Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы


Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру



бет2/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#149616
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру


5. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, Заңның 14-1 бабының 1-тармағында көрсетілген обеъектілік (тұлға) қатынаста жүзеге асырылады:

6. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, Заңның 14-1 бабының 1-тармағында көрсетілген обеъектілік (тұлға) қатынаста жүзеге асырылады:

7. Осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда өзге де нысандарда, жүзеге асырады.

8. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.

Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты негізде жүргізіледі.

10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.

11. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.

12. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-7/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 8662 тіркелген) сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, согіс беру туралы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарады.

13. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен, мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен тиiстi белгi жасалады.

14. Тексеру актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.

15. Тексеру актiсi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңның талаптарына сәйкес жасалады.

Тексеру актісінің данасы Заңның 14-1 бабының 9-тармағында көрсетілген мөлшерде құрастырылады.

16. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
2-қосымша    



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет