13-лекция. Қазіргі кездегі Азиядағы араб елдері. 1.Африканың Араб елдері және олардың қазіргі кездегі рөлі. 2.Араб-мұсылман елдері. 3.Араб-мұсылман әлемі және жаһандану үрдісі. Азиядағы араб елі Азия құрлығында өмір сүруде. Олардың қатарына Араб түбегіндегі Сауд Арабиясы, Йемен, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қатар, Бахрейн, Кувейт, Таяу Шығыс аймағындағы Ирақ, Сирия, Ливан, Иордания, Палестина жатады. XX ғасырдың бас кезінде аталған елдер тәуелді жағдайда дамыған. XVI ғасырдың басынан бері Осман Түркиясы үстемдік жүргізген. Араб Шығысына XIX ғасырдан бері қарай батыс еуропалық елдері тиісіп, біртіндеп өз биліктерін орната түскен еді. XX ғасырдың басында Аден, Парсы шығанағындағы елдер, сондай-ақ Мысыр Англия бақылауында болған. Қалған жерлер ресми түрде Түркия империясының құрамында саналды. Бірақ ол өзі жартылай отарға айналғандықтан Сұлтан үкімі сарқыла түскен. Азиядағы араб елі Азия құрлығында өмір сүруде. Олардың қатарына Араб түбегіндегі Сауд Арабиясы, Йемен, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қатар, Бахрейн, Кувейт, Таяу Шығыс аймағындағы Ирақ, Сирия, Ливан, Иордания, Палестина жатады. XX ғасырдың бас кезінде аталған елдер тәуелді жағдайда дамыған. XVI ғасырдың басынан бері Осман Түркиясы үстемдік жүргізген. Араб Шығысына XIX ғасырдан бері қарай батыс еуропалық елдері тиісіп, біртіндеп өз биліктерін орната түскен еді. XX ғасырдың басында Аден, Парсы шығанағындағы елдер, сондай-ақ Мысыр Англия бақылауында болған. Қалған жерлер ресми түрде Түркия империясының құрамында саналды. Бірақ ол өзі жартылай отарға айналғандықтан Сұлтан үкімі сарқыла түскен. Араб елінің жағдайы әр қалай дамыған. Сирия, Ливан жағалауларында, Бағдад, Басра қалаларында қолөнер дамыған, шағын кәсіпорындар шыққан, сауда қызған. Көптеген аумақтарда ежелгі дәстүрлі егіншілік пен мал шаруашылығы басымды еді. Діни-феодалдық негізде өмір сүрген араб қоғамы дағдарысқа тап болып, сансыз қайшылықтармен тежелтіп келген. Солардың ішінде шет елдер капиталының қанауы қатты сезіле түскен. Сирия меы Ливанда ағылшын мен француз фирмалары, компаниялары темекі, мақта өсіру, кілем току, жүн-тері өңдеу салаларында нығайып, шикізаттарды өз елдеріне алып, араб жерлеріне өнделген тауар әкеліп, байи түскен. Әкімшілік жағынын араб жерлері уәлаяттарға (Басра, Бағдад, Мосул, Халеб, Дамаск, Бейрут) және санжақтарға (Ливан, Палестина) бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |