«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Пайдаланған деректер және әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет103/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   169
thesis141891

 
Пайдаланған деректер және әдебиеттер 
1)ЦГА КР Фонд 229, опись 1.. дело: 240 . 1.03.1933.) 
2) К.Э.Босворт « Мусульманские династий М.1971.169 бет). 
3) А. Дәулетназаров «Әр заманға бір заман» Нөкіс.2005 
4) «АРАЛ» .1992.№3 саны 
5) Т.Айтанов «Имам ишан» - Еркін Қаракалпақстан 6.111.1993 жыл. № 36-
37 сандары 
6)Материалы по истории Туркмен и Туркмении том.2. М.1939. 
7)Мунис ва Огохий « Фирдавс ул- икбол» Тошкент .2010. 
8)О.Юсупов « Ишан қала» -Вестник КК филиала АН РУзб. Нукус,1984 № 
3. 
9)Документы по истории и этнографии Каракалпаков М. 1986. 
10)Г.Хожаниязов « Этно-археологические исследования памятников 
Южного Приаралья XVII-XIX вв» -. Материалы международной 
конференции «Актуальные вопросы археологии, этнографии, истории и 
историографии Южного Приаралья». Нукус 2017.
11)Ғ.Хожаниязов « Калмак кала- центр Каракалпаков (XVII-XIX вв.)» 
//Археология Приаралья. Вып.VII. . Ташкент.2009.
12)Г.Хожаниязов. О.Юсупов Қаракалпақстандағы қасиетті жайлар 
Нөкіс,1994 жыл. 
Узбекистан зияратгохлари ва кадамжолари том.1,2,3,4. Тошкент. 
2013,2016. 


266 
О.Т.АЙДАРОВ, П.Ж. НАҒАШЫБАЕВА 
(ҚЫЗЫЛОРДА, ҚАЗАҚСТАН) 
БАРСАКЕЛМЕС ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ ЗЕРТТЕУЛЕР 
 Бір кездері ақ шулан толқынды Арал теңізінің теріскей беткейіне жақын 
орналасқан атақты Барсакелмес аралының шығыс жағадағы құрлықпен
шектесіп кеткеніне де бірер жылдың жүзі толды. Ертеректе ата-бабаларымыз 
қара жерден тым қашық болғандықтан, барған адам қайтіп келе алмайды деген
түсінікпен ат берген оқшау арал ғасырлардың тоғысқан шамасында өзінің сол
географиялық ұғымынан айырылып тынды. Сөйтіп, шын мәнінде "арал" болу 
қалпынан қалды. Бұрынғы арал барса келе беретін жарты аралға, яғни түбекке 
айналды. 
Барсакелместің арал болғаны - қазір таяу арадағы тарих. Енді сол 
шежіреге тоқталып өтейік. "Қазақ совет энциклопедиясында" бұл туралы 
кезінде мынадай анықтама берілген екен: "...Арал теңізінің солтүстік
бөлігіндегі ұзынша келген арал. Ұзындығы 30 шақырым, ені 8 шақырым, 
ауданы 133 шаршы шақырым шамасында. Барсакелмес аралы неогеннің 
горизонталь бағытта жатқан шөгінділерінен, сазды тақтатас, мергель 
жыныстарынан түзілген. Жағалауы аз тілімделгендіктен, қолтық-қойнау, 
шығанағы көп емес. Арал - сазды, сортаңды шөл. Үстіртті келген (100м) 
оңтүстігі теңізге тікқабақ болып тіреледі, ал солтүстік батысы ойпаң. Жері 
көбіне белесті, әрегідік төбелер де кездеседі. Аралдағы құм төбелерде 
өсімдіктің бірнеше түрлері кездеседі. 
Төбелердің биіктігі 6-7 м-ге жетеді. Климаты қоңыржай шөлдікі, 
қаңтардың орташа температурасы -12
0
С, шілдеде 20-26 
0
С. Жауын-шашын 100-
200мм мөлшерінде түседі. Топырағы сортаң. Өсімдіктен шөлде өсетін бұталар 
кездеседі. Жер асты суы ащы..." [1, 96-б]. 
Бір қызығы осы аралды зерттеушілердің бірі М.Исмаилов "Құландар 
аралы" деген кітабында бұл туралы сөз басқаша мағлұмат ұсынады. Оның 
жазуынша, Барсакелмес ұзындығы 28 шақырым, батыс бөлігінің ені 11,5 
шақырым, ал шығыс жағы 2,5 шақырымға дейін қусырылатын, жалпы көлемі 
180 шаршы шақырымды алып жатқан арал (1973ж). Біздіңше, бір жылда 
қатарласа жарық көрген осы екі еңбектің екіншісіндегі мәліметтер шындыққа 
жанасатындай. Олай дейтініміз, Барсакелместегі «жер асты суы ащы» деген 
тұжырым үзілді-кесілді дәл пікір емес. Дәлірегі, аралда жер асты суы тұщы
көздер бар. Құландар баяғыдан сол тұщы көздерден су ішеді. 
Келесі бір жергілікті зерттеуші Л.Сапожникова арал ортасында "Алтын 
жазық" деп аталатын алаңқай тұрғанын баяндайды [2, 23-б]. Осындағы бірден-
бір тұщы су көзі болып саналатын алқапта ашық сары түсті гүлдерге толы биік 
қарағандар қаулап өсіп тұрған көрінеді. Осы әсем өсімдіктен шашыраған от 
сәуле маңайды алтын шарға ұқсатып, ерекше нұрландырып тұратындықтан 
мүйіс осылай аталған (2001ж). Бұған қоса, құмды-шөлді аралда ауыз су деген 
алтынға пара-пар. Бір жағы бұл жазық сол себепті "алтын анықтамасына ие 


267 
болса керек. Сондай-ақ, екінші анықтамада аралдың батыс және шығыс
ендіктерінің екі түрлі екендігі дәл көрсетілген."
Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеулер жүргізу XIX 
ғасырдың орта тұсына шендес келеді. Патша үкіметі жүзжылдықтың 40-шы
жылдарында Арал теңізінің аумағын зерттеу үшін алғашқы экспедиция
жасақтап, оған әскери теңізші А.Бутаковты басшы етіп белгілейді [3, 515-б]. 
1848 жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен 1000 түйесі, 500 өгізі, 1500 
жасағы бар керуен 800 шақырымнан астам жердегі Арал теңізіне қарай
сапарға шықты. Мамырдың 25-інде жолай бұл топқа 3000 түйемен 565 жол
бастаушы қазақтар қосылады. Сөйтіп, әрбірі 250-300 килограмм жүкті
артқан 400 қаралы түйесі бар керуен айдан аса уақытта діттеген нүктесіне
жетеді. Түйелерге текшелене тиелген жүктердің басым бөлігі Орынбор
және Ор бекіністерінде осы мақсат үшін арнайы жасалған “Константин”
және “Николай” шхуналарының бөлшектері еді. Керуен Сырдарияның
теңізге құярлығындағы Райым бекінісіне тұрақтағасын сол бөлшектерден
желкенді кемелерді құрастырып шығарып, көп кідірмей күткен
экспедицияның жұмысын бастап кетеді [4, 59-128бб]. 
Бір айта кетер жәйт, Орал тауларының етегіндегі Ор бекінісінен
бері қарай шыққан керуенді бастаушылар Әлменбет, Рахматулла, Сиранбек
дейтін аралдық қазақтар болған екен [5, 175-б]. “Сол бір алыстағы 1848
жылы, - деп жазады бұлар туралы Л.Сапожникова, - Әлменбет пен
Рахматулла керуенді Ордан Райымға дейін ешқандай сағатсыз, ешқандай
құбылнамасыз алып келеді”. Ал, Алексей Бутаковтың экспедициясымен
бірге тап осы жолы Орынбордан Арал бойына келген украинның
айдаудағы атақты ақын-суретшісі Тарас Шевченко сол қазақтар жайлы: 
“Қандай келбетті халық! Қандай тамаша бас! және титтей өр көкіректігі
жоқ ұдайы маңыздылық...”-деп тамсана жазды [6, 60-б]. 
Помектың айдаудағы саяси тұтқыны Бронисов Залесский 1865 жылы
Парижде шығарған суретті альбомында: “Адамдар салған бірде-бір жол 
жоқ, төбесін күн жеген шағылдары біріне-бірі қатты ұқсайтын, ал құдық
сирек кездесетін осынау далада жолдың бағытын таңдауда қателесу
жолаушының көп күндік сандалысын сусыз шөлге апарып ұрындырар еді. 
Мұнда бастаушысыз жол жүру мүлде мүмкін емес. Осы қазақтар, соның
ішінде жоғарыдағы Әлменбет бас болып, орыс зерттеушілерін енді Арал
теңізінің қойын-қолтығына қарай бастайды. Сол тарихи оқиға жайында
бізге дейін: 15-інші шілде күні кешкі 7-де “Константин” және “Николай”
шхуналарында жолашар дұғаларды оқып, өз жалаушамды көкке көтеріп, 
Райым пристатынан шықтым. Бекіністе жеті дүркін отшашар жасап, оған
келесі шхуанадан соншама жауап алып, Сырдарияның ағысымен төменге
түстім деген жазбалар да жетті (1848-1849ж.ж). Бұдан ары жиһангер өзімен
бірге 26 әскери қызметкердің бейтаныс теңіздің айдынына беттегенін
баяндайды. Сол 26-нің ішінде жоғарыда айтылған унтер-офицер Рахматулла
Әбизаров пен Тарас Шевченко да болды [7, 16-б]. 
Осы сапарға шықпас бұрын Алексей Бутаков жолбасшылық
қызметіндегі қазақтардың әңгімелерінен Арал теңізінің жағалауына


268 
қанығып, қай жерде тұщы су қоры барын, қай маңнан тас көмір, алтын
және тағы басқа металдарды іздеу керектігін біліп алады. Осылайша
теңіздің оң және сол жағалаулары, айдынның түбі, ағыстары туралы
мәліметтер жинап алған Алексей Иванович сонымен қатар қазақ тілін де
үйренеді. Бұл оның өзі үшін жұмбақ теңіздің тылсым сырларын ұғына
түсуіне мүмкіндік береді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар
әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске
жүзіп барады [8, 43-109бб].
Ауқымды арал барушыларды өзінің керемет табиғатымен
таңғалдырады. Ол табанын түгел жасыл желек жапқан мекен екен. Тұщы
суы бар көлдер де көптеп кезігеді. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі
Райым бекінісі тұрған жерде мүлдем жоқ болып шықты. Экспедиция
жетекшісі А.Бутаков аралда тек құстардың өзінің 200 түрі бар екенін
жазды [9, 141-б]. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар мен бүйілер өріп
жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан
үрікпейтін болған. Тарас Григорьевич өзінің “Барсакелместегі шағала” атты
бірінші полотносын салады. Әсіресе, келушілер Бутаковтың атын алған
мүйістен қарағандағы айдынның үсті айрықша әсем көрінеді. Мұндағы
масасыз қоңыржай түн де саяхатшыларға қатты ұнайды [10, 142-б]. 
Зерттеушілердің айтуынша, бұл аралда ұзақ уақыт адамдар тұрып, балық
және мал шаруашылығымен айналысқан. Астықты құрлықтан әкеп тұрған, 
соған қарағанда жермен қатынас болған. 
