"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер



Дата17.07.2016
өлшемі94.47 Kb.
#205801
Шарбақты ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 тамыздағы  
N 292/6 қаулысымен    
бекітілген      

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің атауы: "Ветеринариялық анықтаманы беру" (одан әрі – мемлекеттік қызмет).


      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына   өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 464 қаулысымен бекітілген "Ветеринариялық анықтаманы беру" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – стандарт).
      4. Мемлекеттік қызмет Шарбақты ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9-00 ден 14-30 ға дейін ұсынылады. Қабылдау кезек бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (одна әрі –  тұтынушы).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нәтижесі тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет өтініш берген күннің ішінде ұсынылады;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметтітұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30(отыз) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі (ветеринариялық анықтаманың бланкісін беру). Тұтынушы мемлекеттік қызметке төлемді стандарттың 8 тармағына сәйкес жүзеге асырады.
      9. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған негіздер бойынша мемлекетікқызмет көрсетуден бас тартуға болады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрекет
(өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы еркін түрде өтінішті толтырады және мына құжаттарды ұсынады:


      1) жануардың ветеринариялық паспорты;
      2) жануардың жекенөмірі көрсетілген ветеринариялық паспорттың жоғалған фактісін растайтын құжаттар (болған жағдайда);
      3) ветеринариялық анықтама бланкісінің құнын төлегендігінің растайтын құжат.
      Уәкілетті органның маманы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналға тіркейді, қабылдау және қызметті ұсыну мерзімін көрсете отырып құжаттарды қабылдау туралы жазбаны енгізеді.
      11. Уәкілетті органның мөрімен және уәкілетті органның ветеринария жөніндегі маманның қолымен келісілген ветеринариялық анықтама тұтынушыға не оның өкіліне беріледі.
      12. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпарттарды құпияда сақтау.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету удерісіне уәкілетті органның ветеринария жөніндегі маманы (ҚФБ 1) қатысады.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің (удерістердің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      15. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзғандығы үшін лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жауап береді.



"Ветеринариялық анықтама беру"  
мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
1-қосымша          

Шарбақты ауданының ауылдар және ауылдық
округтер әкiмдерi аппараттарының тiзбесi

N р/қ

Ауылдық округтерінің атауы

Ауылдық  округ әкімдерінің мекенжайы

Телефон нөмірі

Заңды мекенжайы

Сайттың мекенжайы

1

2

3

4

5

6

1.

"Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Александровка а/о Жаңа-ауыл ауылы

(8718 2)787151

Александровка ауылы 50 лет Октября көшесі, 27

жоқ

2.

"Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Алексеевка а, Николаевка а, Құрғамыс а, Бөріктал а

(871836)21537

Алексеевка а, Молодежная көшесі, 23

жоқ

3.

"Галкин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Галкин а, Арбаиген а, Құлат а, Ботабас а

(871836) 33404

Галкин а, Ленин көшесі,1

жоқ

4.

"Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Жылы-бұлақ а, Қосқұдық а

(871836)21518

Жылы-Бұлақ а, Ф.Сәдуақасов көшесі,23

жоқ

5.

"Ильичевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Богодаровка а, Аникино а

(871836) 40440

Богодаровка а, Школьная көшесі, 33

жоқ

6.

"Қарабидай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Сахновка а, Марьяновка а

(871836)22079

Сахновка а

жоқ

7.

"Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Красиловка а,

(871836)23100

Красиловка а,

жоқ

8.

"Назаровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Назаровка а, Каховка

(871836)40310

Назаровка а, Победа көшесі,11

жоқ

9.

"Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Орловка а,

(871836)29766

Орловка а,

1 май көшесі,33



жоқ

10.

"Сосновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Сосновка а, Заборовка а, Софиевка а, Сретенка а

(871836) 21687

Сосновка а, Ворошилов көшесі,23

жоқ

11.

"Северный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Северный а, Аникино а

(87183621174

Северный а, Калинин көшесі,20

жоқ

12.

"Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Татьяновка а, Малиновка а

(871836)40520

Малиновка а

жоқ

13.

"Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Хмельницкий а, Көлбұлақ а

(871836)26398

Хмельницкий а, Ленин көшесі

жоқ

14.

"Чигиринов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Чигириновка ауылы Есілбай а

(871842)28826

Чигириновка а, Есілбай а, Школьная көшесі

жоқ

15.

"Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Шалдай а, Садық-Ащы а, Бозалаң а, Сүгір а, Шошқалы а

(871836)32242

Шалдай а,

жоқ

"Ветеринариялық анықтама беру"  


мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
2-қосымша          

Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң
(ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)




N р/с

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

3

1.

ҚФБ атауы

ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы

ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы

ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы

2.

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

1) 1 ұсынылған құжаттарды тексеру;
2) 1 кiрiс құжаттары журналына тiркеу

ветеринарлық анықтама жобасын немесе тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау

шығыс құжаттары журналына тiркеу

3.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)

тұтынушы ұсынған өтiнiштi және құжаттарды қарау

ветеринарлық анықтамаға немесе тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

ветеринарлық анықтама немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру

4.

Орындалу мерзiмдерi

20 минуттан аспайды

30 минуттан аспайды

10 минуттан аспайды

5.

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2 баған

3 баған



"Ветеринариялық анықтама беру"  
мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
3-қосымша          

Ветеринариялық анықтаманы беру үдерiсiнiң схемасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет