Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Ақтамберді кімнің дәстүрін жалғастырды?



бет5/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Ақтамберді кімнің дәстүрін жалғастырды?

Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Ол «алғидың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. Қазақтар үшін мал асылы жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер өміріндегі алар орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ. Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе отбасының сыйлылығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты орындалғандығына ризашылдығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді.
Жыраулар адамның өмір туралы, өмірдегі оның орны туралы ойлануға, рухани жетілуге шақырады, өз өмірін анықтау, мәнді өмірге жету әр адамның өз қолында деп түсіндіреді. Өмірге адам болып келдің бе, адам болып өмір сүр, адамшылық қасиеттерді бойыңа жина, сонда мәнді өмірге жетесің деп бізді үйретеді. Намысыңды қайрап, бойыңа рух беретін жыр жолдары жас ұрпақтың бойына елдік, ерлік сананы оятатындығы анық. Жырауларымыздың рухты жырлары қаншама ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бізге жетті.Солардың ішінде жыраулық институттың орны ерекше. «От ауызды, орақ тілді» жыршы, жыраулар заманның шынайы бейнесін суреттеп, жырға қосқан. Ұлы даланың кең байтақ даласында ізгіліктің дәнін сеуіп, білім, ғылым игеруді, «толық адам» болуын насихаттады.



  1. Доспамбет жырау өз есіміне қосымша қандай ат тіркеген?

ХVI facырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде ез алдына жеке eл билған Азаулы ноғайлылардың басшысы, ел корғаны, қол бастаған батыр немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді косып айтады. Бұл жөнінде қарақалпак ғалымы К.Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаул деген сез тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М.Мағауин: Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек Ноғай тайпалары кейде ездерінің билерінің немесе ездерінің мекен еткен жерлердің атымен де атала береді екен. Әрине , ондай тайпалардың біраз уақыт еткен соң есімін езгертуге тура келеді. Аймадет те сондай атаулардың бірі болуы тиіс деп, дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру атымен қосактап айтылатын Албан Aсан, Әбубәкіp Кердері, т.б. ақындар біршама. Сондыктан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жок.сонымен қатар бұл пікірге жыраудың
Айнала бұлақ басы - Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем?!
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,
Би ұлынан несі кем?!
Тағы да басқа өлең жолдары дәлел болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет