Ядролық қару
Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.
Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.
Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі. Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін жоя алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға қолдануға байланысты қауіп халықтардың ядролық қаруға тыйым салу жолындағы қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруға халықаралық тыйым салу жолындағы маңызды кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971) болып табылады. БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды. Кезінде КСРО мен АҚШ арасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу саласында кейбір шаралар туралы Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады. Осы жылы КСРО мен Франция кездейсоқ және рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания мен Кеңес Одағы кездейсоқ ядролық соғыс туындағанда бетін қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (Шығыс Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттері басшылары Қазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне, ел экономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа қол қойды. Олар, егер Қазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді.
Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясы” мамандығы бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК – Сібір химия комбинаты) жолдама алды. СХК-да жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде жасалған ядролық материалдармен жұмыс жүргізілді. Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.
АҚШ
1947
32
1952
1005
1957
6444
1962
≈26000
1967
>31255[2]
1972
≈27000
1977
≈25000
1982
≈23000
1987
≈23500
1989
22217[2]
1992
≈12000
2002
≈10600
2009
5113[3]
КСРО/Ресей
1947
0
1952
50
1957
660
1962
≈4000
1967
8339
1972
≈15000
1977
≈25000
1982
≈34000
1987
≈38000
1989
1992
≈25000
2002
≈8600
2009
≈2800
Ұлыбритания
1947
1952
1957
20
1962
1967
270
1972
1977
1982
1987
1989
1992
2002
512
2009
160[4]
Франция
1947
1952
1957
1962
1967
36
1972
1977
1982
1987
1989
1992
2002
384
2009
384
Қытай
1947
1952
1957
1962
1967
25
1972
1977
1982
1987
1989
1992
2002
400
2009
Үндістан + Пәкістан
1947
1952
1957
1962
1967
1972
1977
1982
1987
1989
1992
2002
<100
2009
Израиль
1947
1952
1957
1962
1967
1972
1977
1982
1987
1989
1992
2002
≈200
2009
Барлығы
1947
32
1952
1055
1957
7124
1962
>30000
1967
39563
1972
>40000
1977
≈50000
1982
≈57000
1987
63484
1989
1992
<40000
2002
<20450
2009
Қазақ жері жарты ғасыр бойы алапат қарудың сұмдығын басынан кешіргені белгілі. Қазақ даласында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Сондықтан еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы көрегендік болатын.
Өткенде АҚШ-та өткен жаһандық саммит барысында Қазақстан ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша көшбасшы ел, ал Елбасы қауіпсіздік мәселесінде үлгі алатын лидер болып танылғаны да соның айқын дәлелі.
Ал енді жарты ғасырға таяу уақыт Қазақстанды дүр сілкіндіріп, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген ядролық сынақтар қалай басталып еді?
«САТАНАНЫҢ» СЫРЫН АШҚАН СУПЕРШПИОН
1956 жылы қазақтың елсіз жатқан мидай даласында Арқалық қаласының іргетасы қаланғанда, нақ осы құла түзге не себепті Кеңес одағы «жастар қаласын» салуға ынтық болып, оны Бүкілодақтық екпінді құрылыс ретінде жариялағанын саусақпен санарлық қана адам білетін. Түпкі арам ойын түбегейлі жасыру үшін Кеңес Одағы коммунистік ұранның аясында лениншіл комсомолдарды қызыл империяның түкпір-түкпірінен айдалаға әдейі топтастырды. Сөйтіп, Құдайдың өзі есінен тарс шығарып алған ұшы-қиырсыз Торғай даласының қақ орталығына өзінің ең басты ядролық клиникасын орналастырды. Есіл өзенінің сол жағалауындағы Державинск поселкесіне баллистикалық зымырандарды ататын алып шахталар мен Батыс «Ібіліс» («Сатана») деп атап кеткен СС 18 зымыранының 52-сі орналастырылды. Салмағы - 7,5 тонна, ұзындығы - 34 метр, жуандығы - 3 метр, ұшу қашықтығы - 12 мың шақырым болатын бұл зымыран кезінде өз класындағы алапат жойқындығымен Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Арқалыққа коммунизмнің кірпішін қалауға келген мыңдаған қарапайым кеңес адамдарының қатарында қойдан жуас қоңыр күймен нағыз тірі жансыздар жүргенін КСРО тарқағаннан кейін ғана барып білдік. Батыстың құпия барлау орындарының агенттері өлген сәбилердің туу туралы куәлігін сатып алып, қазақ даласында қарапайым кеңес адамының кебін киіп жүріпті. Батыстың арнайы қызмет орындарына өз ішіміздегі адамдар да көмектескен. Мәселен, 1961 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының Бас барлау басқармасының полковнигі Олег Владимирович Пеньковский (1919 - 1963) АҚШ және Британ барлау қызметімен ауыз жаласып, Кеңес Армиясының ракета саласындағы барлық құнды құпиясын, оның ішінде Арқалықтағы «аждаһалар» жайын жайып салды. 1962 жылы оны КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тұтқындап, 1963 жылдың мамыр айының 7-сі күні КСРО Жоғарғы Соты үкім шығарды. Сөйтіп, коммунизмге өлердей жаны қас Пеньковский Мәскеуде ату жазасына кесіліп, үкім сол сәтте орындалды. Ал онымен байланыстағы ағылшын Гревил Винн жеті жылға сотталып, кейіннен Батыс тұтқынындағы кеңес барлаушысымен алмастырылды.
ҚАҺАРЛЫ ҚАРУДАН ҚҰТЫЛУ ОҢАЙ БОЛҒАН ЖОҚ НЕМЕСЕ РАКЕТАШЫЛАР ҚАЛАСЫ ҚАНДАЙ КҮЙДЕ БОЛДЫ?
Жарылыстан пайда болған бұлт үш шақырымға көтерілді. Ауаға бірнеше мың тонна топырақ пен жүздеген тонна ракета отынының улы заттары көтерілді. 60 шақырым радиуста әуе толқыны жүріп, 3,5 балдық жер сілкінуі жарылыс болған жерден 50 шақырымға дейін сезілді. Бұл - 1988 жылы 28 тамызда Капустин Ярда АҚШ пен КСРО-ның ядролық қаруды жою жөніндегі алғашқы келісімінің нәтижесі болатын. КСРО-ның өзіне өлермендікпен жинаған әрі кеңестік бюджеттің қалтасын тақырлай жаздаған қаһарлы қаруынан құтылуы оңайға түскен жоқ.
Қазақстан аумағында құрлықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық, жаппай қырып-жоюға арналған ядролық стратегиялық күштер кешені, сондай-ақ 1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары, сонымен қатар 27 стратегиялық ТУ-95 МС 6 ауыр бомбалаушы ұшақ, ТУ-95 МС 16 атты қанатты зымыранмен жарақтанған 13 ұшақ сақадай сай тұрды. Сонымен қатар елімізде өз ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс инфрақұрылымы болды.
Еліміздің АҚШ-пен 1993 жылы 13 желтоқсанда жасаған келісіміне сәйкес, 1995-1996 жылдары Қазақстанда Державинск, Жаңғызтөбе, Ленинск пен Семей сынақ полигонында орналасқан құрлықаралық ракетаға арналған 137 шахта мен ядролық қару сақталған қоймалар жойылды.
1996 жылы тамыз айының соңғы күндері Ақмола облысы, Державинск ауданының «Львовский» совхозында орналасқан ядролық шахтаны жарғанда, аспанда қап-қара бұлт пайда болып, бірнеше күннен кейін Державинск тұрғындарының көбісінің шашы түсіп қалған және өздерін өте ауыр сезінген. Көп ұзамай, жауған жаңбыр астында болған бірнеше баланың шашы түгел сыпырылып, таз күйінде аудандық ауруханаға түскен. Екі бала бауыр ауруынан өлген.
Жалпы, еліміздегі ракеташылар қаласындағы ахуал, шын мәнінде, қандай күйде еді? Міне, мынау Қазақстандағы ракеташылардың әскери қалашығында ұзақ жылдар бойы балалар дәрігері болып істеген Л.С. Мартынецтің Ресей Ғылым академиясы жанындағы Әлеуметтану институтына берген мәліметінен: «Мен 1974 жылдан бері ракеташылар тұратын әскери қалашықтарда еңбек етіп келемін. Осы дәрігерлік ұзақ мерзім ішінде мынадай шешімге келдім: ракеташылардың балалары арасында ауру-сырқау өте жоғары деңгейде, олардың ішінде толықтай бірде-бір сау бала жоқ. Қазақстанның Торғай облысы, Державинск қаласындағы балалардың арасында қаназдық, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы сияқты аурулар асқынып тұр. Ракеташылардың әйелдері көбіне-көп екінші баласын туа алмайды. Жаңғызтөбеде сәбилер бас сүйегінің жарығымен туылады. Әйелдер арасында мерзімінен бұрын босану, түсік тастау, бірінші баладан кейін құрсақ көтермеу өте көп. Сарапшылар мұны құрамында адам денсаулығына өте қауіпті гептил бар ракеталық отынның қалдығынан көреді. Ракеташылар қалашығындағы балалар мен әйелдер арасындағы ауруды 40 жыл бойы азаматтық және әскери медицина жасырып келе жатыр. Бұл мәселе әлі күнге әскери құпия болып қалуда. Мәселен, Державинск қаласы Семей полигонынан, Қарағанды, Өскемен металлургия комбинатынан, Байқоңырдан қашықта, олармен салыстырғанда, экологиялық жағынан әлдеқайда таза жерде орналасқан. Мұндағы 1200 пәтерлік 34 көпқабатты үй, алты сауна, үш мәдениет үйі, жабық футбол алаңы, спорт залдар, бассейн - бәрі олимпиадалық деңгейде салынған. Ракеташылар арнайы рационмен - қымыз, түрлі витаминге бай жеміс-жидектің неше түрімен қамтамасыз етілген. Дәл осындай жағдаймен басқа жерде ракеташылардың әйелдері кілең батырлар туған болар еді. Ал мұнда басында шашы жоқ, әлсіз, ауру балалар тууда. Әйелдер арасында онкологиялық аурулар көп».
ӘЛІБЕКОВ АШҚАН ШЫНДЫҚ
50-жылдары АҚШ-тың бактерологиялық қару қолдануынан қорқып, одан сақтану үшін Кеңес Одағының барлық халқы жұқпалы ішек аурулары мен ботулизмге қарсы егілгенін көне көздер жақсы біледі. Ал КСРО-дағы бактерологиялық қаруды сынау жұмыстары Возрождение аралында жүргізілгені белгілі.
1992 жылға дейін АҚШ КСРО-ның Орта Азияда ірі көлемде антракс жасап келгенін білмеген-ді. 1992 жылы кеңестік биологиялық қару өндірісі жетекшілерінің бірі, аталған салада әлемдік деңгейдегі оқымысты саналатын микробиолог, полковник шенді Қанатжан Әлібеков АҚШ-қа қашып кетті (Оның қашуына батыстық арнайы қызмет орындары ықпал еткен делінеді). Ол ЦРУ қызметкерлеріне КСРО-ның гүлденіп тұрған кезінде биологиялық қару сақталған орында сібір жарасының ауаға таралуынан 1979 жылдың сәуір айында Свердловскіде 66 адам (тек қана ресми мәлімет бойынша) өлгенін, биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық декларацияға қол қойса да, осы қару өндірісі жалғасып жатқанын айтып, барлық құпияны қопара ашып берді. Кеңес Одағы адамзатты жаппай қырып- жоятын вирус пен бактерия өндірісін екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен қолға алған көрінеді. КСРО-ға тарыдай шашылған жүзден аса жасырын объектілерде биологиялық қару жасауға 60 мың маман тартылыпты. Қанатжан Әлібековтiң айтуынша, КСРО-да жыл сайын, мәселен, 4500 тонна аса қауіпті антракс өндіруге мүмкіндік болған. Қазақстандағы Степногорск қаласындағы зауыт жарты тонна антраксті бір тәулікте-ақ өндірген. Бүгінде Қанатжан Әлібеков (Кен Әлібек) АҚШ азаматтығын алған, сонда университет профессоры және АҚШ-тың биоқорғаныс жөніндегі ұлттық орталығында жұмыс істейді. Өзінің ата мекені - Қазақстанға келіп тұрады. Қанатжанның айтуынша, ол өзі - базбіреулер ойлағандай сатқын емес, қайта шындықты бірінші болып ашып, миллиондаған адамды биологиялық қарудың апатынан сақтап қалған адам. Білетіндердің айтуынша, ядролық қаруға қарағанда, биологиялық қарудың әкелер апаты - алапат сұмдық. Сарапшылардың есептеуінше, егер биологиялық қарумен террорлық шабуыл жасалса, АҚШ одан қорғану үшін апта сайын 177 миллиард доллар жоғалтады екен.
20450>40000>100>
Достарыңызбен бөлісу: |