Сол кездері Барсакелмес шынында таңғажайып қойнау болғанға
ұқсайды. Бұған Т.Шевченконың 1850 жылғы 10 қаңтарда Орынбордағы
В.А.Жуковскийге жазған хатындағы: “Мен үш жыл бойы сізді мазалауға
батпай, өзіме-өзім келдім. Қызмет жайымен қазақ даласы мен Арал
теңізінде, экспедиция сапарында екі жыл болдым; мұнда бұрын еш жерде
көрмеген көп нұсқалы заттар көрдім, бірақ маған сурет салуға тыйым
салынғандықтан ештеңені де бейнелей алмағаным жаныма қатты батты!” 
(1955ж) деген жүрекжарды жолдары куә болса керек [11, 95-б]. Барсакелмес
табиғатының тамаша болғанын А.Бутаковтың теңіздегі жүріп өткен жолын
1899 жылы үш теңізшісі бар балықшы қайығымен қайталап шыққан тағы
бір зерттеуші Л.С.Берг те кейінірек қағазға түсірді [12, 244-б].
1908 жылы Арал теңізінің бақылаушысы болып белгіленген Лев
Семенович бұл маңдағы айдынды зерттей келе: “Судың жақұтты-жасыл
түсі таңғалдырды” деген жолдар қалдырды. Оның осы сапарынан соң
Көкарал түбегі мен бергі жағалау аралығындағы мойнақ Бергтің атымен
атала бастады. Қазір дәл сол аралда Көкарал бөгеті салынған. 
Айтатыны жоқ, Алексей Бутаков басқарған бұл экспедицияның
маңызы кезінде жоғары болды[13, 170-б]. Сапар қорытындысымен жасалған
Арал теңізінің картасы теңізшілердің солтүстіктен оңтүстікке барып-
қайтулары үшін таптырмас құралға айналды. Теңізшілер сондай елеулі
еңбегі үшін Аралдағы алғашқы мұзжарғышты осы бірінші экспедицияның
жетекшісі есімімен атады. Ал 1904 жылғы мамырда Орынбор-Ташкент
темір жолы пайдалануға берілген шақтан Барсакелмеске теңіз пароходы


269 
қатынасы жүргізіле бастады. Зерттеушілер теңіздегі пароходшылықтың да
негізін А.Бутаковтың атымен байланыстыра қарастырады [14, 119-б]. 
Барсакелмес аралы туралы әңгімелегенде, ашылғанына биыл
тура 80 жыл мерзім толғалы тұрған ондағы атақты қорық жайлы айтпай
кету мүмкін емес. Бұл аумақты аң-құстың, өсімдіктер мен бұталардың
мекені ретінде пайдалану алғаш 1929 жылы қолға алынды [15, 21-25бб]. Сол
жылы “Құрып бара жатқан жануарларды сақтау” мақсатында... осы құмды
аралға құлан, ақбөкен апарылды. Арада тура он жыл өткен соң, 1939 жылы
Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысы бойынша арал қорыққа
айналдырылды. Зерттеуші М.Исмаилов атап өткеніндей бұған себеп: 
“Барсакелместе табиғаттың өзі сирек, құрып бара жатқан жануарлар
түрлерін қорғау мен көбейту үшін қолайлы жағдай жасалған”. Қорықтың
флора және фауна әлемі турасында өзіміздің “Қазақ Совет
энциклопедиясында”:... “ өсімдіктердің 165 түрі бар. Онда бұйырғын, жусан, 
адыраспан, татар рауғашы, итсигек, сексеуіл және тағы басқа сортаң шөптер
өседі. Барсакелмес қорығында жануарлар түрі көп емес, мұнда құлан, 
ақбөкен, қарақұйрық, сарышұнақ, ор қоян арал табиғатына бейімделе өсіп
өнуде ” деген анықтама тағы айтылады [16, 30-203бб]. 
Кейінгі зерттеулер Арал теңізінің тартылуы мен Барсакелмес қорығының 
бүгінгі күйі, ондағы құландар мен қарақұйрықтардың жай – күйін анықтау 
мақсатында жүргізілуде. Сонымен қатар, құрғаған теңіз табанындағы 
табиғаттың қалпына келуіне қадағалау жүргізіп, теңіз табанына сексеуілдер 
егуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет