Мұғалімнің аты-жөні:
|
Садыкбекова Л.А.
|
Пән/Сынып:
|
Химия, 9 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
ІV тоқсан. 18 - сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Амин қышқылдары.Нәруыздар.№17 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы»
|
Оқу мақсаты:
|
9.4.3.27-нәруыздағы α- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28-нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29-нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;
|
Бағалау критериі:
|
аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін анықтайды;
нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді, нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсінеді;
аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін зерттейді.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3 минут
00:00 – 03:00
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме !...
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Амин қышқылдары.Нәруыздар.№17 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы»
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін анықтайды;
нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді, нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсінеді;
аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін зерттейді.
|
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
|
Презентация
Слайд 1, 2
|
14 минут
03:00 – 23:00
|
Жаңа сабақ
|
Аминқышқылдар – карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутектегі сутектің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.
Құрылымы мен физикалық қасиеттері.
Аминқышқылдар – молекуласында аминотоп NH2 пен карбоксиль тобы COOH қатар болатын органикалық бифункционалды қосылыстар.
Мысалы:
аминсірке қышқылы H2N – CH2 – COOH;
аминпропион қышқылы H2N – CH2 – CH2 – COOH;
аминмай қышқылы H2N – CH2 – CH2 – CH2 – COOH;
аминвалериан қышқылы H2N – (CH2)4 – COOH;
аминкапрон қышқылы H2N – (CH2)5 – COOH.
Нәруыздар -
α-аминқышқылдарының пептидтік байланыспен
–СО – NH – байланысқан қалдықтарынан тұратын үлкен молекулалы табиғи қосылыстар.
Нәруыздар -
α-аминқышқылдарының пептидтік байланыспен
–СО – NH – байланысқан қалдықтарынан тұратын үлкен молекулалы табиғи қосылыстар.
Полипептидтер – пептидтік байланыспен байланысқан жүзден аз аминқышқылдарынан тұратын пептидтер.
Нәруыз – пептидтік байланыспен қосылған жүзден аса аминқышқылдарынан құралған биологиялық маңызды молекула.
Нәруыз құрамына, негізінен , жиырма аминқышқылының қалдықтары кіреді, олардың ішінен он қышқыл адам организмінде синтезделеді, ал қалған он қышқыл тағаммен бірге организмге түседі.
№17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"
Мақсаты: Жұмыртқа нәруызының қайтымды және қайтымсыз денатурациясын зерттеу
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, мыс сульфаты, қорғасын нитраты, сірке қышқылы, ерітінділері, су, спиртшам, сынауықтар, шыны таяқшалар
Тапсырмалар:
Нәруызға тұз және қышқыл ерітінділерін қосқанда не байқадыңдар? Байқаған құбылысты сипаттау.
Қыздыру нәруыз құрылысына қалай әсер етеді?
Нәруыздың ұюы қалай аталады? Ұйыған нәруыз суда неге ерімейді?
Бекіту тапсырмалары:
1-тапсырма
№
|
Тұжырым
|
шындық
|
жалған
|
1
|
Аминқышқылдарының табиғатта 150-ге жуық түрі белгілі.
|
|
|
2
|
Аминқышқылдары суда нашар ериді
|
|
|
3
|
Нәруыздар - α-аминқышқылдарының пептидтік байланыспен –СО – NH – байланысқан қалдықтарынан тұратын үлкен молекулалы табиғи қосылыстар.
|
|
|
4
|
Нәруыздардың құрамында 50 шақты аминқышқылдары қалдықтары бар.
|
|
|
5
|
Табиғатта нәруыздар тірі организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер атқарады.
|
|
|
2- тапсырма
Табиғатта нәруыздар қайда кездеседі, олардың маңызын атаңдар.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Дескриптор:
Нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді
Дескриптор:
Аминқышқылдарының сипаттамасын табады;
Нәруыздардың қасиеттерін анықтайды.
Дескриптор:
|
Презентация
Слайд 3-11
Слайд 12-14
|
2 минут
23:00-25:00
|
Бекіту
|
Сабағымызды қорытындылайық
Бүгінгі сабақта
аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін анықтай аламын;
нәруыз денатурациясының реакциясын түсіндім;
нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндім;
аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін білемін.
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
|
|
Презентация
Слайд 15,16
|