Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»



бет3/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Абайдың күйі?

Қазақтың ұлы ақыны ұлттық музыка тілін де өзіндік стилімен байытқан. Абайдың «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» атты домбыраға арналған күйлері бар. Өзіндік мәнерімен ерекшеленетін Абайдың күйлері мен әндерінен өзара үндестік. нің жағдайы мүлдем баcқаша. Қазіргі ұрпаққа Абайдың санаулы ғана күйі жетіп отыр. Оның «Торыжорға» және «Май түні» атты күйлерін 1984 жылы теледидардан Ғайса Сармурзин орындаған. Бұл хабарды ұйымдастырып және оларды алғаш рет нотаға түсірген күйші, зерттеуші Уәли Бекенов болды. Оның алдында 1977 жылы экспедициялық іссапармен Шығыс Қазақстанға барған ғалым Қайролла Жүзбасов Қатонқарағайда тұратын Хамза Демшіновтен «Абай желдірмесін» жазып алған екен. Ал, Абайдың соңғы табылған күйі «Майда қоңыр». Бұл туынды шұбартаулық домбырашы Жүнісбай Стамбаев деген ақсақалдың орындауында Құрманғазы атындағы консерваторияның фольклорлық зертханасында сақталған. Абайдың «Майда қоңыр» күйін тауып, қайта жаңғыртып, насихаттап жүрген дарынды күйші Мұрат Әбуғазының еңбегі орасан десек артық айтқан болмаспыз, оның орындауында Абай күйлері «Қазақтың 1000 күйі» топтамасына еніп, насихаттауға мүмкіндік алып отыр. Бұл күйлердің ішінде «Торыжорға» туралы кезінде жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттеген болатын. Осы ретте бірнеше сұрақ туындайды. Неге алғашқы жүргізілген іссапарда Абай күйлері кездеспеген, немесе қалайша Абай күйлері ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана табыла бастады және неге санаулы ғана күйлері жетті? Мұндай сұрақтар табылған төрт күйдің өзіне күмәнданып қарауға итермелейді. Уақыт өткен сайын, «шынында да осы күйлерді Абай шығарды ма?» деген пікірлер де естіліп қалады. Сосын, Б.Г.Ерзаковичтің «Айттым сәлем, Қаламқас» атты жинағының кіріспесінде: «Күй саздары, біздіңше, Абай әндерінің стиліне жақын. Алайда, Абайдың халық арасына тараған басқа да күйлерін жинастырып, олардың музыкалық табиғатын ән әуендерімен салыстырғаннан кейін ғана бұл күйлердің Абайдікі екендігі жөнінде нақтылы қорытынды жасауға болар», – деп жазған пікірлері Абайдың төрт күйінің музыкалық ерекшелігін саралауға түрткі болды. Күйлерді талдау барысы Абай әндерінің нышандарын айқындады. Мұндағы музыкалық әдіс-тәсілдерді қолдан жасап, жасанды үйлестірудің өзі оңайға түспейтін сияқты. Яғни бір сөзбен айтқанда, күйлердің негізі шынайы болмысы бір адамның қолтаңбасын айшықтайтынын дәлелдеді. Оның үстіне Абай қазақтың дәстүрлі өнерін бойына жастайынан сіңіріп өскендіктен күйдің музыкалық заңдылықтарын да меңгергені байқалады. Туындылардан жеке қолтаңбалық ерекшеліктерімен қатар, Арқа мен Шығыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің құрылымдық, мазмұндық және көркемдік болмысы белгіленеді.
Май Түні - Абайдың күйі.
Бұл күйді 1923 жылы Ғ. Сармурзин Абайдың Ақылбайдан туған немересі Исрайылдан, ал Исрайыл Абайдың өзінен үйренген. Исрайылдың айтуынша, Абай бұл күйін жайлаудағы түнгі сауық-сайранда отырып шығарыпты.
Күйдің сипаттамасы
Күй табиғат сұлулығын бейнелеген, 2 белімнен тұратын лирикалық туынды. Музыкалық әуені Абай әндерімен сарындас, жазғы жайлаудың түнгі көрінісін, жастардың кеңілді сауық-сайранын елестетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет