көмек туралы хаттама
Келісімнің 281-бабының 6-тармағында көзделгендей, осы Келісімнің қосымшалары мен оған хаттамаларды қоса алғанда, оның тиісті ережелерінің мақсаттары үшін осындай ережелердегі «осы Келісімнің күшіне енуі күніне» жасалған кез келген сілтеме уақытша қолданылатын күнге жататын ретінде де ұғынылады.
281-баптың 7-тармағының екінші сөйлемінде белгіленгендей осы Келісімнің уақытша қолдануы 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссель қаласында қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылатын, Бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Қоғамдастықтардың және оларға мүше мемлекеттердің арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін қамтымайтын шамада, сол ережелердің осы Келісімнің уақытша қолдану кезінде қолданылуы жалғасады.
Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшылығы осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Миссиясына өз ілтипатын тағы да растайды.
Брюссель, 2016 жылғы 18 сәуір
Достарыңызбен бөлісу: |