Видео роликке анализ жасау



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі19.77 Kb.
#485184
  1   2
тапсырма


  1. Видео роликке анализ жасау.

https://youtu.be/iDF_ObIl3JQ?si=qkNbrXp7RuGmuLms


 Шыңғыс хан туралы видео ролик қосылады. Видеороликті тыңдап, «тарихи диктант» тапсырмасын орындайды
· Моңғолия жерінде…………………………. тайпалары, этно – саяси бірлестіктері өмір сүрді
· 1203-1205жж ……………………………………………. талқандап татар-моңғол тайпаларының басын біріктірген
· Шыңғыс хан түркі – моңғол тілдерінде …………………………. деген ұғымды білдіреді
· Шыңғыс хан мемлекетті 3 әскери – әкімшілік аймаққа………………………………………………………… бөлді.
 

  1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, «Келісемін» «Келіспеймін» кестесін толтырады. «К-К» әдісі

Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІғ. соңы мен ХІІІғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды. 20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, Шыңғысхан деген атақ берді. 1203-1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады. Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды.



Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Жошы ұлысы — орыс тарихнамаларда «Алтын Орда» деп аталады



2

Шыңғыс хан 1186-1241 жылдары өмір сүрді



3

1229 жылы Моңғол ақсүйектерінің құрылтайында Шыңғысханның үшінші ұлы – Төле хан тағына сайланды.



4

Әкесінің тірі кезінде ақ Шағатай Ұлы Ясаның ең білімді сарапшысы, заңдар мен әдет-ғұрыптарға қатысты барлық мәселелерді шешуде ең құрметті адам ретінде танылды



5

1260 жылдан бастап Монғол империясының бесінші Ұлы ханы – Құбылай хан




3.«Уақыт сызығы» негізгі оқиғаларын табу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет