Викторинаға 3 топ қатысады: «Алғырлар», «білгірлер»



Дата06.04.2024
өлшемі15.72 Kb.
#497828
түріВикторина
сен қазақ тілін білесің бе викторина


Тақырыбы : «Қазақ тілін білесің бе?»
Викторинаның мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Бүгінгі викторинаға 3 топ қатысады: «Алғырлар», «білгірлер», «тапқырлар»
Енді, балалар, бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайық. Бүгінгі викторинада сендерге қандай тапсырмалар дайындадық екен?!
Бүгінгі викторина 5 кезеңнен тұрады
1-КЕЗЕҢ ТАНЫСТЫРУ
2-КЕЗЕҢ «ОЙЛАН ДА, ТАП» аралас әріптерден сөздер құрау
3-КЕЗЕҢ «БӘЙГЕ» оқушылардың сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап беруі
4-КЕЗЕҢ «ҚҰПИЯ САНДЫҚ» интерактивті тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, суретті 2 тілде атайды
5-КЕЗЕҢ «ӘРІПТЕР САЙЫСЫ» Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап беру
2-КЕЗЕҢ. Әр топқа араласқан әріптер беріледі. Оқушылар әріптерден сөздер құрау қажет.
1-ТОПҚА
ПЕЕМКТ-МЕКТЕП
АКТПІ-КІТАП
АЙҰМАЖР-МҰРАЖАЙ
2-ТОПҚА
ЕАНШБАРХЕ-ШЕБЕРХАНА
НАБПАЛА-БАЛАПАН
ҺЖИАЗ-ЖИҺАЗ
3-ТОПҚА
ІКШЙҮ-КҮЙШІ
ҒАІМЛҰМ-МҰҒАЛІМ
ИБАҒТАТ-ТАБИҒАТ

3-КЕЗЕҢ. Қатысушылар сұрақтарға тек қана «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
1-топқа
1. Сенің досың бар ма?
2. Сенің анаң әдемі ме?
3. «Ата», «ана» кім деген сұраққа жауап береді
4. Оқу құралдарына «Мысық», «Доп» жатады
5. «Қызыл» түстің аудармасы «Желтый»
6. «Друг» сөзінің аудармасы -«Дос»
7. «Дружба» қазақша «Достар»
8. Сендер 5-сыныпта оқисыңдар ма?
9. «Үлкен» сөзіне қарама-қарсы сөз «Әдемі»
10. Сыныпта тақта бар
11. Алманың түсі қара
12. Сенде қарындаш бар ма?
13. «Текше» ойыншық емес
14. «Бәтеңке» аудармасы «Көйлек»
15. Мектепте асхана бар
2-топқа
1. Біздің мектеп үлкен
2. Сендердің сыныптарын 4-қабатта
3. Сыныпта 5 тақта бар
4. Мен қайшымен сурет саламын
5. 7-ден кейін 10
6. «Третий» сөзінің аудармасы-3
7. Сен мектепте жазасың ба?
8. Сен қаламмен жазасың
9. Сыныпта терезе бар
10. Гүлдің түсі қызық
11. Өшіргіш –бұл точилка
12. Сенің досың жаман
13. Сыныпта доп ойнаймын
14. Менің анам ақылды
15. Балмұздақ- тәтті
3-топқа
1. Мен мектепте жазамын, сөйлеймін, тыңдаймын, оқимын
2. Қалам - пенал
3. «Длинная линейка»- қалың сызғыш
4. «Жұқа дәптер» дұрыс па?
5. Түрлі түсті аулармасы «Разноцветные»
6. Менің інім күшті
7. Сендер 1,2-сыныпта оқисыңдар
8. сендердің достарың көп пе?
9. Сенің ағаң кішкентай
10. Мысық, күшік-кішкентай достар
11. Мектепте спортзал бар
12. Сыныптың іші таза ма?
13. Мұғалім сөзі орысша – учительница ?
14. Партада қалам бар
15. Мектептің жанында дүкен бар
4-КЕЗЕҢ «ҚҰПИЯ САНДЫҚ» интерактивті тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, суретті 2 тілде атайды
5-КЕЗЕҢ «ӘРІПТЕР САЙЫСЫ» Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап беру
(А, Е, Т, О, С ). 
1. Сенің атың кім?
2. Қандай елде тұрасың? 
3. Қазақ тілі пәні ұнай ма ? 
4. Досың кім ? 
5. Қазір жылдың қай мезгілі ? 
6. Қайдан келдің? 
7. Қандай қаланы білесің ? ? 
8. Бір зат есімді ата. 
9. Бүгін қандай күн? 
10. Сыныпта неше оқушы бар? 
11. Алма тәтті ме ? 
12. Жасың нешеде? 
13. Қандай тағамды ұнатасың? 
14. Бала оқытатын адам? 
15. Мектепке не үшін келесің? 
16.Жерде не бар? 


Сайысымыз өз мәресіне жетті. Үш топ та бүгінгі ойында өздерін белсенді көрсете білді деп ойлаймын. Дегенмен кез-келген сайыста бір жеңімпаздың болуы заңдылық. «Қазақ тілін білесің бе?» жеңімпазын білу үшін әділқазыларға сөз береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет