15. Ертоғрыл шегаралық кішкентай жерді: Селжұқ сұлтанынан «иқта» ретінде алады, сол үшін шегараны күзетуге міндетті болды 16. XIII ғасырдың аяғында селжүктердің әлсіреу жағдайында: Кіші Азияның батысындағы жерлер тәуелсіз бейліктерге (кішігірім әмірліктер) бөлініп кеткен болатын 17. Ертоғрыл қайтыс болды: 1281 жылы 18. Осман мемлекеті құрылды: 1299 жылы 19. Османның ұлы Орхан бей: 1326 жылы Мәрмәр теңізі мен Қара теңізге дейінгі Кіші Азияның солтүстік-батыс бөлігін толық бағындырды 20. Осман мемлекеті өздерінің жорықтарын: «қасиетті соғыс» (ғазауат) деп жариялады (өйткені олар христиандық Византияға қарсы бағытталды) 21. Дін жолындағы күрескерлер: «гази» деп аталды 22. 1453 жылдың көктемінде сұлтан II Мехмед Фатих өзінің он мыңдық
таңдаулы әскерін: Византия астанасы Константинопольге қарсы жылжытты 23. 50 күн бойы қоршауда болған қала: 1453 жылы 29 мамырда құлады, император өлтірілді 24. II Мехмед Константинополь қаласын Стамбул деп өзгертіп: империяның астанасы деп жариялады 25. Константинополь қаласы: ежелден батыс пен шығысты байланыстырушы «алтын көпір» аталған қала 26. Барлық мұсылман халықтары Солтүстік Африка, Араб елдері, Қырым,
Үндістан және Испания мұсылмандары: Осман империясынан қамқорлық күтті 27. Осман империясы Египеттік Мәмлүктерге қарсы: Сирия даласында 1516 жылы өткен алғашқы шайқаста-ақ жеңіске жетті
28. Осман сұлтаны I Селим Дамаскке кіріп: «Ислам сұлтаны» титулын алды 29. 1517 жылы Мәмлүктердің астанасы: Каир қаласы басып алынды